М. Е. Лобашев к. В. Ватти



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет31/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   275
Lobashev

4. ҰРЫҚТАНУ 
Үрықтанудың мәні. 
Аталық және аналық жыныс клеткаларының ядролары қосылу 
(кариогамия) 
арқылы  жұмыртқаның  дамып  жетілуіне  жағдай  тууын  ұрықтану  деп 
атайды. Ұрықтану — кері жүрмейтін бір беткей процесс: Бір рет ұрықтанған жұмыртқа 
клеткасы  қайтадан  ұрықтанбайды. 
Сингамия 
(аталық  және  аналық  жыныс 
клеткаларының қосылып бірігуі) мен кариогамия ұрықтанудың негізгі мәнін білдіреді. 
Жануарлардағы  ұрықтану. 
Жануарларда  болатын  ұрықтану  процесін  бірнеше 
фазаға  бөлуге  болады.  Жұмыртқа  клекасының  кез  келген  бір  нүктесіне 
сперматозоидтың  бекінуі  немесе  микропиле  арқылы  оған  енуі  —  бірінші  фазаның 
басталуы.  Сперматозоид  басының  жұмыртқа  клеткамен  түйісуі  химиялық 
реакциялар  тізбегінің  бастамасы  болып  табылады.  Бүл  фазаны  жұмыртқаның 
активтену фазасы деп атайды. 
Жұмыртқа  клеткасына  бір  сперматозоид  (моноспермия),  ал  кейбір 
жануарларда бірнеше сперматозоидтар (полиспермия) енгеннен кейін үрықтану  
процесінің  екінші  фазасы-басталады.  Жүмыртқа  клеткасының  ішіне  енген 
сперматозоид  аналық  ядромен  қосылып  бірігуге  «дайындалады»,  ол  митоз  бойынша 
жүреді: сперматозоид ядросы біртіндеп ісінеді де интерфаза кезіндегі ядроға ұқсайды. 
Мұндай  ядро 
аталық  про~  нуклеус 
деп  аталады.  Сперматозоид  ядросымен  қосылып 
бірігуге  дайын  болған  (мейоздың  барлық  фазасынан  өткен)  жұмыртқа  клеткасының 
ядросын 
аналық пронуклеус 
деп атайды. 
Сперматозоидтың жүмыртқамен түйісу және оның ядросына енуі кезінде әр түрлі 
жануарларда  жұмыртқа  бөліне  отырып  жетілудің  әр  түрлі  бөліну  стадиясында  болуы 
мүмкін. Мейоз аяқталғаннан кейін ғана, яғни аналық пронуклеус түзілгеннен кейін ғана 
кариогамия іске асады. 
Үрықтану  актісінде  гаплоидты  екі  пронуклеус  бір  ядро  болып бірігеді де, зигота 
түзеді. Осы мезгіл жыиысты көбею процесінін кульминациялық шегі болып табылады. 


Алдыңғы үр-пақтағы мейозда ажырап кеткен гомологиялық хромосомалар кариогамия 
нәтижесінде  зиготаның  бір  ядросына  қайтадан  бірігеді.  Жыныстық  көбеюде 
хромосомалардың диплоидты жиынтығы осылай калпына келеді. 
Өсімдіктердегі 
ұрықтану. 
Өсімдіктердегі 
үрықтаиу 
процесі 
негізінен 
жануарлардағыларға ұқсас, дегенмен бірқатар ерекшеліктері де бар. 
Бұрын  айтылғандай,  ёкі  спермия  түзілумен  микрогаметогенез  аяқталады,  ол  екі 
спермия  нетозаң  дәнінде,  немесе  тозаң  түтігінде  тозаң  дәиінің  өсуі  кезінде 
қалыптасады.  Тозаң  түтігі  өсіп,  ұрық  қалтасыыың  микропилесіне  дейін  жетеді  де 
жұмыртқа аппаратымен — жұмыртқа клеткасымен  және синергидтер- 
 
19-сурет. Өсімдіктегі қос қабат ұрықтану схемасы: 
1
—  тозяң  түтігінің  ұрың  ңапшығына  енуі; 
2
—■  тозаң  түтігіндегі  заттың 
ұрықтапшыныға  құйылуы; 
3
—  ұрықтанғаннан  кейінгі  ұрынапшығы  мен  түйіседі  (19-
сурет, 
1). 
Тозаң түтігінің ұшы синергидтермен түйіскеннен кейін  
тозаң  түтігі  жарылады  да  синергидтер  бүлініп  ыдырап  кетеді.  Тозаң  түтігімен 
жүріп,  жылжып  келе  жатқан  генеративті  екі  ядро  —  спермиялар  —  түтік  өсе  түсіп, 
жарылғаннан кейін, оның барлық заттарымен бірге ұрық қалтасының ішіне құйылады 
(19-сурет, 
2). 
Ұрық қалтасына енген екі  спермияның  біреуі  жұмыртқа  клеткасының 
гаплоидты ядросымен қосылып бірігеді (19-сурет, 
3). 
Спермия ядросының жұмыртқа 
клеткасы ядросымен қосылып бірігуі өсімдіктердегі нағыз ұрықтану болып табылады. 
Ұрықтанған  жұмыртқа  клеткасында  —  зиготада  —  хромосомалардың  диплоидты 
жиынтығы қалпыыа келеді. Зиготадан түқым ұрығы өсіп-жетіледі. 
Өсімдіктерде  де,  жануарларда  да  спермиялар  ұрық  қалтасына  кірер  алдында 
аналық ядро әр түрлі стадияда болуы мүмкін, ал кариогамия мейоз аяқталғаннан кейін 
ғана орындалатынын атап өту қажет. 
Жабық  түқымды  өсімдіктер  тұқымында  ұрықтан  өзге,  эмбриональдық  қосымша 
орган  — 
эндосперм 
өсіпжетіледі,  ол  үрықтың  азық  қоры  болып  табылады. 


Эндоспермнің  дами  бастауы  екінші  рет  ұрықтанудан  басталады.  Тозаң  түтігіндегі 
екінші  спермия  ұрық  қалтасына  түскен  соң,  ұрық  қалтасындағы  орталық  клетканың 
диплоидты  ядросымен  қосылып  бірігеді.  Бүл  кезде  хромосомалар  саны  үш  есе  көп 
клетка  түзіледі:  оның  құрамында  аналық  организм  хромосомаларының  екі  есе 
жиынтығы және аталық организм хромосомаларының бір есе жиынтығы болады (19-
сурет, 
3). 
Бір спермияның жүмыртқа клетка-сымен, екінші спермияның орталық клетка 
ядросының  құйылып  қосылуын 
қосарынан  ұрықтану 
деп  атайды.  Қосарынан 
ұрықтануды 1898 жылы біздің отандасымыз С. Г. Навашин ашты. 
Жануарлар  мен  өсімдіктердегі  ұрықтану  процесінін,  жалпы

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау