Бұл курстың мақсаты
– негізгі зерттеу объектісі болатын функциялар
теориясының басты ұғымдарымен жан-жақты таныстыру. Табиғаттағы
заңдылықтарды зерттеуде, техникада, экономикада және тағы басқа ғылыми
процестерді зерттеуде функциялардың алатын орны ерекше болғандықтан
оларды жақсы білу маңызды. Сондықтан математикалық талдау пәні
классикалық математиканың басты бөлімі бола отырып, кез келген
математикалық пәндердің негізін қалайды.
Берілген курсты оқытудағы
шешілуге тиісті мәселелер
- студенттер
математикалық талдау пәнінің маңызды анықтамаларын, теоремаларын
есептер шығару барысында тиімді қолдана отырып, меңгерген теориялардың
нәтижелерін магистратурада таңдап алынған бағыт бойынша одан әрі
зерделеуге тиімді қолдана білуге үйрету және игерген білім дағдыларын
болашақта пайдалана алатындай көлемде табысты меңгеруіне қол жеткізу.
Математикалық талдау – жоғарғы математиканың негізін қалаушы пән.
Сондықтан математикалық талдау курсын білмей тұрып жоғарғы
математиканың басты пәндерін комплекс айнымалы функциялар теориясы,
дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика, функционалдық
талдау,
дифференциалдық
геометрия,
вариациялық
есептеулер,
ықтималдықтар теориясы, оптимальды басқару, экстремальды есептер
теориясы т.б. пәндерді жақсы меңгеру мүмкін емес.
Материалды баяндау келесі реттілікпен орындалады. Нақты сандардың
жиыны аксиоматикалық түрде енгізіледі. Нақты сандардың аксиомалары
тізбек пен функция шектері теорияларының негізгі тұжырымдарын
құрастырғанда жиі пайдаланылады. Шектер теориясының көмегімен үзіліссіз
функциялар және олардың қасиеттері зерттелінеді, дифференциалданудың
және интегралданудың ұғымдары енгізіледі. Бұл курстың материалдарын
баяндағанда
(мүмкіншіліктер
болса)
логикалық
символдар
және
математикалық ұғымдар формула түрінде кеңінен қолданылады.
Математикалық талдаудың заманауи дамуы оның қолдану аясының
кеңеюімен байланысты қарқындап келеді. Қазіргі жаратылыстану
ғылымында математикалық талдаудың орны уақыт өткен сайын ерекше
бағалануда. Жаңадан ашылып жатқан теориялық жаңалықтар жаратылыс
ғылымының нәтижелерін және оның әдістерін қолдануда жаңа мүмкіндіктер
беруде. Математикалық талдау пәні және оның әдістері заманауи математика
дамуында өзінің маңызын арттыра береді.
|