5-бап.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға
меншік
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік
меншікте болады.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтар
мен міндеттер.
6-бап.Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттері
Азаматтардың:
-
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
белгіленген тәртіппен пайдалануға, мемлекеттік табиғи-
қорық қорын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі
шараларға қатысуға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоғамдық
бірлестіктері мен қоғамдық қорларын құруға;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен
орналастыру схемаларын әзірлеу, оларды құру жөнінде
ұсыныстар енгізуге;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша
қоғамдық сараптамаға қатысуға.
Достарыңызбен бөлісу: |