Морф сессия (НС)



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет62/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

Сопақша ми
 
Үлкен  мидың  бір  бөлігі  жұлынның  жалғасы  сүр  және  ақ  затгардан  тұрады.  Алайда 
ондағы сұр зат, жұлындағыдай бірақ жерге топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке-
жеке  шоғырлар  құрып,  көптеген  ядроларға,  қызметі  әртүрлі  орталықтарға  айналған. 
Ақ  зат  жүйке  талшықтарынан  тұрады.  Бұл  талшықтар  қозуды  жоғары  және  төмен 
қарайұөткізетін  жұлын  жолдарының  жалғасы  және  жұлынды  мидың  басқа 
бөлімдерімен,  сопақша  мимен  байланыстырып  тұрады.  Сопақша  ми  арқылы  өтетін 
кейбір жұлын жолдары осы мида бір-бірімен қиылысып оң жақтан келген талшықтар 
сол  жаққа,  сол  жақтан  келген  талшықтар  оң  жаққа  шығады.  Сұр  зат  жоғарыда 
айтылғандай  нейрондардан  тұрады,  рефлекстік  қызмет  атқарады.  Бас  сүйектен 
шығатын  12  жұп  ми  жүйкелерінің  соңғы  бесеуінің  (VІІІ,  ІХ,  Х,  ХІ,  ХІІ)  ядролары  мен 
бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін 
реттеуде маңызды рөл атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан. Сопақша 


мидың  нейрон  шоғырлары  (жүйке  орталықтары)  адамның  өмірін  қамтамасыз  етуде 
үлкен  орын  алады.  Оған  тыныс,  қан  тамырларын  тарылтып  кеңітетін,  жүрек  соғуын 
баяулатып  сирететін  (тежейтін)  тіршіліктік  орталықтар  жатады.Бұлардың  қайсысы 
бұзылса  да  адам  өледі.  Сопақша  мида  сондай-ақ  көптеген  қорғаныс  (жас  шығару, 
кірпік қағу, жөтелу түшкіру, тер шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, 
сілекей  шығару,  карын  сөлі  мен  ұйқы  безі  сөлін  шығаратын  және  құсу)  рефлекс 
орталықтары  бар.  Бұл  орталықтар  өмірді  сақтауда  маңызды.  Мәселен,  эмбрион 
сатысында  жұту  орталығы  дамымай  қалса  (бульбарлық  паралич)  жана  туған  бала 
анасын емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш арқылы қарынға бармай 
тыныс  жолы  арқылы  өкпеге  құйылады  да,  бала  өкпесі  қабынып  және  ашығып 
өледі.Сопақша  мидың  мойын  және  көз  еттерінің  тонусын  өзгертетін  көптеген 
қозғалтқыш  ядролары  көпір  және  ортаңғы  мимен  бірге 
статикалық
    және 
статокинетикалық
 (вестибулярлық) рефлекстерге қатысады. 
Сопақша  мидағы  торлы  құрылым  екі  түрлі  қызмет  атқарады:  а)  жұлын  қызметін 
күшейтіп  не  әлсірететін  төмен  қарай  бағытталған  әсер;б)  ортаңғы  мидың  торлы 
құрылымымен  бірге  мидың  басқа  бөлімдерінің  қызметін  күшейтетін  жоғары  жаққа 
қарай  бағытталған  әсер.  Сопақша  мидың  рефлекстері  туа  біткен  рефлекстер 
болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының 
сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген мысалдардан көруге 
болады. Емізер алдында баланың жаялығын құрғатып құндақтап отырса, балада осы 
қимыл  әрекетіне  сай  шартты  рефлекс  қалыптасады  да  құндақтай  бастасымен  онда 
ему рефлексі басталады. Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан 
көруге  болады.  Аузына  ас  аларда  оның  шірік  иісін  сезсе,  шірік-ау  деген  ойға  келсе, 
адам  лоқсуы,  тіпті  қусуы  мүмкін.  Бұл  тәжірибе  әсіресе  гипноз  жағдайында  анық 
байкалады.  Артистер  сахнада  жүріп,  қажет  болса  көз  жасын  төгіп  жылай  алады.  Бұл 
айтылғандардың  барлығы  сопақша  мидың  қызметін  ми  қыртысы  реттейтінін 
көрсетеді. 
Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған.Көпір құрамында ақ 
зат көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ зат негізінен 
жұлынның  жоғары  өрлеуші  және  мидың  жұлынға  карай  (төмен)  құлдыраушы 
жолдары.Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек нейрон шоғырлары жайылған.Бұлардың 
ішінде  бас  сүйек-ми  жүйкелерінің  V,  VІ,  VІІ  жұптарының  ядролары,  көлденең  жолақ 
еттерді  ширықтыруға  қатысатын  рофлекс  орталықтары,  ұйықтау  және  ұйықтамау 
(сергек  болу)  тәртібін  реттейтін  торлы  құрылым  нейрондары  бар.  Бұлармен  қатар 
көпірде дем алуды дем шығару үрдісімен алмастырып тұратын пневмотаксис орталық 
пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейзистік орталық орналасқан.  
Мишық
 
Әр  біреуі  үлкен  ми  сыңарларының  артқы  жағында,  сопақша  мидың  үстінде 
орналасқан  қос  жарты  шардан  және  ортаңғы  бөліктен  тұрады.  Бұл  жарты  шарда 
қалыңдығы  1-2,5  мм жұқа қыртыс қабығы, ақ  заттың ішінде теңбілденіп сұр заттар - 
ядролар бар. Мишық орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерімен төменгі, ортаңғы, 
жоғарғы  аякшалары  арқылы  жалғасқан.  Осы  аяқшалар  аркылы,  жұлыннан,  кіреберіс 


(вестибула)  ядролардан,  торлы  құрылымнан  келіп  түсетін  серпілістер  мишыққа 
тоғысады.  Мишықтан  шыққан  эфференттік  талшықтар  одан  әрі  ми  қыртысына, 
қыртыс астындағы ядроларға, ми бағаннының торлы құрылымына, көру төмпешігіне, 
қызыл  ядроға,  сопақша  миға,  жұлынға  жеткізіп  тұрады.  Ми  қыртысының  және 
мишықтың  қозғалтқыш  аймақтары  өзара  тығыз  байланыста  болады.  Сонымен 
жоғарыда айтылғандай мишық мидың барлық бөлімдерімен қызметтес мүше, 
Мишықтың ең бас қызметі - адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын 
қимыл-әрекеттерді  үйлестіріп  отыру.  Қандай  да  болсын  қимыл-әрекеттің  дәлме-дәл 
орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты. Алайда мишық қызметі толық 
бұзылса  да,  тіршілік  тоқтамайды,  ал  мишық  біртіндеп  көп  жылдар  бойы  бұзылатын 
болса,  мишықтың  кызметін  мидың  баска  бөлімдері,  әсіресе  ми  қыртысы  өзіне  алып 
қимыл  өрекеттерін  түзете  алады.  Академик  Орбели  мишықтың  вегетативтік 
қызметтерді  реттеуге  де  қатысатынын  көрсетті.  Оның  кейбір  бөліктерін  электр 
тогымен тітіркеңдірсе, ішек жиырылуы, сөл шығару, қоректік заттардың ішектен қанға 
сіңуі,  қандағы  қант  деңгейі,  тер  шығуы  өзгереді.  Мишық  сондай-ақ  сопақша  мидағы 
вестибулярлық  ядролармен  де  тығыз  байланысты.  Маймылға  тәжірибе  жасап,  оның 
мишығын  алып  тастаса,  дене  тепе-теңдігі  бұзылатыны  (дисэквилибирация) 
байқалады. 
  

жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау