2.2. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе
– орталықтандырыл-
ған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік
меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын
алуы;
- экономиканы орталықтан жоспарлау;
- өндірушілердің монополиялануы;
- ресурстардың орталықтандырылған қоры.
- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
2.3. Нарықтық экономикалық жүйе
– жеке меншікке, жеке
мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар.
Сипатты белгілері:
- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
- кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;
- шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;
- шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;
- өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік,
бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |