Бала айтады «Мен қайдан тудым?» дейді. Шешесі әкесін
айтпайды, «сол балама айтсам әкесін іздеп кетер» деп
айтпайды. Кемпір айтады «Е, балам, сен өзің жақсы баласың.
29
Мұнда сен неғып жүрсің ағаңды іздемей» (253-бет) Жігіт
айтты: «Елім де жоқ, әкем де жоқ, бауырымда жоқ, қайдан
келіп, қайдан тұрғанымды білмеймін» дейді. Қыз айтты:
«Енді біз осы шәріге бір тұрайық» деді. «Патшаға
мәлімдейін» деді-«жарайды» деді. (297-бет).
В. В. Радлов мәтіндерінде тыныс белгілері ішінен жақша
мен көп нүкте ғана кездеспейді. Лютштің 1883 жылы
басылып шыққан «Киргизская хрестоматиясында» тыныс
белгілері былайша қойылған: Сонда інісі ағасына
«Мен мұны
түсімде көрдім, соның үшін білемін деп, жауап беріпті (40-
бет). Орынбай: Екі шешен қосылса желер, көп жаңғалақ
шешеннің сөзін бөлер» [18].
П. М. Мелиоранскийдің 1897 жылы шыққан «Краткая
грамматика казак-киргизского языка» деген кітабында (ІІ
бөлім) мысалдарға қойылған тыныс белгілері мынандай
түрде болып келеді:
Қысқа бақай, тар мықын, кебеже қарын,
кең құрсақ... тарланым (3-бет); Битке өкпелеп тоныңды отқа
салма(12-бет); Жігіт айтты: Атын байлайтұғын болсын (30-
бет) [19].
В. Катаринский 1897 жылы шыққан «Грамматика
киргизкого языка» деген еңбегінде мынадай сөйлемдер
келтіреді: «
Орысша сөйлей білсем, бәрінде айтар едім (165-
бет). Бір жол бар-жақын, жақын болса да айтар едім. Әуелі
ойла сонан соң істерсің (187-бет)».
Бұл мысалдардан П. М.
Мелиоранский мен В. Катаринскийдің қазақ тілі
грамматикаларында да тыныс белгілерінің бірсыпыра
түрлерінің кездесетіндігін көреміз [20].
1915 жылы шыққан «Жазу қағидалары» деген
кітапшада тыныс белгілерінің қолданылуы туралы ережелер
берілген. Оңда тыныс белгілерінің жеті түрі ғана аталып,
олардың әрқайсысына берілген ережелерге мысалдар
келтірілген. Леп белгісі «дауыс ишараты» деп, сызықша мен
жақша және көп нүкте «ишарат» деп, тырнақша «екі
ишарат» деп аталады.
Бұл келтірілген мысалдардан ХІХ ғасырда және ХХ
ғасырдың басында түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ
тілінде баспадан шыққан кітаптарда тыныс белгілері дұрыс,
жүйелі түрде қолданылмаса да, таңбалардың элементі мен
оларды пайдаланудың алғашқы тәжірибесі көріне
бастағанын аңғартады.
Қазақ тілі білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелу
тарихын баяндағанда, тыныс белгілері жөнінде жазылған
азды-көпті еңбектерді негізгі үш салаға бөліп қарауға тура
келеді: тыныс белгілері туралы жазылған жеке мақалалар;
30
тыныс белгілерінің мектеп оқушыларына арналған
оқулықтарда баяндалуы; тыныс белгілеріне арналған жеке
кітапшалар. Бұлардың әрқайсысына қысқаша түрде жеке –
жеке тоқталайық.
Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс
белгілері жөніндегі алғашқы еңбектердің бірі – Ш.
Сарыбаевтың сөйлемде үтірдің жазылатын орындары туралы
шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар тыныс
белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі
интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете
алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін
қоя білуде интонацияның рөлін бағалауы, әрине дұрыс.
Дегенмен, автор мұнда тыныс белгілерін тек интонацияға
ғана байланыстырып қарап, мәселені бір жақты шешеді,
интонация пунктуациялық негіздердің бір түрі ғана екені
ескерілмейді, Ш. Сарыбаевтың екінші мақаласы сөйлемнің
тұрлаулы мүшелері арасына қойылуға тиісті сызықшаға
арналған. Автор бұл мақаласында сөйлемнің бастауышын
сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінен ажырата білу керектігіне,
яғни бастауыш мүшенің басқа бір мүше, мәселен, не
анықтауыш, не басқа бір тұрлаусыз мүше ретінде танылу
қаупі болса, ондай бастауыштан соң сызықша қойып жазу
қажеттігіне көңіл бөлген. Сондай-ақ Ш. Сарыбаевтың «Тыныс
таңбалары» деген мақаласында қаратпа сөздердің сөйлемнің
басқа мүшелерінен үтір арқылы ажыратылатыны жөнінде
дұрыс ереже беріледі [21].
Тыныс белгілері жөнінде С. Жиенбаевтың да шағын
көлемді екі мақаласы бар. Оның екеуі де «Тыныс белгілері»
деп аталады. Автор бірінші мақаласында жалпы тыныс
белгілерінің маңызына тоқтала келіп, үтірдің қойылатын
орындары туралы ережелер береді. Автордың өз сөзімен
айтқанда, олар мыналар: «араларында демеулік жоқ бір
тектес мүшелердің үтірмен ажыратылатындығы; тектес
мүшелер арасында «я», «немесе» сияқты демеуліктер тұрса
да, үтір қою керектігі, ал тектес мүшелер арасында «мен»,
«және», «тағы да» т.б. осы тәріздес жалғаулықтар мен
демеуліктердің бірі қолданылса, олардан соң үтірдің
қойылмайтындығы; салалас құрмалас сөйлемдер құрамына
енген жай сөйлемдерді бір-бірінен үтір арқылы ажырату
керектігі; қаратпа, қыстырма сөздер мен оңашаланған
мүшелерді сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы бөлу
қажеттігі» т.б. С. Жиенбаев «Тыныс белгілері» деп аталатын
екінші мақаласында бастауыш пен баяндауыштың арасына
қойылатын сызықша, төл сөз бен бөгде сөз, бірыңғай
31
мүшелерден соң немесе бұрын қолданылатын жалпылауыш
сөздің тыныс белгілерінің кейбір мәселелеріне байланысты
біраз ережелері қазіргі кезде жаңаша қолданылады [22].
Х. Басымов «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза
білейік» деген мақаласында көп нүкте, нүкте, сұрау, леп
белгілерінің қойылатын орындары жөнінде біраз түсініктер
береді [23].
М. Балақаевтың «Сауатты жазудың негізгі шарты -
тыныс белгілерін дұрыс пайдалану» деген мақаласында
тыныс белгілерін дұрыс қоюдың негізі - грамматикалық
құрылыс және дауыс ырғағы делінеді [24].
Қазақ тілі пунктуациясы жөнінде авторлардың бірі -Ә.
Хасенов. Еңбекте сөйлемнің оңашаланған мүшелері,
қыстырма сөздер мен сөйлемдер және бұл категорияларды
бір-бірінен ажырата білу, оларға қолданылатын тыныс
белгілері жөнінде пікірлер айтылады [25].
1942 жылдан бастап қазақ тілі грамматикасында
«қосымша» деген атпен тыныс белгілері туралы ережелер
беріледі. Мысалы: 1942 жылғы грамматикада: «Бір себеппен
айтылып келе жатқан ой бітпей қалған, ой үзілген жерге
дәйек сөздің толық алынбағандығын көрсету үшін көп нүкте
қойылады; «жоқ», «иә» деген сөздерден соң үтір қойылады:
бірыңғай мүшелер тізбектерінің арасы нүктелі үтірмен
айырылады; қос нүкте жалпылауыш сөзден кейін қойылады;
мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін екі сөз арасында
сызықша қойылады», - деген сияқты жаңа ережелер
қосылған [26]. Мұндағы мекен, уақыт, сан шендестігін
білдіретін екі сөз арасына қойылатын - сызықша емес, дефис.
Қазақ тілі грамматикасының 1943, 1946, 1948, 1949, 1950-ші
жылдардағы басылымдарында тыныс белгілеріне жаңа
ережелер қосылмаған.
1951 жылы қазақ тілі грамматикасындағы тыныс
белгілеріне (авторлары: С. Аманжолов, А. Әбілқаев, И.
Ұйықбаев) біраз жаңа ережелер қосты. Мысалы: «Кейбір
басқа әріптен қысқарған сөздердің әрбірінен соң нүкте
қойылады; пьесаларда әрбір кейіпкердің сөзінің алдынан
оның аты-жөні жазылады да, соңынан нүкте қойылады».
«Сабақтас сөйлемнің алдына шығып кетсе, яғни бағыныңқы
сөйлем басыңқы ішіне қыстырыла айтылса, оның екі жағынан
үтір қойылады», - делінген [27]. Сызықшаға мынадай бес
түрлі жаңа ереже кірген: Баяндауышы жіктік жалғаусыз зат
есім, я зат есім орнындағы сөз болса, бастауыштан кейін
сызықша қойылады. Бастауыш та, баяндауыш та сан есім
болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бастауыш
32
сілтеу есімдігінен және жіктеу есімдігінің үшінші жағынан
болғанда, бастауышты сөйлемнің анықтауыш мүшесімен
шатастырарлықтай жағдайларда, сызықша бастауыштан
кейін қойылады. Бастауыш та баяндауыш та сын есімнен
болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бастауыш
тұйық рай түрінде айтылып, баяндауыш есімдердің бірімен
айтылса, олардың арасына сызықша қойылады. «Завод,
фабрика, колхоз, совхоз, кітап, газет, журналдардың т.б.
аттары сөйлем ішінде тырнақшаға алынады», - деген ереже
де жаңадан қосылған. Бірақ жоғарыдағы «жіктеу есімдігінің
үшінші жағынан болған бастауыштан кейін сызықша
қойылады», - деген ереже қазір тәжірибеде қолданылмайды
[27].
С. Аманжолов, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаевтардың 1967
жылы шыққан синтаксисінде (VI-VII сынып) тыныс
белгілерінің «қосымша» деген атпен беріліп жүрген
ережелері алынып тасталған. Оның алынып тасталуы орта
мектептің сегізінші сыныбында тыныс белгілеріне арналып
шыққан оқулықтың (авторы Ә. Хасенов) жарық көруіне
байланысты болды. Содан VI-VII сынып синтаксисі 1969
жылғы басылуында «қосымша»деген атпен тыныс
белгілерінің арнаулы ережелерін қайта енгізілді.
Қазақ пунктуациясына байланысты шыққан күрделі
еңбектің бірі - 1960 жылы баспа қызметкерлері мен
мұғалімдер үшін басылып шыққан еңбек. Бұл еңбекте тыныс
белгілерінің тәжірибелік мәселелеріне ерекше көңіл бөле
отырып, автор нақты мысалдарды мол келтірген. Автор
пунктуацияны теориялық жағынан да зерттеу керектігі
жөнінде:
«Қазақ
орфографиясының,
әсіресе
пунктуациясының терең ғылыми зерттеуді керек ететін
бірқатар соңғы мәселелері бар... » - дейді [28].
Сонымен, қазақ тілі пунктуациясын қалыптастырып бір
ізге түсіру және оның ережелерін саралап, жақсарту
мәселесінде мектеп оқушыларына арналып жазылған қазақ
тілі грамматикаларының да маңызы зор болды.
Тыныс белгілерінің зерттелу тарихын сөз еткенде, тағы
бір көңіл бөлетін нәрсе - осы тақырыпқа арналып жазылған
төмендегі жеке кітапшалар: С. Жиенбаевтың «Сөйлемнің
тыныс белгілері», А. Ысқақов пен Ә.Хасеновтың «Тыныс
белгілері», Р. Сыздықова мен Қ. Неталиеваның «Тыныс
белгілері ережелері» (1961), Ф. Мусабекованың «Жай
сөйлемнің пунктуациясының негіздері», Ф. Мұсабекованың
«Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы».
33
С.Жиенбаев тыныс белгілерінің маңызы, оның сөйлемді
түсіндірудегі сыртқы белгі екендігі, дауыс ырғағының
сөйлемдегі сөздердің өзара байланысынан туатыны туралы
айтып, негізінен, үтір мен сызықшаның қойылатын кейбір
жағдайларына ғана тоқталды, оның ішінде сөйлемнің
бірыңғай мүшелері арасына қойылуға тиісті үтір жөнінде үш
жағдайды ғана әңгіме етеді: бірінші - сөйлемнің бірыңғай
мүшелері арасын
Достарыңызбен бөлісу: |