«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 83-беті
12.1.8. Жоғары оқу орындарының білім алушылары кәсіптік практиканың әр
түрінің қорытындылары бойынша және практика кезінде жасалынған жұмыстар
туралы есеп онлайн форматта беріледі.
12.1.9 Практиканың барлық түрлері бойынша практиканы ұйымдастыру, өткізу
және қажетті құжаттармен қамтамасыздандыру шығарушы кафедраға жүктеледі.
12.1.10 Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде
жарғылық қызметі мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру
бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшілік етуді
жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар
ұйымдар айқындалады.
12.1.11 Кәсіптік практиканың базасы ретінде айқындалған ұйыммен ҚР БҒМ
2016 ж. 28 қаңтардағы №93 бұйрығына сәйкес білім алушылардың кәсіптік
практикасын өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде құрастырылған
кәсіптік практиканы өткізу туралы шарт жасалады.
12.1.12 Жоғары оқу орындары білім алушылардың кәсіптік практика
базаларымен шарт практика басталғанға бір ай бұрын кеш емес мерзімде жасалады.
12.1.13 Шартта оқу орнының, кәсіптік практиканың базасы болып табылатын
кәсіпорнының (мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен
жауапкершілігі айқындалады.
12.1.14 Кәсіптік практиканы өткізу үшін оқу орны практика базасымен
келісілген бағдарламаны, күнтізбелік кестелерді, кәсіптік практиканы өтудің оқу-
тәрбиелік процесінің кестесін бекітеді.
12.1.15.
Кәсіптік практиканы өтуге жолдау кезінде білім алушыға кәсіптік
практиканың күнделігі мен жолдама беріледі.
12.1.16 Кәсіптік практиканың әр түрі бойынша білім алушыларға оқу орнынан
және практика базасынан – кәсіпорнынан (мекемеден, ұйымнан) жетекшілер
тағайындалады. Қажет болған жағдайда консультанттар тағайындалады.
12.1.17 Жетекшілердің қызметтерін, міндеттері мен жауапкершілігін оқу орны
және практика базасы – кәсіпорын (мекеме, ұйым) келісім бойынша дербес
айқындайды.
12.1.18 Өндірістік қажеттілік болған жағдайда білім алушы-практиканттар
белгілі бір лауазымға оларға еңбек ақысын төлей отырып, уақытша жұмысқа
қабылданады.
12.1.19 Кәсіптік практиканың базасы болып табылатын ұйым кәсіптік
практиканың бағдарламасына сәйкес оны өту үшін білім алушыларға орын береді
және білім алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді.
12.1.20 Практика базасы – ұйым білім алушылармен кәсіптік практиканы өту
кезінде болатын қайғылы оқиғаларға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес толық жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: