Меншікті капитал
– фирманың жиынтық активтері мен жиынтық
пассивтері арасындағы айырма; фирма иегерлерінің активтердің
жалпы көлеміндегі үлесі.
Микроэкономика
– жекелеген экономикалық субъектілердің
нарықтағы мінез-құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін және нақты
бағаларды, нақты тауарлар мен қызметтерді, жекелеген нарықтарды
қарастыратын экономикалық ғылымның бір саласы.
Монетаризм
– кейнстік бағытқа қарсы сын айтушы балама
теория; жиынтық өнім көлемі мен бағалар деңгейінің өзгеруі ақша
ұсынысының өзгеруіне байланысты екендігін көрсететін бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: |