Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет39/75
Дата04.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#36257
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
Жоғары мектеп педагогикасы

Жоба әдісі. 


  Жоба – ол белгілі бір актінің, құжаттың және т.б. алдан-ала, мӛлшерлі 
мәтіні, идеясы. 
Жобалар  әдісі  –  ол  мақсат  бағдарлы  мектептегі  немесе  мектептен  тыс 
оқу  әрекеті,  ол  белгілі  бір  бағдарлама  бойынша  пәндік,  пәнаралық  оқу, 
ізденіс, зерттеу, практикалық міндеттерді шешуге бағытталған.  
Студенттер  жобасы  –  ол  білім  алушылардың  шығармашылық,  кӛп 
жағдайда ӛз бетінше әрекеті, ол ӛзіне қамтиды: 
-  жобаның  идеяларын  немесе  қосалқы  міндеттерін  жүзеге  асыруға 
қажетті ақпаратты іздеу, жиналған материалды талдау және жалпылау; 
-  ӛз  зерттеу  жұмысының  болжамдарын  құрастыру,  эксперименталдық 
тексеру  немесе  эксперименталдық  мәліметтерді  жинақтау,  ұсынылатын 
идеяларды теориялық тұрғыдан дәлелдеу; 
-  ӛткізілген  зерттеулер  нәтижелері  негізінде  әлеуметтік  маңызды 
практикалық әрекетті іске асыру. 
Қандай  болмасын  жоба  бірнеше  кезеңнен  тұрады:  жоба  жасау 
алдындағы  жағдайды  диагностикалау,  жоба  барысында  шешілетін 
міндеттерді анықтау, іс-әрекеттің барлық кезеңдерін іске асыру, нәтижелерді 
талдау және практикалық ұсыныстарды құрастыру.  
 Жобалық іс-әрекетке қатысып отырған студенттердің бойында ақыл-ой 
әрекеті  белсендендіріледі,  танымдық  пен  әлеуметтік  белсенділіктері  артады, 
дүниетанымы  кеңейеді,  білімді  саналы  түрде  меңгеріп,  оны  практикада 
қолдану  мүмкіншілігін  арттырады.    Сонымен  бірге,  білім  алушылар 
проблеманы  шешу,  ақпаратты  жинақтау  және  оны  сараптау  дағдыларын, 
зерттеу  іс-әрекетінің  іскерліктері  мен  дағдыларын  меңгереді.  Жобалық  іс-
әрекет  білім  алушыларға  оқытушылармен,  басқа  студенттермен,  басқа  да 
адамдармен  ӛзара  әрекеттесуге,  ынтымақтасуға,  ұсыныстар  жасауға,  ӛз 
идеяларын ұсынып, оларды қорғауға мүмкіндік береді.  
Жобамен  жұмысты бастамас бұрын  білім  алушылар  келесі  сұрақтарға 
жауап  берулері  қажет:  мен  нені  істегім  келеді?  Мен  нені  үйренгім  келеді? 
Мен  кімге  кӛмектескім  келеді?  Менің  жобамның  аталуы.  Жоба  мақсатына 
жету үшін мен қандай жұмыстарды атқаруым керек? Ӛз жауаптары негізінде 
оқушылар  ӛз  жобаларының  жоспарын  келесі  үлгі  бойынша  құрастырады: 
жоба  тақырыбы,  жобаның  проблемасы  (мен  үшін  ол  неге  маңызды?),  жоба 
мақсаты (жобаны не үшін жасап жатырмын, қандай нәтижеге жетуім керек?), 
жоба міндеттері (мақсатқа жету үшін не  істейміз), жобаны орындау мерзімі, 
жоба  жетекшісі  туралы  мәлімет,  жоспарланатын  нәтиже,  презентация 
формасы,  жобаны  орындаушы  топ  тізімі.  Сонымен  бірге,  жобаны 
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің базасы және қажетті кеңесшілер 
белгіленеді.  
Жобамен жұмыс аяқтаған соң білім алушылар келесі сұрақтарға жауап 
береді:  ӛз ойлағанымның  бәрін  орындадым  ба?  Не  жақсы  істелді? Не дұрыс 
істелмеді?  Нені  орындауға  жеңіл  болды,  нені  орындауда  қиыншылықтар 
туды?  Бұл  сұрақтарға  жауап  беру  презентацияны  дайындауға  кӛмектеседі 
және сарапшылардың сұрақтарына сенімді жауап беруге мүмкіндік береді.  
 Жобаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 


1.
 
Білім  алушыларды  ӛз  тәжірибесін  қолдануды,  шығармашылық 
ізденуді  және  жоғары  деңгейде  белсенді  әрекетті  іске  асыруды  қамтамасыз 
етуі; 
2.
 
Алынатын  нәтижелердің  практикалық,  теориялық,  танымдық 
маңыздылығының  болуы  (мысалы,  белгілі  бір  аймақтың  демографиялық 
проблемалары  жайлы  баяндама  жасау,  осы  жағдай  бойынша  бірлесіп  газет 
жасау, немесе іс-шаралар жоспарын құрып, іске асыру және т.б.); 
3.
 
Білім  алушылардың ӛз  бетіндік  іс-әрекетінің  болуы  (жеке,  жұптық, 
топтық); 
4.
 
Белгілі  бір  әрекет  ретін  сақтауды  қарастыратын зерттеу  әдістерінің 
қолданылуы: 
-
 
проблеманы  және  одан  шығатын  зерттеу  міндеттерін  анықтау  
(мысалы,  бірлескен  зерттеу  барысында  «миға  шабуыл»  және  «дӛңгелек 
үстел» әдістерін қолдану арқылы);  
-
 
проблеманы шешу болжамдарын (гипотезаларын) ұсыну;  
-
 
зерттеу  әдістерін  талқылау  (статистикалық,  эксперименталдық 
әдістерді, бақылау әдісін және т.б.);  
-
 
соңғы  алынатын  қорытындыларды  рәсімдеу  тәсілдерін  талқылау 
(презентация, қорғау, шығармашылық есеп, кӛрме және т.б.).  
-
 
мәліметтерді жинақтау, оларды жүйелеу және талдау;  
-
 
қорытындыларды 
жасау, 
нәтижелерді 
рәсімдеу, 
оларды 
презентациялау;  
-
 
қорытындылар, зерттеудің жаңа проблемаларын анықтау. 
 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау