2. Жүйке жүйесінің сипаттамасы, түрлері. Сомалық және вегетативтік жүйке
жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшеліктері. Жұлынның проприорецептивті
рефлекстері: Тізе рефлексін анықтау әдісі
Жүйке жүйесі орталық және ішкі бөлімдерден тұрады. Омыртқалы жануарларда
алғашқысының қатарына жұлын мен ми, ал екіншісінің қатарына - жұлын
түйіндеріндегі және ағзалар ішіндегі (интрамуральдық) нейрондар жатады. Ағзалар
ішіндегі жүйке вегетативтік жүйесінің нейрондары, ал жұлын түйіндері тұлғалық
жүйке жүйесінің сезгіш жасушаларынан тұрады. Орталықтағы нейрондардың денесі
мида немесе жұлында орналасқанмен, олардың ұзын талшықтары жұлыннан, мидан
шығып шеткі ағзаларға барып таралады. Мұндай жүйке өскінділерін орталықтағыдан
айыру үшін шеткі талшықтар деп те атайды. Вегетативтік жүйке жүйесін денелік жүйке
жүйесімен салыстыра отырып, олардың морфологиялық (құрылысындағы) және
физиологиялық (қызметіндегі) ерекшеліктерін байқауға болады.
Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:
1. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке
жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана
орналасқан. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және
сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде, ал симпатикалық жүйке жүйесі
жұлынның кеуде-бел бөліміндегі сегменттердін бүйір ашасында орналасқан.
2. Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды. Олардың біреуі ми мен жұлын
бөлімдерінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан. Парасимпатикалық жүйке
жүйесінің ганглийлері - ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер, ал симпатгикалық
жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында
тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі,
оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында - шапақ тәрізді түйін,
шажырқайлық ганглийлер бар. Нейрондардың орталықта орналасқан жүйке
талшықтары преганглийлік (ганглийге дейінгі) талшықтар деп аталады. Олар
серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді. Екінші нейрондардың жүйке
талшықары серпіністі ганглийден шыққан cоң белгілі бір ағзаға апарады, олар
постганглийлік (ганглийден кейінгі) деп аталады.
3. Вегетативтік жүйке денелік жүйке ден әлдеқайда жіңішке. Преганглийлік жүйке
талшығы миелинді, оның диаметрі 3,5 мкм. Посттанглийлік талшық миелинсіз,
диаметрі 0,5-2 мкм. Парасимпатикалық постганглийлік талшықтар өте қысқа болады.
4. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамданған.
Вегетативтік жүйке жүйесінің физиологиялық ерекшеліктері: 1. Вегетативтік жүйкелер
негізінен эфференттік жүйкелер. Олар қозуды талшықтан шеткі орналасқан ағзаларға
жеткізеді (орталықтан тепкіш жүйкелер). Бірақ вегетативтік жүйкелер ішінде 10%-тей
афференттік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағза қабылдағыштарынан
орталыққа жеткізеді (орталыққа тепкіш жүйкелер).
2. Вегетативтік жүйке жүйесіне-(ВЖЖ) қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне (СЖЖ)
қарағанда әлдеқайда төмен-ал хронаксиясы, қозу табалдырығы, керісінше жоғары.
Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы - 3-8, ал СЖЖ хронаксиясы - 0,04-0,75 с. ВЖЖ-нің
лабилдігі - 10-15 гц, ал СЖЖ-де - 1000 гц. Осыған орай рефрактерлік кезең ВЖЖ-де
өте ұзақ.
3. ВЖЖ-нің талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. "В" тобына-жататын миелинді
талшықтарының қозу өткізу жылдамдығы секундіне 3-18 мс, ал миелинсіз талшықтар
"С" тобын құрады, олардың қозу өткізу жылдамдығы 0,5-3 мс.
4. Вегетативтік жүйке жүйесінде постсинапстық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады
(50-80 мс). Денелік жүйке жүйесінде бұл потенциал 15-20 мс-тай. Вегетативтік жүйке
жүйесінде әсіресе гиперполяризация фазасы өте созылыңқы келеді (300-1000 мс
).
5. Вегетативтік жүйке жүйесінің әсерленісі өте баяу. Біріншіден, қозу жүйке
талшықтарынан өте баяу өтеді, екіншіден медиатор жәй бөлінеді және
холиностеразаның бесенділігі болғандықтан келесі қозу кеш туады.
6. Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар - ацетилхолин не
а д р е н а л и н б ө л і н е д і . М е д и а т о р д ы ң т ү р і н е қ а р а й в е г е т а т и в т і к
жүйкелер
холинергиялық
(ацетилхолин бөлетін және адренергиялық
(адреналин
бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Холинергиялық жүйкелер тобына: 1)
п а р а с и м п а т и ка л ы қ ж ә н е с и м п а т и ка л ы қ п р е г а н гл и й л і к ж ү й кел е р ; 2 )
парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер; 3) симпатикалық постганглийліктер
бездерінің жүйкелері жатады. Адренергиялық жүйкелер қатарында симпатикалық
постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік сим-патикалық
жүйкелер болады. Сонымен холинергиялық жүйкелер саны адренергиялық жүйкелер
санынан әлдеқайда басым. Кейбір
жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар
(серотонин, гистамин, АҮФ, ГАМҚ т. б.) бөлінуі мүмкін.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне
бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар
қызметіне, әдетте қарама-қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүректің соғуын
жиілетіп күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше, оны сиретіп, әлсіретеді. Бірақ
бұл - мызғымас зандылық емес: вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімі әрдайым
қарсылас (антогонистік) әсер ете бермей кейде антогонизм - абсолюттік емес.
Мәселен, ішек жиырылуы күшейіп кетсе, симпатикалық жүйке оны әлсіретеді не
тоқтатады, ал ол әлсіреген сәтте әсер етсе, онда ішек қимылы жиілеп күшейе
бастайды, басқаша айтқанда жүйке әсері ішектің бастапқы қызмет жағдайына
байланысты. Мұнда абсолюттік антогонизм жоқ. Кейде қарама-қарсылық бар сияқты
болып көрінеді, бірақ әсер механизмінде бірлік байқалады.
Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтедің, парасимпатикалық жүйке оны
тарылтады. Сырттай қарағанда бұл қарама-қарсылық, бірақ парасимпатикалық жүйке
де симпатикалық жүйке де көз қарашығының диаметрін өзгертетін еттерді
жиырылтады. Симпатикалық жүйке m.dilatator pupillae жиырылтып көз қарашығын
үлкейтсе, парасимпатикалық жүйке m.sphinctor pupillae жиырылтып көз қарашығын
кішірейтеді (тарылтады). Сонымен көз қарашығының үлкеюі және кішіреюі осы
маңайдағы еттердің жиырылуынан болатын құбылыс. Бұл, механизмде
антогонизмнің жоқтығын, керісінше, бірлік барын көрсетеді. Тағы да бір мысал.
Вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдеріне - синергизм (қосарлас), яғни бірыңғай қимыл
жасау тән. Сілекей бөлінуін симпатикалық жүйке де, парасимпатикалық жүйке де
үдетеді, екеуі де секрециялық жүйке.
Кейде вегетативтік жүйке жүйесі бөлімдерінің әсері олардан бөлінетін
медиаторлардың және бұлармен әрекеттесетін қабылдағыштар түріне, сондай-ақ
дәнекерші заттарды ыдырататын ферменттердің белсенділігіне байланысты.
Вегетативтік жүйке жүйесі зат алмасуын реттейді. Симпатикалық жүйке диссимиляция
(ыдырау), ал парасимпатикалық жүйке ассимиляция (түзілу) үрдістерін күшейтеді;
симпатикалық жүйке зат алмасу қарқынын күшейтсе, парасимпатикалық жүйке,
керісінше оны төмендетеді.
Тізе рефлексі: неврологиялық балғашамен төрт басты сан еті сіңірінің үстінен, тізесінің
төменгі жағынан ақырын ғана соғып жібереді. Тап осы сәтте, зерттелушінің аяғы селк
етіп жоғары көтеріліп, тізе рефлексі пайда болады. Рефлекс доғасы жұлынның 3-4 бел
омыртқа сегментінің нейрондары арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |