4. Бос аминқышқылдары.
Аминқышқылда
р - молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары
бар органикалық қосылыстарды айтамыз.Аминқышқылдары табиғатта көп таралған:
ақуыздардың, пептидтердің және т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың
құрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі.Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс
ақуыз молекуласы аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан, олардың
маңызы өте зор. Аминқышқылдарының молекуласыңда бір немесе бірнеше
карбоксил топшалары болуы мүмкін. Соған сәйкес, бір, екі және көп негізді
аминқышқылдары болады.
Табиғатта сексеннен астам амин қышқылдары белгілі болып отыр. Олардың
жиырмасы ғана белок құрамына кіреді. Табиғи белоктардан тек, -амин қышқылы ғана
табылған.
|