2.2 Мишыктың қыртысына түсетін афферентті талшықтар екі түрлі —
мүк тәрізді және
шырмауык тәрізді (жоғары өрмелейтін) талшыктардан тұрады.
Мүк тәрізді талшықтардың негізі төменгі оливаның нейрондары, көпірдіңядролары,
ретикулярлык формацияның бірқатар ядролары және аз деңгейде мишықтың
ядролары болып табылады. Түйіршікті қабатта мүк тәрізді талшықтың терминалі
пресинапстық аяқтаманың маманданған түрін — розетканы кұрайды.
Шырмауық тәрізді талшықтар (жоғары өрлейтін талшыктар) жүйесі орталық жүйке
жүйесінде уникалды болып табылады — Пуркинье жасушасының әркайсысы жеке бір
талшықпен жүйкеленеді. Бұл,постнаталды дамудың 1—2 аптасында өтетін, төменгі
оливаның біраз нейрондарының өлуінің нәтижесінде Пуркинье жасушаларының
мультиталшықтық жүйкеленуінің постнаталды элиминациясының салдары.