ЖІӨ-ді есептеудің негізгі үш әдісі бар:
1. Қосылған құн әдісі.
Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос
есептеуді болдырмайды. Ол дайын игіліктерді сату құны мен
материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да
ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Басқаша айтқанда,
қосылған құн
– бұл фирманың басқа фирмалардан
сатып алып тұтынған шикізаттары мен материалдардың құнын алып
тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық фирмалардың
өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады,
яғни ол соңғы нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің
нарықтық құнын сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |