Морф сессия (НС)


Медиалды  табан  жүйкенің



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет156/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

Медиалды  табан  жүйкенің
  тармақтары  және  II  және  I-IV  башпайдың  табанға 
қараған  бетінің  аяқ  басының  башпайын  бүгетін  қысқа  бұлшықетті,  табан 
бұлшықеттерін, оның ішінде бірінші, екінші, үшінші құрт тәрізді бұлшықетті, үлкен 
башпайды бүгетін қысқа бұлшықетті жүйкелендіреді. 


Латералды  табан  жүйкесі
  табанның  шаршы  бұлшықетін;  III  және  IV  құрт  тәрізді 
бұлшықеттерді,  үлкен  башпайды  әкелетін  бұлшықетті  жүйкелендіреді.  Одан 
табанның медиалды бетінің терісін жүйкелендіретін терілік тармақтары шығады. 
Асықты  жілік  жүйкесінің  беткей  орналасқан  жүйкесі
  (nervus  peroneus  superficialis) 
балтырдың  латералды  топ  бұлшықеттеріне  тармақтар  береді.  Одан  әрі  аяқ 
басының  сыртқы  медиалды  және  аралық  жүйкесіне  (nervus  cutaneus  dorsalis 
medialis et nervus cutaneus dorsalis intermedius) бөлініп, аяқ басына бет алады. 
Асықты  жілік  жүйкесінің  терең  жүйкесі
  (nervus  peroneus  profundus)  балтырдың 
алдыңғы  топ  бұлшықеттерінің  арасынан  өтіп,  оларды  жүйкелендіреді.  Ол  аяқ 
басының  сыртқы  бетінде  бұл  жүйке  аттас  топтағы  бұлшықеттерді  және  бірінші 
башпай аралықтың терісін жүйкелендіреді. 
2. Жұлынның құрылысы, қызметі, жұлынның ақ және сұр заты, жұлынның 
мүйіздерінің функциясы. Жұлынның проприорецептивті рефлекстері. Шынтақтың 
жазылу рефлексін анықтау әдісі. 
Жұлын
 
Бұл  омыртқа  бағанының  каналында  орналасқан  жуан  арқан  тәрізді 
орталық  жүйке  жүйесінің  бір  бөлімі.  Жұлын  ақ  және  сұр  құрылымды 
заттан  тұрады.  Ақ  зат  жүйке  талшықтарынан,  ал  сұр  зат  нейрондар 
денесінен  тұрады.  Сұр  зат  жұлынның  қақ  ортасында  ми  түтігінің 
айналасында  орналасқан.  Жұлынды  көлденең  кескенде  сұр  заттың 
бейнесі  көбелектің  қос  қанатына  немесе  "Н"  әріпіне  ұқсайды.  Сұр 
заттың  денесінен  созылған  алдыңғы,  артқы,  бүйір  (жұп)  ашалары 
болады. Ақ зат сұр затты айнала қоршайды. Сұр заттың алдыңғы және 
артқы  ашасы  ақ  затты  төрт  бағанға  (алдыңғы,  артқы  және  екі  бүйір) 
бөледі. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. 
Жұлынның  сезгіш  нейрондарына  афференттік  жүйкелер  тері,  ет,  сіңір, 
і ш к і  а ғ з а л а р  қ а б ы л д а ғ ы ш т а р ы н а н  ( э к с т е р о - ,  п р о п р и о - , 
интероқабылдағыштардан)  серпіністер  әкеледі.  Қозғалтқыш 
нейрондардың  жүйкелері  қозуды  шеткі  ағзаларға,  қаңқа  еттеріне 
жеткізеді.  Сезгіш  және  козғалтқыш  нейрондар,  аралық  нейрондар 
арқылы  немесе  бір-бірімен  тікелей  байланысып  рефлекстік  доға 
құрады.  Сондықтан  жұлын  мидың  қатысынсыз-ақ  өзінің  жұлын 
рефлекстерін  атқара  алады.  Дегенмен  біртұтас  организмде  жұлынның 
қызметі  ми  қызметіне  бағынышты.  Орталық  жүйке  жүйесіңде,  оның 
төменгі  бөлімдерінің  қызметін  жоғары  бөлімдері  реттеп  отырады 
(субординация). 
Жұлынның  афференттік  және  аралық  нейрондарының  аксоны  мен 
бұтақтары  қабылдағыштағы  қозуды  миға  жеткізетін  жұлынның 
жоғарыға  қарай  өрлейтін  жолын  құрайды.  Бұл  жолдардың  көбі  жұлын 
ақ  затының  артқы  және  бүйір  бағандарында  өтеді.  Қозуды  ми 
нейрондарынан жұлынға жеткізетін эфференттік талшықтар жұлынның 
төмен түсетін жолын құрады. Бұлар жұлынның алдыңғы және бүйірдегі 
бағандарында өтеді. 
Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын 
түбірлері  арқылы  дененің  оған  сәйкес  және  көршілес  сегментімен 


байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған 
сәйкес дене сегментінде сезім және қозғалыс функциялары толығынан 
жойылмайды.  Оның  қызметін  көршілес  сегменттің  нейрондары 
орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері 
афференттік  жүйкелерден,  алдыңғы  түбірлері  эфференттік 
талшықтардан тұрады. 

жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау