Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
76 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
Ішекке газ толып, оның шығуы қиындағанда, науқастың асқазан-ішек жолдарын
эндоскопиялық зерттеуге дайындағанда жүргізіледі. Бірақ асқазан мен ішектен қан
аққанда, жуан ішектер мен артқы тесіктің жіті қабынуы мен жараларында, тік ішек төмен
түсіп кеткенде, артқы тесік аумағындағы сызаттары мен шытынауында, қатерлі ісіктерде,
қан аққан көтеуде бұл емді қолдануға болмайды.
Орындалу ретттілігі:
1.Ақжелкенді ауыстырып алжапқыш, қолғап киеді.
2.Кушеткаға клеенка мен жаялық төсейді.
3.Науқасты бір бүйіріне жатқызады.
4.Қолды тазартады.
5.Бикстен газ шығарғыш түтікті шығарады.
6.Сол қолмен бөксені ашып, оң қолмен еппен айналдыра вазелин жағылған түтікті 20-30
см тік ішектің артқы тесігіне кіргізеді.
7.Түтіктің сыртқы ұшына суы бар ыдысқа салады.
8.Газдың шыққанын байқағаннан кейін түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа төрт бұрыштан
орайды.
9.Әрбір 20-30 минут сайын науқастың жағдайын бақылайды.
10.1 сағаттан кейін түтікті шығарып (артық уақытқа қалдыруға болмайды, ойық жара
пайда болуы мүмкін) зарарсыздандырады.
11.Артқы тесікті орамалмен сүртеді, қажет болса вазелин жағады.
12.Егер газ түгелдей шыкпаса, емді 2-3 сағаттан кейін тәулігіне 2-3 рет (артық болмайды)
қайталайды.
13.Қолды тазартады.
Тоқ ішектің жиырылу қозғалысын күшейту арқылы төменгі бөлігін үлкен дәрет пен газдан
босату үшін және дәретті сұйылту мақсатында жүргізіледі. Бірақ асқазан мен ішектен қан
аққанда, тоқ ішектер мен артқы тесіктің жіті қабынуы мен жараларында, тік ішек төмен
түсіп кеткенде, артқы тесік аумағындағы сызхаттар мен шытынауында, қатерлі ісіктерде,
қан аққан көтеуде, операциядан кейінгі бірінші күндері бұл емді қолдануға болмайды.
Клизма — Тазарту клизмасын жасау үшін арнайы грелкаға 4—6 стакан (температурасы
25—35°С) су құяды. Су ағызатын түтікте ауа қалып қоймауын қадағалау керек, бұл үшін
шүмекті ашып, азырақ суын ағызады. Грелканы 1,5—2 м көтеріп, шегеге іледі. Кереуетке
клеенка төсеген жөн. Науқас сол жақ бүйіріне, төсектің Шетіне таман, тізесін бүгіл жатуға
тиіс. Түтіктің вазелин жағылған ұшын еппен бұрай итеріл тік ішекке енгізіл, одан кейін
шүмекті ашады. Түтіктің ұшын суырып алғаннан кейін науқас бірден дәретке бармай 5—
10 минут шыдауға тиіс. Балалар клизмасы үшін әдетте резеңке баллон қолданылады.
Қолданылуы.
Судың мөлшері баланың жасына байланысты мынадай болады:
1 айға дейін - 2 ас қасық
1-ден 3 айға дейін - ⅓ Стакан
3-тен 6 айға дейін - ½ стакан
6 айдан .,2 жасқа дейін - 1 стакан
2-ден 5 жасқа дейін - 1,5 стакан
5-тен 9 жасқа дейін - 2 стакан
9-дан 12 жасқа дейін - 2,5 стакан
Клизманы дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қойған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: