Негізгі әдебиет:
1-6
Қосымша әдебиет:
1-5
Интернет көздері:
1-5
9.1.5.
Тақырыбы.
Жасушалық суспензия культурасы. Жасушаларды өсіру жүйелері
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.Жасушалар суспензиясы
2.Иммобильденген жасушалар
3.Қосымша заттарды алу үшін жүргізілетін жұмыстардың кезеңдері
Дәріс тезисі
Жасушаларды in vitro жағдайында өсірген кезде олардың өсуі мен биосинтездеріне
өсіретін жүйелердің техникалық көрсеткіштерінің маңызы зор. Өсімдіктердің қосымша
заттарының биотехнология өндірісі көбінесе сұйық ортада өсетін жасушаларға негізделген.
Лаборатория жағдайында қосымша метаболизмді зерттеген кезде жасушалар әдеттегідей
колбаларда кішігірім көлемде (40-200 мл) өсіріледі және айналмалы тербеушілерде
араластырылады. Колбалардың айналу жылдамдығы (әдетінше минутына 90-120 айналым)
жасушалардың өсуіне және метаболиттердің жинақталуына әсер етеді. Мысалы, итжидек
пен үйеңкі жасушаларының айналу жылдамдығы төмендегенде, олардың өсуі бәсеңдеген.
Ал темекі жаушаларының өсуіне айналу жылдамдығы әсер етпеген, тіпті жылдам
айналдыру арқасында оларда никотин синтезі арта түскен.Жалпы, өсімдік жасушаларының,
микроорганизмдермен салыстырғанда, физиологиялық және метаболиттік активтілігі
төмен болады. өсімдік жасушаның генерация уақыты (жасушаның кезекте екі бөлінуі
арасындағы мерзім) микроб жасушаның генерация уақытынан 60-100 есе арта түседі.
Жасушаларды мынадай төрт жолмен иммобильдеуге болады:
1) жасушаларды түрлі оқшау (инерттік) заттармен қаптау (альгинат, агар,
полиакрилаимд, коллаген, т.б.);
2) оқшау заттың беткі қабатына жасушаларды абсорбция арқылы орналастыру;
3) оқшау заттың беткі қабатына жасушаларды биологиялық макромолекулалармен
(лектиндермен) «тігу»;
4) жасушаларды коваленттік байланыстар арқылы оқшау субстратқа орналастыру
(мысалы, карбоксиметилцеллюлоза). Көбінесе алғашқы екі тәсіл қолданылады.
Биологиялық жағынан оқшау затқа бекінген жасушалар өз өміршендігін сақтайды. Бекіген
жасушалар төңірегінде қоректік орта көп мөлшерде жүріп тұрады, оның құрамын өзгертіп,
өсу қарқындылығын бәсеңдетіп, қосымша заттарды көбірек алуға болады.
Бекіту сұрақтары:
1. Клеткаларды өсіру жүйелері
2. Иммобильденген клеткалар
3. Қосымша заттарды алу үшін клеткалық технологияларды дайындау жұмысының
кезеңдері
Әдебиет:
Достарыңызбен бөлісу: |