Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет66/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   610
Экономикалык теория

экономикалық игіліктер
 – экономика-
лық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық 
және  материалдық  емес  заттар  мен  қызметтер.  Ал  экономикалық 
игіліктердің  ерекше  түріне  тауар  немесе  қызмет  көрсету  жатады. 
Тауар немесе қызмет көрсету
 – нарықтық экономикалық жүйеде 
сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес 
экономикалық игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері 
көбінесе  игіліктерді  өндіру  мүмкіндігінен  асып  кетіп  отырады. 
Сондықтан да, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама 
экономикалық игілік – ресурстар қажет.
Ресурстар
  –  бұл  қандай  да  бір  экономикалық  қажеттілікті 
қанағаттандыруы  тиіс  экономикалық  игіліктерді  (тауарлар  мен 


37
қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері 
немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан 
оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың 
негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат 
жатады.
Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы 
өте  зор.  Осыған  сәйкес,  өндіріс  факторларына  деген  екі  ғылыми 
көзқарас қалыптасқан: олар – маркстік және маржиналистік.
1. Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді: 
1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың 
еңбек үдерісінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын 
еңбек заттары
 
деп атайды. Олардың екі түрі орын алады, біріншіден, табиғаттың 
тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), екіншіден, өңдеуге 
түскен еңбек заттары (шикізат). 
Еңбек құралдары
 деп адамдардың 
солардың көмегімен еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын 
айтады. Еңбек құралдарына машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал-
саймандар, өндірістік ғимараттар, жолдар және басқалары жатады. 
Еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп жиынтығында өндіріс 
құрал-жабдықтарын құрайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтарын және 
өндірістік  тәжірибесі  бар,  еңбек  құралдарын  іс-әрекетке  икемдеп 
қосатын адамдарды қоғамның 

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау