Бөж тақырыбы: Волейболшының ойындағы тұрысы және қозалысын үйрету



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
Дата29.04.2022
өлшемі0,53 Mb.
#38388
ФЗ ВОЛЕЙБОЛ



  ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАТЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

БӨЖ 

Тақырыбы: Волейболшының ойындағы тұрысы және 

 қозалысын үйрету

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Орындаған: 

Ақылбек Дана 

                                                            Тобы: ШТ-01 

 

 

 

 

 


 

   Волейбол  –  командалық  ойын,  әр  ойыншы  өзінің  қарсыласының  іс-

әрекетіне байланысты қозғалыс қимылдарын жасайды. Волейбол тарауы 

бойынша  оқушылардың  теориялық  ақпараттар  алуына,  тактиканың 

және  техниканың  негізгі  әдістері  мен  тәсілдерін  үйренуіне,  өздерінің 

мүмкіншілігіне  сәйкес  жаттығуына,  екі  жақты  ойын  кезінде  үйренген 

дағдыларын  жетілдіруіне  мүмкіншілігі  бар.  дене  тәрбиесінде  волейбол 

ойынының  кең  көлемде  таралуы  оның  әр  түрлі  жаттығуларға 

ыңғайлылығымен, жастардың демалыстарын дұрыс ұйымдастыруымен, 

денсаулықты  және  дене  тәрбиесін  жетілдірудегі  жан-жақтылығымен, 

ойын  ережесінің  қарапайымдылығымен,  керекті  құралдардың  және 

алаңның 


күрделі 

еместігімен 

түсіндіріледі. 

Ойын 


жағдайы 

жаттығушыларды  жалпы  мақсатқа  жету  үшін  өзінің  ойын  кезіндегі  іс-

қимылын  ұжымының  мақсатына  бағындыруға,  жағдайға  байланысты 

өзінің  бар  мүмкіншілігімен  әрекет  етуге,  спорттық  сайыс  кезінде 

қиындықты  жеңе  білуге,  ойын  барысындағы  шиеленіскен  жағдайда 

дұрыс  шешім  қабылдауға  тәрбиелейді.  Бұлар  оқушылардың  ұжымдық 

сезімін; тез зейін қоюы мен шапшаң ойлауын, шешім қабылдағыштығын 

және өзінше қимылдар жасай білу дағдысын қалыптастырады.

 

   Волейбол арасы тормен бөлінген арнайы алаңда екі команда бәсекеге 



түсетін  спорттық  ойын  болып  табылады.  Ойынның  мақсаты  – 

қарсыластың алаңына доп түсетіндей етіп оны тордың үстімен бағыттау 

және  қарсыласының  осындай  әрекетін  болдырмау.  Бұл  үшін  команда 

допқа үш рет қол тигізуге құқылы (және тосқауыл кезінде тағы бір рет 

қол тигізуге құқылы).

 

   Ойын  допты  қосумен  басталады.  Допты  ойынға  қосушы  соғу  арқылы 



допты қарсы жаққа бағыттайды. Ойынның әрбір сәті доп сыртқа шығып 

кеткенше  немесе  команда  қате  жібергенше  ойналады.Команда  ойынға 

қосылған допты қарсыласының алаңына соқса, ол ұпайға ие болады және 

оның ойыншылары сағат тілі бойынша бір орынға ауысады.

 

   Волейбол  ойыны  тегіс  әрі  қатқылдау  алаңда  өткізіледі.  Залда 



дайындалу (ойнау) барысында артық құралдардың барлығы (орындық, 

т.б.)  алаңнан  3  м-ден  кем  болмауы  және  жеткілікті  жарық  болуы 

керек.Ойын алаңының өлшемі 18х9 м тік төртбұрышты құрайды. Барлық 

сызықтардың  ені  –  5  м.  Ортадағы  сызық  ойын  алаңын  әрқайсысының 




өлшемі  9х9  м  болатын  екі  тең  алаңға  бөледі.  Бұл  сызық  тордың  асты 

арқылы  бір  бүйірден  екінші  бүйірге  жүргізілген.Әрбір  алаңда  алдыңғы 

аймақ  (зона)  ортадағы  сызықпен,  шабуылдау  сызығымен  шектелген. 

Шабуылдау  сызығы  ортадағы  сызық  белдеуінен  3  м  қашықтықта 

жүргізіледі.Допты  ойынға  қостаын  аймақ  –  бұл  жақтау  сызығының 

артындағы ені 9 м-лік аймақ. Ол бүйірдегі ұзындығы 15 см-лік екі қысқа 

сызықпен  шектеледі,  олардың  әрқайсысы  жақтау  сызықтан  20  см 

қашықтықта  жүогізіледі.  Екі  қысқа  сызық  та  допты  ойынға  қосу 

аймағына енгізілген. Ойынға қосу аймағы еркін аймақтың соңына дейін 

(3  м)  созылады.Тор  бекітілетін  бағандар  бүйірдегі  сызықтан  0,5  –  1  м 

қашықтыққа орнатылады.Доп илеген жұмсақ теріден жасалған, дөңгелек 

болуы  тиіс.  Оның  бояуы  бір  түрден  боялған  және  ашық  болуы  керек. 

Көлемі – 65 – 67 см, массасы – 260 280 г.Командада ең көп болғанда 12 

ойыншы болады.

 

   Волейбол  ойнаушыларға  мынадай  гигиеналық  талаптар  қойылады: 



тырнағы  өспеген  болуы,  сондай-ақ  сақина,  сырғаларын  шешуі  керек. 

Ойыншының қажетті киімі болуы қажет. Волейболмен жаттығу, үйрену 

жекелей,  топтық  немесе  командалық  түрде  ұйымдастырылады.  Жеке 

жаттығу, көбінесе волейболмен алғаш рет дайындалуды бастағанда, яғни 

жекелеген техникалық әдістерді үйренуде қолданылады.

 

   Топпен  және  командамен  ойнауға  мүмкіндік  беруі  –  волейбол 



ойынының  кең  көлемде  тарауына  әсер  етіп  отыр.  Волейбол  – 

командалық,  ұжымдық  ойын, сол себепті  жаттығушылардың ұжымдық 

қарым-қатынастарын тәрбиелеп қалыптастыруда үлкен маңызға ие.

 

   Ойын  техникасы  шабуыл  техникасы  (орын  ауыстыру,  допты  ойынға 



қосу,  беру,  шабуыл  соққысы)  мен  қорғаныс  техникасына  (орын 

ауыстыру,  допты  қабылдау,  тосқауыл)  бөлінеді.Орын  ауыстыру.  Ойын 

барысында әр түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді орындау үшін – ойыншы 

алаңда  орын  ауыстырулар  жасайды.  Мұндай  орын  ауыстырулар 

қорғанысқа  және  шабуылға  байланысты  техникалық-тактикалық 

әдістер  жасағанда,  өз  орнын  табу  және  шешім  қабылдау  үшін 

қолданылады. 

Техникалық-тактикалық 

мақсаттағы 

орын 


ауыстыруларды үйреніп, жетілдіруге қажет болатын жаттығулар:

 



 

бір орында жүгіруден қашықтыққа жүгіруге ауысу; 

 

тізені көтеріп жүгіру; 




 

жүгірісті секірумен алмастыру; 



 

оң жақ және сол жақ бүйірге қарай жүгіру; 



 

арнайы белгіге дейін жай жүгіруді шапшаң жүгіруге алмастыру; 



 

допты еденге домалатып жіберіп, қуып жетіп тебу; 



 

орын ауыстырудан кейін кез келген бағытқа секіру; 



 

кез келген техникалық әдісті қайталау. 



Қарсыласымен орындалатын жаттығулар:

 



 

қашқан серігін қуып жетіп, оған қолды тигізу; 

 

допты алаңның ортасына қойып, әріптестер алаңның шетінде допқа 



арқасын  беріп  отырады,  ысқырық  бойынша  екеуі  де  допқа  қарай 

жүгіреді, допты әрқайсысы өзі иеленуге тырысады. 

Әріптеспен жаттығулар:

 



 

екі  ойыншы  екі  жақтағы  бірыңғай  сызықта  тұрып,  бір-біріне  допты 

тордан жоғары көтеріп береді; 

 



әр ойыншы шабуыл сызығында тұрады, допты беру үшін торға дейін 

жүгіріп келіп, қайтадан өз орындарына кетеді. 

   Допты  төменнен  тіке  ойынға  қосу.  Допты  ойынға  қосу  торға  қарап 

тұрғанда  орындалады.  Шынтақ  буынынан  бүгілген  бір  қолмен  белдің 

деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай 

созылады.  Саусақтар  шамалы  ғана  алақанға  қарай  бүгіледі.  Ойыншы 

допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру 

арқылы ойынға қосады.Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта 

тұрған  аяғын  жазып,  алда  тұрған  аяғына  дененің  салмағын  түсіреді. 

Допты  ойынға  қосқаннан  кейінгі  ойыншының  қалпы  доптың  соңынан 

ұмтылғандай  ыңғайда  болады.Допты  берудің  кең  тараған  түрі  –  екі 

қолмен  жоғарыдан  беру.  Мұның  артықшылығы  –  дәл  және  тура 

берілуінде.  Мұндай  берілуді  орындау  барысынды  ойыншының  аяғы 

тізеден  сәл  бүгіліп,  қолы  алға  қарай  шығып,  беттің  аядында  болады, 

үлкен  саусақ  көздің  деңгейінде  болады.  Ойыншы  допты  беруді 

орындаудан  бұрын  бастапқы  қалыпты  қабылдайды  және  допты  қарсы 

алу үшін қажетті жағдайда орын ауыстырады.

 

Екі қолмен допты жоғарыдан беру үшін жасалатын жаттығулар:



 

 



допты жаттығушы екі қолмен төменнен жоғары лақтыру немесе бір 

жақ бүйірге жоғары, орын ауыстыру арқылы төмен түсіп келе жатқан 

допқа жақындап барып, допты жоғарыдан беруді орындайды; 



 

қабырғаға жақын тұрып, қабырғаға бағыттап бұрып, 3 – 4 м-ден допты 



жоғары беруді орындайды. 

Әріптесімен жасалатын жаттығулар:

 



 



ойыншы  бастапқы  қалыпта  тұрады,  серігі  допты  оның  қолына 

лақтырады, ол серігіне жоғарыдан екі қолмен беру әдісін орындайды; 

 

бір-біріне допты қайталап беру; 



 

екі  ойыншы  да  волейбол  торының  жанында  тұрады,  біреуі  допты 



береді,  екіншісі  допты  жоғарыдан  екі  қолмен  торға  түсіруге 

тырысады. 

Төменнен қабылдау:

 



 

жаттығушы  әр  түрлі  жағдайдан  допты  жоғары  лақтырады, 

ойыншының бастапқы қалыбымен допты төменнен қабылдайды; 

 



осылай,  бірақ  ойыншы  допты  жоғары-алға,  жоғары-жанына 

лақтырады,  ойыншы  допқа  жүгіріп  шығып,  допты  төменнен 

қабылдап, қайта береді; 

 



ойыншы  допты  еденге  соғады,  доп  еденнен  шоршығаннан  кейін, 

жүгіріп  жетіп,  төменнен  беруді  орындайды.  Әріптесімен  төменнен 

беруде  орындалатын  жаттығулар  жоғарыдан  тура  берудегі 

жаттығулар сияқты орындалады, тек төменнен орындалады. 

    Қарсыластың  ойынға  қосқан  не  шабуылдатып  немесе  алдайтын 

соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл 

жағдайда  допты  қабылдаудан  көп  қате  кетпейді.  Қол  алда,  алақандар 

біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін, оны еркін 

ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін допты қабылдау кезінде екі шынтақты 

жақындатады, қолдарының қарын көтеріп, бұрады.Допты жұдырықпен 

қабылдағанда,  доп  дәл  тимей,  шоршып,  доп  алаңның  сыртына  кетуі 

мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған 

рұқсат  етпейді.  Оған  себеп,  доп  алақанда  көбірек  кідіріп  қалуы 

мүмкін.Допты  қабылдауды  көбіне  орын  ауыстырғаннан  кейін,  әсіресе 

қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

 

Волейбол ойынының техникалық элементтері:



 

1.

 



Бастапқы қалып (ойыншының тұрғысы); 

2.

 



Допты ойынға қосу; 

3.

 



Допты командалас серігіне беру; 

4.

 



Шабуылдау соққылары; 


5.

 

Тосқауыл қою; әр түрлі секіру түрлері, допқа қарай ұмтылу, құлау. 



І. Волейболшының тұрысы.

 

   



Жаңа  ойнай  бастаған  оқушы-волейболшылар  үшін  дұрыс  тұрудың 

(бастапқы  қалыптың)  маңызы  зор.  Бастапқы  қалыптың  көптеген  түрі 

бар.  Дегенмен,  ең  тиімдісі  «орташа  тұрыс»  болып  табылады.  Тұрыс 

немесе тұру – ол ойыншыға кез-келген ойын әдісін орындауға мүмкіндік 

беретін бастапқы қалып.

 

ІІ. Орын ауыстыру.



 

   Жаңа ойын барысында ойыншы алаң ішінде орын ауыстырып жүруіне 

тура келеді.

 

Орын ауыстыруға мынадай қимылдар енеді:



 

1.

 



Қадамдар  жасау  –  тік  тұрған  ойыншы  әртүрлі  бағытта  ілеспелі 

(қосалқы) қадамдар жасайды, алға, артқа, оңға, солға, аттау және екі 

қадам жасау; 

2.

 



Секіріп  қалу  (секектету)  –  бұл  екі  қадам  жасау,  қимылдың  соңына 

қарай алаң ішінде белгілі бір бағытта тез жүгіріп орын ауыстыру; 

3.

 

Жүгіру  –  басқа  қалыпқа  көшу  үшін,  яғни  ойын  тәсілін  орында 



мақсатымен  алаң  ішінде  белгілі  бір  бағытта  тез  жүгіріп  орын 

ауыстыру; 

4.

 

Құлау – ойыншы өз қимыл-әрекетін өрістетуге, дәлірек айтқанда, өте 



қиын  сәтте  допқа  тез  жақындауға  көмектесетін  тәсіл:  құлау  доппен 

тікелей кездескеннен кейін ғана жүзеге асады, осыдан кейін ойыншы 

жаңа бастапқы қалыпқа келеді; 

5.

 



Секіру – қатты секіруден соң орындалатын ерекше қимыл. 

ІІІ. Допты ойынға қосу.

 

1.

 



Допты төменнен тура беру арқылы ойынға қосу. 

2.

 



Допты төменнен бір жақ жанына ойынға қосу. 

3.

 



Допты жоғарыдан тура беру арқылы ойынға қосу. 

4.

 



Допты жоғарыдан бір жақ жанына ойынға қосу. 

5.

 



Допты айналып ұшатын және айналмай ұшатын етіп ойынға қосу. 

IV. Допты беру әдістері.

 

1.

 



Тікелей шабуылдау соққысы – үш қадам жасап барып орындалады, бұл 

кезде  ойыншы  доппен  секірудің  барлық  үш  кезеңінде  де,  мысалы: 

ойыншы  денесінің  ұша  бастау  сәтінде,  ұшудың  жоғары  нүктесінде 

және оның төмен түсу сәтінде кездесе алады. 




2.

 

бір жақ бүйірден шабуылдау соққысы оны орындаудың техникасы өте 



күрделі және ол ерекше шеберлікті талап етеді. 

V. Тосқауыл қою.

 

   Тосқауыл  қою  –  қарсыластың  шабуылдау  соққысынан  соң  доптың 



ұшына кедергі жасау мақсатымен тордың үстіңгі деңгейіне қолды қарсы 

тосу.  Бұл  қорғаныс  әрекеті  кей  жағдайда  қарсы  шабуыл  жасау  тәсілі 

болып  табылады.  Тосқауыл  жасауды  бір,  екі,  кейде  үш  ойыншы  бірігіп 

жүзеге асыра береді.



 

 

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау