Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет382/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   610
Экономикалык теория

11.4. Мультипликатор теориясы
Мультипликатор
  (латын  тілінде 
multіplіkator
  –  көбейтуші)  – 
табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін 
көрсететін  коэффициент.  Мультипликатор  идеясын  экономика 
ғылымына  алғаш  рет  1931  жылы  ағылшын  экономисі  Ричард 
Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен 
жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультипликациялайтынын) 
көрсетіп  берді.  Дж.  М.  Кейнс  «Жұмыспен  қамтудың,  пайыздың, 
ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегінде мультипликатордың 
жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша 
белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және 
жұмыспен  қамтылуға  ынталандырушылық  ықпал  етеді.  Жалпы 
ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультипликативтік 
әсер деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде 
жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент 
болып  табылады.  Мысалы,  инвестиция  100  млрд.  теңгеге  өссе, 
мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, 
мультипликатор = 3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, 
онда  мультипликатор  2-ге  тең  болады.  Кейнстік  мультипликатор 
теориясы  шеңберінде  үкімет  (мемлекеттік  тапсырыс),  фирмалар, 
халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы 
ұлттық  өндірістің  тиімділігіне  және  өсуіне  игі  әсерін  тигізетіні 
негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт 
факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың 
динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция
 
нәтижесінің  қайталанып  отыратындығын  басшылыққа  алып 
жасалды.  Жинақ  ақша  мен  инвестиция  серпініне  талдау  жасауда 
мультипликатор  теориясын  пайдалану  жиынтық  сұраныстың, 
жалпы ішкі өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының 
өзгеруіне  ықпал  етудің  нақты  тұтқаларын  көрсетеді.  Бұл  теория
 
түрлі  бағыттар  тарапынан  сынға  ұшырағанымен,  тиімді  сұраныс 
тұжырымдамасын, нарықтық  экономиканы реттеу қажеттілігі мен 
мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: 
инвестициялық 
мультипликатор
 – күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы; 
ақша мультипликаторы
 – ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не 
азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қаншаға 
артатынын  не  қысқаратынын  көрсететін  сандық  коэффициент; 
депозиттік  (несиелік)  мультипликатор
  –  банк  депозиттеріндегі 


220
болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие 
рыноктарында  бір  мөлшердегі  ақшаның  сан  рет  пайдаланылуы 
арқылы несие көлеміне жасайтын ықпалы.

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау