Мектепте пунктуация синтаксистік негізде оқытылады. Пунктуациялық
ережелер мен синтаксистік материал арасында тікелей байланыс бар. Сөйлемнің
грамматикалық ерекшеліктері көбінесе пунктуациялық нормалар үшін негіз
болады. Сонымен бірге синтаксисті оқытудың кейбір мәселелерін
пунктуациялық ережелер арқылы шешуге тура келеді. Мысалы, шылаусыз
сөйлемнің құрамына кіретін бөліктердегі тыныс белгілердің қойылу
ерекшеліктері. Сонымен, қашанда сөйлем құрылымын талдаумен байланысты
пунктуациялық дағды қалыптастыру жұмыстары синтаксис материалдарын
терең меңгеріп, пысықтауға, оны түсінуге септігін тигізеді. Оның үстіне
пунктуациялық және грамматикалық ережелерді құру және онымен жүргізілетін
жұмыстар бір-бірімен байланысты атқарылады.
Ал, 8-сыныпта синтаксис туралы негізгі білім беріледі. Сондықтан
тыныс белгілер әрбір синтаксистік категориялармен байланысты оқытылу
міндеттелген, мысалы, «Бастауыш пен баяндауыштың арасында қойылатын
сызықша», «Сөйлемнің айқындауыш мүшелері, оның анықтауыштан
айырмашылығы. Айқындауыштың түрлері, қызметі, тыныс белгілері»,
«Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгілері», «Салалас құрмалас
сөйлемнің тыныс белгілері» т.б.
9-сыныпта тыныс белгілер арнаулы түрде оқытылады. Бұл сыныпта
тыныс белгілерді қоя білу икемділігі мен бірге мынадай білікті беру талап
етіледі:
«Біліктілігі, пунктуация бойынша:
- тыныс белгілердің стильдің түрлерінде атқаратын ролін білуі;
- тыныс белгілерін сөйлеу мақсатына
қарай орынды қолдана білуі;
- тыныс белгілердің қойылу себептерін ғылыми тұрғыдан түсіндіре
алуы тиіс [44,15].
Демек, бұл сыныпта тыныс белгілері тек жазу сауатын арттыру үшін
оқытылмай, қарым-қатынас, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында білім,
біліктілігін, дағдысын қалыптастыра оқыту талап етіледі. «9-сынып - негізгі
сатының қорытындылаушы сыныбы. Сондықтан мұнда 5-8-сыныптар
аралығында меңгерілген барлық білім, біліктіліктер сөз қолданысы аясында,
стиль түрлерімен және пунктуациямен сабақтастықта кеңейтіледі»,
«Төменгі сыныптарда жекелеген тақырыптарға қатысты айтылатын тыныс
белгілері жөніндегі мағлұматтар қайта топтастырылып, жүйеленіп берілген»,
- деп көрсетілген [44,5].
Тұжырымдағанда, пунктуациялық білім, білік, дағды беру қатысымдық
әрекет негізінде жүргізу талап етілген. Олай болса, оқушыларға, жазбаша
сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында, яғни жазбаша мәтін туралы
икемділік пен дағдыны қалыптастыру міндеттеледі. Сондықтан зерттеуіміз
мынадай жүйеде құрылды:
- тыныс белгілерін қою негіздері, сөйлемнің стилистикалық
ерекшеліктеріне
қарай белгілерін пайдалану;
- пунктуациялық ережелер, олардың жүйесі, оқулықтағы ережелерді
түсіндіру, талдау және қолдану. Грамматикалық деректерді анықтау тәсілдері:
63
- пунктуациялық жаттығулар, олардың ерекшеліктері, дидактикалық
материалдарды іріктеу, диктант жұмысы;
- пунктуациялық материалдарды игерту жолдары, пунктуациялық
қателер мен олардың себептері, пунктуациялық қателерді болдырмау мен
түзету
жұмыстары;
- өтілетін материалды жүйелеу
және жалпылау;
Пунктуация білім, білік пен дағдыларын қалыптастыра оқытуда оның негізгі
ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері, оқыту қалыптары мен тәжірибелік
жұмыстардың жүйесі белгіленбек.
Оқушылардың сауатты жазуға үйретуде тыныс белгілерінен алған
теориялық білімін жаттығу жұмыстарды орындату арқылы дағдыға
айналдыруға болады. Тыныс белгілерін дұрыс қойып жазуды үйрететін
жұмыс түрлері көп: пунктуациялық талдау; мұғалім оқыған сөйлемді
жазғанда қандай тыныс белгілерін қою керектігін оқушыларға айтқызу;
мұғалім оқып тұрғанда сөйлемнің мағынасы мен интонациясына қарай
оқушыларға белгілі бір сөзден кейін қоюға тиісті тыныс белгісін жазғызып
отыру, тыныс белгісін жатқа қою (жаттаған өлеңді немесе әңгімені тыныс
белгісін қойып жазғызу); жай сөйлемнен мүшелерін немесе құрмалас
сөйлемнен оның белгілі бір компонентін тапқызып, олардан соң қойылатын
тыныс белгісін айтқызу, тыныс белгісі қойылмай жазылған сөйлемдердің
тыныс белгілерін қойғызу белгілі бір ережеге сай мысалды ойдан үйрету;
тірек сөздерді ендіріп сөйлемдер құрау, тыныс белгісін қойғызу; сызба
бойынша сөйлем құрастыру; сурет бойынша сөйлемдер айту; диктант,
мазмұндама, шығарма жазу т.б. Жаттығу дағдыландыру жұмыстарының
қайсысының қай сабақта орындатылуы өтіліп отырған тыныс белгісіне және
сабақтың мақсатына байланысты.
Тыныс белгісін оқушыларға саналы меңгерту үшін өзіндік
Достарыңызбен бөлісу: