ойландырып, жауап беруге ынталандырады. Үшіншіден, жаңа сабақпен
байланыстырылады. Одан әрі қарай кестедегі үш сөйлемді үш оқушыға
оқыттырамын да. жалпылауыш сөз бен бірыңғай мүшелерді таптырамын.
Төртінші бір оқушыға жалпылауыш сөздердің тұрған орнын айттырамын. Ол
ретімен айтып шығады. Ең соңында сабақ былай қорытылады, ереже
жасалады.
«Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, жалпылауыш
сөзден кейін қос нүкте қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден
кейін тұрса, жалпылауыш сөздің алдына сызықша қойылады. Үшінші сөйлем
мұғалімнің басшылығымен оқып беріледі де, оның құрылысының алдыңғы
екі сөйлемнен өзгешерек екені айтылады. Мұнда бірыңғай мүше сөйлемнің
басында келгені, ал бірыңғай мүшелерден кейін сөйлемнің басқа мүшелері
келгені айтылады. Мұндай жағдайда, әдеттегідей, жалпылауыш сөзден кейін
қос нүкте койылатыны, бірақ бірыңғай мүшелерден кейін сөйлемнің басқа
мүшелері келгендіктен, бірыңғай мүшелерден кейін сызықша қойылатыны
түсіндіріледі.
Оқушылардың тиянақты білім алуындағы ерекше бір жұмыс
оқушылардың ұғымын байқау болып табылады. Мұны да әр түрлі әдістермен
жүргізуге болады. Мысалы: Тыныс белгілері арқылы төл сөздің берілуі:
Ереже: Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс
жасамай, үтір, нүктесіне дейін солай қолданса, ол төл сөз болады.
Сөйлеушінің
сөзін басқаға жеткізіп, түсіндіріп беретін сөзді автор сөз дейді.
1. Егер төл сөз автор сөзінен бұрын айтылса, ол бас әріппен басталып,
тырнақшаға алынады да, соңынан тырнақша жабылып жазылады.
2. Егер төл сөз автор сөзінен соң айтылса, автор сөзі бас әріптен
басталып, соңынан қос нүкте қойылады да, төл сөз тырнақшаға алынып, бас
әріппен жазылады.
3. Егер төл сөз автор сөзінің ортасынада келсе, төл сөздің алдынан
келген автор сөзі бас әріппен басталып, сол бөліктің соңынан қос нүкте
қойылады да, төл сөз бас әріппен басталып, тырнақшаға алынып жазылады
және төл сөзден кейін үтір мен сызықша қойылып, автор сөзінің сол бөлігі
кіші әріппен жазылады. Бұл ереже жаттығулар арқылы дәлелденеді.
Мысалы, тұрлаулы мүшелерді тауып, олардың тыныс белгілерін
қойыңыздар.
1. Басты міндеттердің бірі - қолда бардың бәрін, елімізде өндірілгеннің
бәрін ұқыпты, ұтымды пайдалану т.б.
Достарыңызбен бөлісу: