Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет373/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   610
Экономикалык теория

Y = C + I + G + NX
Мұндағы, 
Y – жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
C – үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
I – фирмалардың инвестициялық шығындары;
G – мемлекеттік шығындар; 
NX – таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айыр ма сы.
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  жиынтық  сұраныстың  осындай 
теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп 
атаймыз.
Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық 
емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық 
сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс 
көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, 
онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға 
жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт 
топқа бөлуге болады:
1.  Тұтынушылық  шығындардың  өзгерісі,  оларға  үй  шаруа-
шылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, 
жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады.
2.  Инвестициялық  шығындардың  өзгерісі,  оларға  пайыз  мөл-
шерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады.
3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді 
экономикалық саясаты жатады.
4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, 
сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.


213
Жиынтық  ұсыныс
  –  бұл  бір  жылда  өндірілген  нақты  жалпы 
ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір 
деңгейінде  нарыққа  ұсына  алу  қабілеті.  Жиынтық  ұсынысқа  да 
бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлар 
жиынтық  ұсыныс  көлемін  өзгертеді  және  соған  орай  қисықтың 
бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар әсер еткенде 
жиынтық  ұсыныстың  өзі  өзгереді  және  қисық  оңға  немесе  солға 
жылжиды.  Бағалық  емес  факторларға  технология,  ресурстардың 
бағалары, қолданылатын ресурстардың көлемі, салық салу деңгейі, 
нарықтық  құрылымдардың  өзгерістері  және  басқалары  жатады. 
Бұл уақыт факторын ескермейтін сондай стандартты жағдай болып 
табылады және жиынтық ұсыныс қисығы баға деңгейі мен жиынтық 
өнім көлемі арасындағы тура тәуелділікті көрсетеді.
Алайда,  жиынтық  ұсыныс  және  оның  көлемі  уақытқа  тәуелді 
болып табылады, сондықтан осындай ерекше жағдайларда, жиынтық 
ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталады (11.2-сурет):

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау