Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет516/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   610
Экономикалык теория

15.3. Төлем балансы және валюта бағамы
Валюта
  –  бұл  халықаралық  есептеулерде  қолданылатын  ақша 
құралдары. 
Валюталық  жүйе  деп  халықаралық  есептесу  құралдарын 
қолданудың саясаты мен тәжірибесін айтады. Адамзат баласының 
даму  тарихында  валюта  жүйесінің  бірнеше  түрлері  орын  алды. 
Соларға тоқталып өтейік.
1. Алтын стандарт (1879-1934 ж.).
 Валютаның бұл жүйесі үшін 
алтын монеталарды еркін басып шығару және оларды айналымға 
жіберу,  банкнота-ларды  алтынға  (құймаларға  және  монеталарға) 
айырбастау  құбылыстары  тән  болды.  Алтынды  сыртқа  шығаруға 
және  оны  сырттан  әкелуге  рұқсат  етілді.  Айналымдағы  ақшаның 
саны ресми алтын қорымен анықталып отырды. Ал алтынның бағасы 
тіркелген болып табылды. Алтын стандарт жүйесі ақша айналымының 
тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді,  төлем  балансының  жағдайын 
автоматты түрде реттейді. 
Алтын стандарт жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіру 
үшін біз мынадай мысал келтіреміз. Айталық, АҚШ пен Англияның 
төлем балансында тапшылық орын алды. Американдықтар Англиядан 
тауарларды көп импорттады, ал өзі сол елге тауарларды аз  экспорт-
тады.  Бұл  жағдайда  төлем  балансының  тапшылығы  алтынмен 
жабылады. АҚШ елінен алтын сыртқа ағылады. Бұл елде ақшаның 
саны  азаяды.  Төлем  қабілеттілігі  бар  сұраныс  азайып  бағалар  да 
төмендейді. Бұл дұрыс па, әлде дұрыс емес пе? Дұрыс, өйткені АҚШ 
төмен бағамен өз тауарларын экспорттау қабілеттілігін жақсартады. 
Ал  шетелден  тауарларды  импорттау  шектеледі,  себебі  алтынның 
Англияға көптеп келуі сол елде ақшаның санын көбейтеді. Англияда 
бағалар өседі, тауарларды экспорттау қиындатылады. Алтын стандарт 
жүйесі  төлем  балансының  жағдайын  осылайша  автоматты  түрде 
реттейді. 
Алтын стандарт жүйесінің осындай артықшылығы бола тұра, оның 
кемшілігі ретінде мемлекеттің араласуын шектеу қарастырылады. Ішкі 
экономикалық даму төлем балансы жағдайына толық бағынышты, 
яғни сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді болып табылады. 


313
Бұл жүйе тек алтын бар болғанда ғана жұмыс істейді. Егер қандай да 
бір ел алтынды өндірмесе немесе оны сыртқа жіберіп алса, онда сол 
ел алтын стандарт жүйесіне қатысудан шет қалады.
Сонымен, алтын стандарт жүйесі бір жағынан, ақша айналысының 
тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді  және  инфляциялық  құбылысты 
болдырмайды,  ал  екінші  жағынан,  экономиканы  әлемдік  нарыққа 
тәуелді етеді, ішкі экономикалық саясатта таңдау еркіндігін шектейді.
Бұл жүйенің жағымды жақтарын қалдырып, теріс жақтарын жою 
үшін  алтын  девиздік  жүйе  немесе  бреттон-вудтық  валюта  жүйесі 
пайда болды.
2. Бреттон-вудтық валюта жүйесі (1944-1971 ж.). Алтын девиздік 
деген  атаудың  қалыптасуы  қағаз  ақшалар-девиздердің  әлемдік 
валюталар қызметін атқара бастауынан орын алды. Бұл жүйе кезінде 
ішкі экономикалық саясат әлі де болса төлем балансының жағдайына 
тәуелді болды. Алтын жүйенің негізі ретінде жұмыс істей берді. Бірақ 
алтындық мазмұны бар бір ғана валютаның рөлін АҚШ-тың доллары 
атқарды. Ал қалған валюталар долларға, содан соң доллар арқылы 
алтынға теңестіріліп отырды. АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі 
(ФРЖ) басқа елдердің орталық банктерімен келісім жүргізуде 1 троя 
унциясына
4
 35 доллар болып бекітілген баға бойынша алтынды сатып 
алуды және сатуды жүзеге асырды. 
Валюталық  бағамдар  тіркелген  болды.  Валюталық  қатынастар 
Халықаралық  валюталық  қормен  (ХВҚ)
5
  бақыланып  отырды. 
ХВҚ-ның  міндеттеріне:  валюта  бағамдарын  тұрақтандыру  үшін 
несиелер беру, қаржы жүйесін сауықтыру бойынша ұсыныстар жасау, 
валюталық паритеттерді бақылау кірді. Алтын девиздік жүйенің пайда 
болуы мемлекеттердің ішкі экономикалық саясатының тәуелсіздігін 
күшейте түсті. 
Алтынды,  ХВҚ-ның    несиелерін  пайдалану    арқылы  валюта 
баға  мын ұстап тұруға болды. Бірақ ең бастысы, төлем балансының 
жағдайын ұлттық валюта бағамын өзгерту есебінен ғана жақсартуға 
болады.  Алтын  стандарт  бұл  құралды  қолданбады.  Ал  алтын 
девиздік жүйе ұлттық мемлекетке валюта бағамын 10%-дық паритет 
аралығында өзгертуге мүмкіндік берді. 

 

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   512   513   514   515   516   517   518   519   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау