құрылғыны сұйықтықтың деңгейін өлшеу үшін қолдануға болады. Онда əуе кемелерінде
жанармай бактерінің орны үнемі ауысатындығына байланысты, осындай көрсеткіштерден
бірнешеуін орнату қажет, оның сигналдары есептеу құрылғысына келе отырып, деңгейдің
орташа мəнін сондай-ақ жанармай мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Онда есептеуіш
индикаторға, яғни дисплейге немесе тиісті түрлендіргіштер арқылы жазғыш құрылғыға
ақпарат береді.
1 – сурет. Əуе кемелерінің жанармай өлшегішінің деңгейін өлшеуге арналған құрылғының
340
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ұсынылған құрылғының мəнін 1 суретті пайдаланып түсіндіруге болады, осы
көрсетілген суретте 2 – жарық диодынан келетін жарықты өткізетін 1 – оптикалық
талшық, ал 3 – түс датчигі арқылы жарық диодынан сигнал қабылданады. Оптикалық
талшық арасындағы орта түсінің өзгеруі жарық датчигімен қабылданады жəне əрі қарай
бұл ақпарат жанармай деңгейінің орташа мəнін жəне оның жанармай багіндегі мөлшерін
анықтайтын есептеуішке береді.
Ұсынылып отырған құрылғыда əр түрлі ұзындықта бірнеше жұп 1 – оптикалық
талшық нығайтылған 4 – жазық зондтан тұрады. Бұл жазық зонд жанармай багінің
бірнеше жерлерінде орнатылған. Соңғысы əуе кемесінің əртүрлі орналасуы мүмкін ұшу
кезінде, тербелулер кезінде бактегі жанармай деңгейінің орташа мəнін анықтауға қажет.
Онда 2 – жарық диодынан оптикалық сигнал 3 – түс датчигімен қабылданады. Əрі қарай
жарық датчигінен оптоэлектронды, дифференциалдық күшейткіш арқылы сигнал күшейіп
жəне аналогты – цифрлық түрлендіргішпен түрленіп, жанармай деңгейін жəне оның
бактегі мөлшерінің орташа мəнін анықтайтын компьютердің кірісіне беріледі. Немесе осы
жарық датчигінің іске қосылуы бастапқы сəтте дифференциалдық күшейткішпен
қабылданады, өйткені бұл жарық датчигінен сигнал осы күшейткіштің бір кірісіне
беріледі, ал оның басқа кірісіне сигнал ең төменгі жарық датчигінен берілетінін айтып
кеткен жөн. Сондай-ақ негізі оптикалық талшықты жанармай багінің тікелей
қабырғаларына бекітіп, көбірек датчиктің жалпы салмақ пен өлшем параметрлерін
төмендетуге болатынын айтқан жөн.
Осылайша ұсынылған əуе кемелеріндегі деңгейді жəне жанармай мөлшерін
бақылау құрылғысы өлшеу жүйесінің сенімділік жəне дəлдік бір уақытта көтерілген кезде,
қолданылатын датчиктер жалпы салмақ жəне өлшем көрсеткіштерін азайту мəселесін
шешуге мүмкіндік береді.
Датчиктен жəне есептеуіші бар өлшеу бөлігінен тұратын əуе кемелеріндегі
деңгейді жəне жанармай мөлшерін бақылау құрылғысы, жанармай багінің қабырғаларына
əртүрлі деңгейге жететін ұзындықпен жұп-жұбымен топтастырылған оптикалық талшық
бекітілген, жанармай багінің шығысына əр жұптан бір оптикалық талшыққа немесе
барлығы бірге жарық диодына қосылған, екінші оптикалық талшықтың əр жұбына өз
кезегінде дифференциалдық күшейткіштің бір кірісіне қосылған жарық датчигі, екінші
кіріс анықтамалық жарық датчигінің шығысына жалғанған, жанармай багінің ең түбінде
орналасқан оптикалық талшық, дифференциалдық күшейткіштің шығысы компаратор
немесе Шмитт триггерлері индикатор құрылғысына немесе компьютерге қосылған.
Осы құрылғыда басты орынды түс датчигі алып отыр. Түс датчигі адам көзі сияқты
спектральды
фотохарактеристикаға
ие,
сондықтан
монокристалдық
кремнидегі
фотодатчик жағдайындағыдай сезімталдықты түзету қажеттілігі болмайды. Түс датчигінің
мұндай жаңа түріне ұзақ қарауға болады жəне автоматты тану немесе түсті ажырату
құрылғыларында қолданылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: