Ақша айналымының жылдамдығы – тауарлар мен қызметтерді
сатып алуға қажетті айналымдағы ақша массасының жылына қанша
рет айналатын-дығын көрсететін сан.
«Ақша тәріздес» (квази-ақшалар) – қаржылық активтер, олардың
ең маңыздылары болып қысқа мерзімді жинақ депозиттері, жедел
салымдар, қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, жинақ
облигациялары табылады; айналым құралы болып табыла алмайтын,
бірақ ақшаға тез айнала алатын құралдар.
334
Ақша ұсынысы – экономикада өндірілген жиынтық өнім көлемі-
нің айналымы үшін қажетті ақша жиыны немесе айналыстағы қолма-
қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі депозиттердің қосындысы.