1 Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты негізгі терминдер мен
анықтамалар
:
қоршаған орта
- табиғи нысандардың, оның ішінде өзара қарым-
қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын,
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи
ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;
қоршаған ортаны қорғау
- табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-
қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды
үтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык
шаралардың жүйесі;
қоршаған ортаны қорғау нысандары
- қоршаған ортаның заңдармен
корғалатын құрамдас бөліктері;
табиғи ресурстар
- қоғамның материалдық, мәдени және басқа
қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет
процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
табиғатты пайдалану
- адамның шаруашылық және өзге де қызметінде
табиғи ресурстарды пайдалануы;
қоршаған ортаның сапасы -
қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің
сипаттамасы;
қоршаған ортаның мониторингісі
- қоршаған табиғи ортаның жағдайын
бақылау және адамдардың денсаулығы мен басқа да тірі ағзаларға зиянды әсер
ететін немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;
қоршаған ортаның сапасын нормалау
- адамның өмір сүруі үшін
қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан
түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын
қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;
қоршаған ортаны ластау
- қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык
және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен
тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, дірілдің,
магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық факторлардың әсері;
экологиялық талаптар
- Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де
заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық
актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және
өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым
салу;
экологиялық қауіпсіздік
- қоршаған ортаға антропогендік және табиғи
ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден жеке адамның, қоғамның өмірлік
маңызды мүдделері мен құқықтарын қорғалуының жай - күйі;
экологиялың жүйе -
ағзалардың және олар мекендейтін ортаның өзара
байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.
|