«Алтын стандарт»
- бұл негізгі валютаның рөлін алтын атқаратын,
бірақ айналыста оған айырбасталатын ақша белгілері болатын ақша
жүйесі. Алтын стандарттың негізгі үш нышаны бар: алтын монеталық,
алтын құймалық және алтын девиздік.
Алтын монета стандарты
жағдайында қағаз ақшалар белгілі бір
көлемде алтыны бар ақшаларға еркін айырбасталады.
Алтын құйма стандарты
кезінде ірі сомадағы банкноталар
берілген жағдайда ғана құйма түріндегі алтынға айырбасталады
(мысалы, Францияда ХХ ғасырдың 20-жылдары 215 мың франкіден
кем емес сома 12,7 кг. салмақтағы алтын құймаға сәйкес келді;
Англияда 1800 фунт стерлингке 12,4 кг. алтын құйма алуға болатын
еді).
Достарыңызбен бөлісу: |