келген, түтікшенің бір ұшы түйық, ал екінші үшы мұрын куысына ашылады, Адамда
бұл мүше мұрын пердесінің 1/3 алдыңғы бөлігінің дөнекер тінінде орын алады
(сошник пен шеміршек перденің арасында).
Дамуы.
Ұрықтың бас бөлігіндегі эктодермасының алдыңғы жуанданған жері
плакодтан дамиды. Төрт айлық адам нөрестесінде (иіс сезу шүңкырында ) тіректік
жәие нейросенсорлы эпителиоциттер пайда бола бастайды.
Құрылысы.
Негізгі иіс сезу мүшесінің шеткі анализаторы қалыңдығы 60-90 мкм кеп
қатарлы эпителийден тұрады. Бұл эпнтелийдің құрамында иіс сезу нейросенсорлы,
тіректік және базальды жасушалары болады. Эпнтелий қабаты базальді мембранаға
бекінген. Эпителийдің мұрын қуысына караған беткейі үнемі кілегейлі секретпен
суланып тұрады. Нейросенсорлы немесе рецепторлы иіс сезу жасушаларының шеткі
бөлігінде (апнкальді) қысқа дендриттері, ал базальді полюсінде аксоны болады.
Адамдарда мүндай жасушалардың саны алты миллиондай болса. ал иттерде 225 млн.
Иіс сезу жасушаларының шеткі бөлігіндегі талшықтарының (дендрит) ұшы түйреуіш
тәрізді жуанданып (clava olfactoria), бұдан 10-12 иіс сезу кірпікшелері шығады. Бұл
кірпікшелер құрамында шеткі 9-жұп, 2-орталық , базальді деиешіктен шыққан
фибриллалары бар. Кірпікшелер тітіркеніп иіс беретін заттардың молекулаларына
антенна сияқты қозғалыс қимыл береді. Нейросенсорлы жасушалардың ядросы ашық
түсті, құрамындағы 1-2 ядрошығы жақсы байқалады. Жасушалардың базальді
полюсінен тараған аксондардан құрамында 20-40 миелиисіз нерв талшықтар бар шіс
сезу нерві түзеді (fila olf). Бұл нерв талшықтары тор сүйегі арқылы ніс сезу тәмпешігіне
бағытталады. (44- сурет).
Тіректік жасушалар - көпкатарлы болып орналасып, ніс сезу жасушаларыиың
арасынан орын алады. Тіректік эпнтелиоциттердің апикальді полюсінен биіктігі 4мкм
болатын микробүрлер шығады. Бұлардың метаболизмдік қызметі жоғары, апокринді
секрециялық қызмет те атқарады. Тіректік жасушалардың цитоплазмасыида сары
түсті пигменті болғандықтан жалпы иіс сезу аймағы сары түске ие.
Базальді эпителиоциттері (жасушалары) цитоплазмалык өсінділермен базальді
мембранаға бекінеді. Бұл эпителиоциттер көбіне регенерациялық қызмет атқарады.
Вомероназальді мүшенің эпителиі рецепторлы және респираторлы больп бөлінеді.
Рецепторлы эпителиі ніс сезу эпителніне ұксас болып келген, тек айырмашылығы
апикальді полюсіндегі кірпікшелері қозғалмайды. Иіссезу мүшесінің аралық немесе
өткізгіш жолдары құрамында 20-40 шақты миелинсіз талшықтары бар иіссезу
(аксондар) нервінен тұрады. Бұларды леммоциттер қоршайды. Иіс сезу жүйесінің
орталық бөлігі - мн қыртысындағы аппокамп немесе гиппокамп сайында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: