Симпатикалық сабау( truncus sympathicus) – омыртқа бағанасын бойлай оның екі
бүйірінде жұп орналасқан түйіндердің( ganglia trunci sympathici) тізбегінен және
оларды байланыстыратын талшықтардан тұрады.
Симпатикалық сабаудың талшықтары
1.Ганглиаралық (түйінаралық) тармақтар (rami interganglionares) – нерв түйіндерін ір-
бірімен байланыстырады, нәтижесінде симпатикалық сабау түзіледі.
2. Сұр байланыстырушы тармақ(ramus communicans gruseus) – симпатикалық сабау
түйінін жұлын нервінің сабауымен байланыстыратын тармақ және құрамында түйін
арттқылық талшықтар болады.
3. Висцералді тармақтар( rami visceralis)– олар тікелей ағзаларға барады , олардың
маңында ағзадан тыс өрімдер түзеді.