Атмосфералық ластанулардың созылмалы арнайы әсері.
Адам
ағзасына айқын арнайы әсері бар атмосфералық ауаның ластанулары
салыстырмалы түрде көп емес. Бірінші кезекте оларға фтор, асбест,
фосфорорганикалық қосылыстарды (ФОС), ақуыз-паприн, бериллий, марганец
және кейбір басқа да металдарды жатқызуға болады. Атмосфералық ауаға олар
көбінесе өзінің технологиялық процесінде осы заттар мен өнімдерді
шығаратын немесе қолданатын өнеркәсіп кәсіпорны шығарыстарымен түседі.
Шикізат ретінде, сонымен қатар өнеркәсіп қалдықтарын өндіру, тасымалдау
және жинақтау процесінде ондаған елді мекендерге таралатын ластану
аймақтары түзіледі. Созылмалы арнайы әсерлер кәсіптік іс-әрекетпен
байланысты емес, бірақ өнеркәсіп кәсіпорны немесе өндіріс орналасқан
ауданда тұратын тұрғындарда көрінеді. Елді мекен ластану ошағынан
неғұрлым алыс орналасса, қолайсыз әсерлерден болатын көрініс соғырлым аз
болады.
Атмосфералық ауаны арнайы әсері бар заттармен және өнімдермен
ластайтын кәсіопорын орналасқан аймақтағы емдеу-профилактикалық
мекемелер дәрігерлеріне диспансерлік байқау жүргізу үшін, тұрғындар
арасында сырқаттануды ертерек анықтау мен диагностикалау үшін білу керек:
• ведомстволық аймақтағы өнеркәсіп шығарыстарымен атмосфералық
ауаға қандай заттардың түсетінін (мемлекеттік-санитарлық бақылаудың
аймақтың орталықтарының мәліметтері бойынша);
•
қай өнеркәсіп кәсіпорнында қандай кәсіптік патологияның басым
болатынын;
•
ластағыштардың адамға арнайы әсерінің сипаты қандай және олардың
қандай кәсіорындармен байланысты екендігін. Мысалы, алюминий және
криолит зауытының шығарыстары әсер ететін аймақта флюороз дамиды;
титаномагнит комбинататында – бериллиоз, өкпе обыры; ақуыз-паприн
өндірісі бойынша кәсіпорында – аллергоздар, демікпе, асбестехникалық
өнімдер зауытында – асбестоз, өкпе обыры, мезотелиомы және т.б.
Тұрғындарда созылмалы арнайы сырқаттардың дамуының экологиялық
қатерінің
диагностикалық
маркері
ретінде
сәйкес
кәсіпорын
жұмысшыларының өндірістен болған патология көрсеткіштері қолданылуы
18
мүмкін екенін айтуға болады. Дәрігерлердің балаларға аса көңіл бөлу керек
екендігін талап етеді, өйткені балалар химиялық реагенттер әсеріне аса сезімтал
келеді. Балаларда сәйкес сырқаттар мен көріністер бәрінен бұрын қалыптасады
(тіс эмаліндегі дақтар, өкпедегі түйінді процесс, аллергоздар, созылмалы
пневмония және басқа)
Достарыңызбен бөлісу: |