1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Мінездегі даралық ерекшеліктер мен типтілік



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет120/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129
 4. Мінездегі даралық ерекшеліктер мен типтілік. 
Мінез  иесі  болып  табылатын  жеке  адам  -  қоғамның  мүшесі,  ол  қоғамда 
түрлі  қарым-қатынасқа  түсіп  отырады.  Қоғамның  мүшесі  ол  таптық  қоғамда  - 
таптың ӛкілі бола отырып, жеке адам қоғамның, таптың басқа мүшелері сияқты 
белгілі  экономикалық,  саяси,  мәдени  жағдайларға  тәуелді  болды.  Мұндай 
жағдайлар  мінездің  жалпы  типтік  бітістерін  қалыптастырады.  Адамдар  мен 
нақты адам мінезіндегі типтік бітістер - дәуір мен таптың әлеуметтік ӛміріндегі 
маңызды жайттарды бейнелендіреді. 
Олай болса, типтік мінезді белгілі адамдар ортақ басты-басты бітістер деп 
ұғынған  дұрыс.  Мұндай  негізгі  бітістер  ӛмірдің  жалпы  жақтарын 
бейнелендіреді және сол топтағы адамдарда кай-қайсында болмасын азды-кӛпті 
кӛрініс береді. Сӛйтіп, типтілік бір жағынан, нақты адамның даралығын, екінші 
жағынан, сол адам экономикалық, саяси және мәдени байланысқа түсетін басқа 
адамдарды да сипаттайды. 
Мәселен  белгілі  бір  ұлттың  адамдары  сол  ұлттың  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  ӛмір  сүру  жағдайлары  мен  ұлттың,  тұрмыстың  ӛзіндік 
ерекшеліктерінен  нәр  алады,  ұлттық  тіл  мен  мәдениет  ықпалымен  дамиды. 
Сондықтан да бір ұлттың адамдары ӛздерінің түрмыс салты, әдет ғұрпы, мінез 
бітістері жагынан басқа ұлт ӛкілдерінен ерекшеленіп тұрады. 


 
Бірақ ұлттың ӛмір сүру жағдайлары ӛзгерген кездерде - ұлттық мінездегі 
типтік бітістер де ӛзгеріске түсіп отырады. 
Типтік  мінез  бітістерінің  ұлттық  ӛзгешеліктерімен  катар  тап  ӛкілдерінің 
күресі  мен  ӛмірін  бейнелейтін  типтік  мінездің  ерекшеліктері  туралы  да 
айтылуы қажет. 
Ӛмір сүрудің жалпы экономикалық, саяси және мәдени жақтарымен қатар 
адамның мінез-құлқына сәуле түсіретін оның іс-әрекетінің жалпы жақтарын да 
естен  шығармауымыз  тиіс.  Осы  айтылғандармен  катар  адамның  табиғи 
құрылымында 
да 
мәселен, 
жоғары 
жүйке 
қызметінің 
де 
типтік 
ерекшеліктерінде ортақ белгілер кездеседі. 
Типтік  және  мінез  типтері.
  Адам  ӛмірінің  типтік  жағдайларын 
бейнелейтін ерекше, елеулі типтік бітістердің жиынтығы мінез типін құрайды. 
Әр  әлеуметтік  дәуір  қоғамдық  аренаға  белгілі  типтік  мінезді  әкеледі.  Мінез 
типтерінің  қай-қайсы  да  қоғамдық  қатынастардың  тарихи  дамуына  карай 
ӛзгеріске түсіп отырады 
Мінез  типі  -  біршама  тұрақты  құрылым,  бірақ  ол  сонымең  ӛзгермелі  де 
келеді. Адамның ӛзіне-ӛзінің талап қоя білу деңгейі,  қоғам қажеті мен тәрбие, 
ӛмір  жағдайларының  ықпалымен  мінез  типтері  дамып  және  ӛзгеріп  жатады. 
Мінез  типтерін  зерттеу  оларды  жіктеуге,  олардың  қалыптасуы  мен 
кӛріністерінің  белгілі  бір  заңды  байланыстарына  әкеледі.  Мұндай  жіктеудің 
болмауы  -  жеке  типтерді  сипаттаудың  кездейсоқтығына,  үстірт  кӛзқарасқа 
соқтырады да оның теориялық және практикалық мәні елеусіз болады. 
Психологияда  мінезді  жіктеуге  талай  рет  талпыныс  жасалды.  Мәселен, 
осындай  бір  жіктеуде  мінез  типтері  адамның  ақыл-парасаты,  еркі  мен 
эмоциясының басымдығына қарай анықтаған.  Жеке адамның ішкі және сыртқы 
дүниеге  деген  бағытын  негізге  алған  жіктеу  кеңірек  тараған.  Бұл  тұрғыдан 
мінез  екі  типке  -  интраверттелген  (тұйық,  ӛзімен  ӛзі  болып  жүретін  ойшыл), 
экстраверттелген  (аңқылдақ,  белсенді,  ақжарқын  адам)  болып  бӛлінеді.  Бұл 
типтер де шындықты бейнелендіреді, бірақ  бұл жіктеулер де бір жақты. 
Ақырында жеке адамның дербестік дәрежесіне орай типтерге бӛлу де бар. 
Мұнда  типтер 
конформды
  және 
дербес
  болып  бӛлінеді.  Мұның  біріншісіне  - 
басқа  біреудің  ой-пікірімен  санасқыш,  жұрттың  айтқанына  тез  иланып,  кӛне 
қоятын, айтқан сӛзді сынамай-ақ қабылдайтын, стресс жағдайларына бейімделе 
алмайтын  адамдар  жатады.  Екінші  типке  -  ӛзіндік  нанымы  бар  дербес  пікір 
және  нақтылы  шешімге  келе  алатын  адамдар  кіреді.  Осы  типтің  ӛкілдері 
белсенді,  қажырлы,  қиын  жағдайларда  асып-саспайтын,  ӛз  пікірін  басқаларға 
тыңдата  алатын,  стрестік  жағдайларда  еңсесі  түспейтін  кісілер  болып 
табылады.    Жоғарыда  аталған  жіктеулердің  барлығы  да  бір  жақты,  бұларда 
жеке адамның адамгершіліктік қасиеттері ескерілмеген. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау