«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 97-беті
уақытына негізделген аптада анықталады, яғни 30 сағат (тәулігіне 6 сағат 5 күндік
жұмыс аптасында).
13.3.6. Практиканы өту мерзімі мен ұзақтығы БББ жұмыс оқу жоспары мен
академиялық күнтізбе бойынша анықталады.
Магистранттардың практика
мерзімдері магистранттың жеке жоспарында көрсетілуі тиіс.
13.3.7. Магистранттың пракатикасын жоспарлау және ұйымдастыру БББ мен
зерттеу тақырыбы негізінде жүзеге асырылады.
13.3.8. Практика келесі негіздерге сәйкес жоспарланады:
-
БББ жұмыс оқу жоспары және академиялық күнтізбеге;
-
жұмыс бағдарламаларына;
13.3.9. Кафедралар практиканың мерзімі және практикаға бекітілген
жетекшілері көрсетілген кестесі кафедра мәжілісінде талқыланады және факультет
деканымен келісіліп, ЖОО кейінгі білім беру бөлімі (бұдан әрі – ЖООКББ)
тапсырылады.
13.3.10. Практика кестесі магистранттарға міндетті түрде хабарланады.
13.2.11. Магистратурадағы педагогикалық практика үшінші
семестрде
жоспарланады және БББ жұмыс оқу жоспарына сәйкес оқу процесінен қол үзіп
өткізіледі.
13.3.12. Зерттеу практикасы академиялық күнтізбеге сәйкес магистратурада
екінші жылдаң төртінші семестрінде 1 рет жүргізіледі.
13.3.13. Магистранттың практикасын дайындау тиісті кафедрамен келесі ретпен
жүзеге асырылады:
-
жұмыс бағдарлама мен практиканы өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
кафедралармен практиканың әрбір түріне бөлек немесе нақты БББ үшін
біріктірілген болып әзірленеді (Жұмыс бағдарлама мен практиканы өткізуге
арналған
әдістемелік
нұсқау
дайындаудың
талаптары
«Магистранттың
педагогикалық және зерттеу практикасының әдістемелік нұсқауы және жұмыс
бағдарламасын әзірлеу» жұмыс нұсқауында айқындалған).
-
педагогикалық практика барысындағы
магистранттың жеке жұмыс
жоспарымен (1-қосымша);
-
педагогикалық практиканың күнделігімен (2-қосымша);
-
зерттеу практикасының күнделігімен (3-қосымша);
-
практика жетекшілерін тағайындау;
-
білім беру ұйымдармен, зерттеу оратлықтармен, кәсіпорындармен
келісімшарттар жасасу;
-
магистранттар тобына ұсыныс жасау.
13.3.14. Практиканың барлық түрлері бойынша практиканы ұйымдастыру,
өткізу және қажетті құжаттармен қамтамасыздандыру
шығарушы кафедраға
жүктеледі.
13.3.15. Ппрактиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық қызметі
мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына
«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 98-беті
сәйкес келетін, практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары
және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
13.3.15. Кафедра білім беру ұйымдармен,
кәсіпорындармен, және
мекемелермен базалық шарттар жасауға бастамашылық жасайды. Олардың негізінде
практика өткізуге жеке шарттар жасалады.
13.3.16. Практика базаларымен шарттар практика басталғанға дейін 1 ай бұрын
жасалады.
13.3.17. Магистранттардың практиканы өткізуге арналған базалық шарттың бір
данасын кафедра практика басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей ЖОО кейінгі
білім беру бөліміне береді.
13.3.18. Тиісті кафедралардың практика жетекшілері шарт жасасу практика
базаларына талдау және бағалау жүргізеді:
-
практиканттар үшін қауіпсіз жағдайлардың болуы;
-
кәсіпорынның білім беру бағдарламаларының бейініне және қазіргі талаптарға
сәйкестігі.
13.3.19. Практика басталғанға дейін жетекші магистранттарға практика
құжаттамасының талаптарымен,
есеп беруді, практика кезіндегі ережелермен
таныстырады.
13.3.20. Магистранттар қамтамасыз етіледі:
-
педагогикалық практика барысындағы магистранттың жеке жұмыс
жоспарымен (1-қосымша);
-
педагогикалық практика күнделігімен (2-қосымша);
-
зерттеу практикасы күнделігімен (3-қосымша);
13.3.21. Қажет болған жағдайларда практика жетекшілері практикаға
жіберілетін магистранттарға медициналық тексеруді ұйымдастырады.
13.3.22. Практиканы барлық кезеңдерде ұйымдастыру магистранттардың кәсіби
деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес меңгерудің сабақтастығы мен дәйектілігін
қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
13.3.23. Магистрант практиканың барлық түрлеріне ректордың бұйрығымен,
өтетін мерзімін, практика базасы мен жетекшісі көрсетіліп бекітіледі.
13.3.24. Магистранттарды практикаға жіберу
туралы бұйрықты практика
басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ЖОО кейінгі білім бөлімі
шығарады.
13.3.25. Университет магистранттары практиканың әрбір түрі бойынша сәйкес
кафедраға есеп тапсырады. Есепті магистрант кафедрада қорғайды. Есеп беру
құжаттамалары шығарушы кафедрада сақталады (4,5-қосымшалар).
13.3.26. Практикалардың қорытынды есебін жетекші ЖОО кейінгі білім беру
бөлімі тапсырады (6,7-қосымшалар).
13.3.27. Есепті қорғау нәтижелері балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне
сәйкес бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: