8.Ұйымдастыру кезеңі:
35 мин (6%)
•
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
•
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
•
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру
:35 мин (15%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру
.60 мин (30%)
Ас қорыту жүйесінің қызметі ағзаға түсетін күрделі тамақтық заттарды химиялық
қосылыстарға ұсатып, ыдыратып, тамақты асқорыту жолына түсіруге, қорытылған
тамақты сіңіруге жәнне ағзадағы қалдықтарды шығаруға арналған. Медицина
қызметкерлерінің міндеті құсу кезінде пациенттің жағдайын жеңілдету мақсатымен оны
ыңңайлы отырғызып, кеудесіне орамал немесе алжапқыш жауып, аузына таза астауша
немесе леген қоюы керек. Жағдайы ауыр пациентке көмектсіп, үнемі жанында болуы тиіс
және ол туралы дәрігерге хабарлап, құсып болғаннан кейін ауызын шайғызу керек.
Егер асқазаннан қан кеткен жағдайда дереу жедел көмек көрсету керек. Қан қысымын
өлшеу, тамырының соғуын тексеріп, мұзды мұйық қою керек. Дәрігер келгенше жалғыз
қалдырмау керек. Тағайындалған белгілерді уақытында орындап, тәулік бойы пациентке
тамақ пен сусын ішуге болмайтынын түсіндіру керек. Асқазанды жуу, жел шығаратын
тітікшені қою және клизма жасағанда судың мөлшерін, температурасын, керекті құрал
жабдықтарды дайындау және іс әрекеттерін істей бәлу қажет. Бір рет
қолданылатынзондтарды қолдану керек және оларды жоюды білу. Іс әрекеттерді мұқият
асықпай жасау қажет, себебі әр түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. Көп рет қолданылатын
құрал жабдықтарды дезинфекциялау. Іс әрекет алдында және істеп болғаннан кейін қолды
жууды ұмытпау керек.
Пациенттердің үйден келген тамақтарды диетаға сәйкестігін қадағалау. Бөлімшедегі
санитарлық эпидемиологиялық жағдайын бақылау.
Ас қорыту ағзаларының қызметі бұзылған кездегі клиникалық белгілер:
Тәбеттің бұзылуы – АІЖ-ң асқорыту безінің қызметі бұзылғанда байқалады; жоғарылауы
немесе төмендеуі, көбінесе жұқпалы ауруларда, зат алмасу үрдістернің патологиялық
өзгерістерінде кездеседі.
Тәбеттің бұзылуы Тәбеттің болмауы (анорексия) – психикалық өзгеріс, науқас тамақтан
бас тартады.
Тәбеттің жоғарылауы – тамақты көп қабылдап дене салмағының артуына алып келеді.
Нервті стресс, жүктілік, кейбір дәрілік заттарды қабылдау, гармональды өзгерістер себеп
болады.
Дәмнің өзгеруі – бұл ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы мен дәм сезудің төмендеуі.
Бұл көбінесе ауыз қуысындағы патологиялық өзгерістерге байланысты болады(шіріген
тістер, созылмалы тонзилит).
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
71 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
Заеда- езудің ойылуы, организмде темір және витаминдердің жетіспеушілігінен пайда
болады.
Ықылық – диафрагманың рефлекторлы кенеттен ұстамалы жиырылуы, дыбысты қатты
демалумен байқалады.
Тоқтаусыз ықылық қату – жедел көмекті қажет ететін өте ауыр жағдай. Асығыс құрғақ
тағаммен асқазан тез толса, жауап ретінде қысқа мерзімді ықылық пайда болады. Мидағы
қан айналымның бұзылуынан, невроз кезінде, ішек өтімсіздігі кезінде, құрсақ қуысына
хирургиялық араласулардан кейін және өт аурулары кезінде ықылық ұзаққа созылады.
Науқасқа көмек көрсету кезінде оны ең алдымен тыныштандыру, ыңғайлы отырғызу,
көкірегін қысып тұрған киімін шешу, таза ауа жұтқызу (палатада болса терезесін не есігін
ашу арқылы таза ауа кіргізу, ал үй жағдайында болса далаға шығару), 1-2 жұтым су
ішкізу. Ықылық ұзақ уақытқа созылса 0,5 % новокаин ерітіндісінен 1-2 ас қасықпен ішуді
ұсыну керек.
Асқазан тұсы ауруы – өте жиі кездесетін белгі. Ол ішек, бауыр, ұйқы безі ауруларымен
байланысты. Асқазан тұсы ауырсыну көбіне эпигастриялық аймақта, асөазанның
шырышты қабаты тамақпен немесе асқазанның қышқыл сөлімен тітіркенгенде пайда
болады. Ауырсыну тамақ ішкеннен кейін 30-40 минуттан кейін(ерте) немесе 1,5-2 сағаттан
кейін басталады. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмен болғанда пациенттер ауырсыну
немесе асқазан тұсы толғандай сезім тамақ ішкесін бірден басталады.
Дисфагия – тамақтың өңештен өтуінің нашарлауы.
Кекіру – еріксіз ауаның өңеш, ауыз арқылы сыртқа шығуы, кейде ауамен бірге тамақта
келеді.
Жүрек қыжылы асқазан – өңештік рефлюкстің бұзылуына байланысты болады.
Жүректің айнуы – асқазан аймағында қиын анықталатын кзбе жүйкесінің қозуына
байланысты рефлекторлы акт. Жүректің айнуы терінің бозаруымен, жалпы әлсіздікпен,
бас айналу, терлеу, артериялық қысымның төмендеуімен, сілекейдің ағуымен,аяқ қолдың
мұздауымен, кейде жартылай естен тану жағдайларымен қатар жүреді.
Шіріктің иісін сезіну – асқазанға ас қалдықтары жиылып қалуынан және оның шіріуінен,
өңештің қатерлі ісігінде пайда болады.
Асқазан қыжылы – бұл сезімді науқастар көбінесе жүрек «күйеді» немесе қыжылдайды еп
сипаттайды. Асқазанның күйіп күйіп, қыжылдау себебі – қарын сөлінде қышқылдарының
көбейіп кетуі.
Құсық – күрделі акт, ол қозу орталығының қозуына байланысты және асқазандағының
бәрі өңеш, жұтқыншақ, мұрын, ауыз арқылы еріксіз сыртқа шығуы. Пациент көп құсса
жағдайы тез нашарлайды, себебі ол көп сұйық жоғалтады және ағзаға қажетті
микроэлементтерді жоғалтады.
Құсу кезінде көрсетілетін көмек:
-Пациентті тыныштандырып;
-Пациентті отырғызып, кеудесіне клеенка немесе орамал жабыңыз;
-Екі аяғының ортасына шара қойыңыз;
-Пациенттің басын ұстаңыз;
-Құсып болған соң аузын сумен немесе басқа бір ерітіндімен шайып, аузын сүлгімен
сүртеңіз;
-Дәрігер келгенше құсықты төкпей, шарада қалдырыңыз.
-Қолданылған құрал жабдықтарды дезинфекциялаңыз.
Егер құсыққа қан араласса, онда асқазан жарасының асқынғаны.
Ішек - асқорыту каналының бөлігі, асқазанның привратник бөлігініен басталып тік
ішекпен аяқталады. Ішекте астын қортылуы, сіңірілуі пайда болған шлактердың жойылуы
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
72 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
жүреді. Ішек жіңішке және жуан болып бөлінеді: ащ ішек 160-400 см, тоқ ішек 1,5м.
Ішкетің патологиясының ең бастысы симптомы – нәжістің бөлінуінің бұзылуы.
Іштің қатуы – үлкен дәреттің 72 сағаттан артық кідіруі. Іштің қату ұзақтығының тек
патологиялық жағдайда ғана емес, сонымен қатар тұрмыс жағдайы және тамақтану
тәртібіне байланысты.
Іш өту (диарея) – үлкен дәреттің сұйық болуы. Ол аурудың негізгі белгісі болып
табылады. Іш өту ауыр және созылмалы ішек инфекциясында, ағзаның кейбір тағамдарға
өте сезімталдығынан пайда болады.
Іш кебу – ішекке жел толуы.
Тенезма симптомы – дефикацияға жалған ауырлық шақыру, мысалы, проктитте,
дезинтерияда
Метеоризм симптомы. Науқастар қарынның ісінуін, ауырлықты сезінеді. Себептері:
ішекте газдың жиналуы, ішектің қозғалу функциясының бұзылуы, ішек қабырғаларында
газ сорылуының төмендеуі, метеоризм клетчаткамен бай азықтармен қолданғанда, оларды
қорытылу кезінде газдың көп бөлуіне жағдай жаратылады (капуста, қара нан), асқазан
асты безінің функциясы төмендегенде, ішек микрофлорасының құрамы өзгергенде, ішек
бұралғанда.
Асқазан ішектен қан кету симптомы. Асқазан жарасы, эрозия, асқазанның ісігі, бауыр
циррозы, өңеш венасынын варикозды кеңеюі, ішектердің әр түрлі аурулары – ісік,
геморрой, жаралы колит пайда болады. Асқазан ішектен қан кету жасырын түрде болуы
мүмкін – қан кету басынан «кофе қоюы» қусу, қан аралас қусу немесе нәжістің қан аралас
бөлінуі (мелена). Осыдан соң кенеттен бас айналуы, тез шаршау, тері қабаттарының
бозаруы, пульстің жиілуі, тыныстың жиілілуі, суық тер, құлақтың шыңылдауы, көз алдын
қарайытуы, жүрек түсында ауырсыну болады. Науқас не болғаннын түсінбестен есінен
таңу мүмкін, лоқсу, қан аралас қусу, нәжістің қан аралас бөлінуі байқалады.
Асқазан ішектен қан кеткендегі негізгі белгілер. Мұндай қан кету асқазан, ішек, бауыр,
өңеш тағыда басқа аурулардың симптомдары болады: қан аралас қусу, «кофе қоюын» қусу
тұз қышқылы гематин араласып шығады. Тоқ ішектен қан кеткенде нәжісте ашық түсті
қан (гемотохезис) пайда болады. Өңештен қан кеткенде қусық массаларына ашық түсті
қан қосылады. Нәжістің мелена тәрізді (қара түсті) болуы ішекте қаннан әр түрлі
ферменттердің және бақтериялардың пайда болуынан болады. Өзгермеген ашық түсті
қанның нәжісте болуы асқазаннан қан кеткенін дәлелдейді. Ал ішектен қан кеткенде, тоқ
ішектің ісігінде нәжіс аралас ал геморройда дефикация кезінде қан қосымдысы бөлінеді.
Темір жетіспеушілік анемиясында шамалы қан кету байқалады. Асқазан ішек
жолдарынынан көп қан кетуі кезінде коллапс постегморрагиялық анемия пайда болады.
Бауыр - құрсақ қуысының жұпсыз мүшесі, адам организмдегі ең үлкен без. Түрлі
функцияларды орындайды. Бауырда оған асқазан ішек жолдарынан қанмен түсетін улы
заттарды залалсыздандыру жүреді. Оның массасы үлкен адамда – 1500-1700 г.
Өт қабы - өт жиналатын қалта.
Бауыр және өт жолдарындағы клиникалық симптомдар.
1.аурысыну оң қабырға оң иық жаурынға, жауырдың аралығында таралуы
2.диспептикалық бұзылыс
3.жедел қабыну процесінде температураның көтерілуі
4.тердің қышынуы
5.сарғаю
6.тері, шыршты қабаттар сары түске енеді
7.нәжістің ашық түске, зәрдің қоңыр түске енуі
Стомаларды күту.
Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы
044-57/16 ( )
73 беттің 96 беті
Әдістемелік өңдеу
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.
Дайындаңыз: заласыздандырылға: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш
материалдарды, қолғапты, лотокты, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар
флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын, лейкопластырьді,
пайдаланған таңғыш материалдарына арналған лотокты, зарасыздандыру ерітіндісі бар
ыдысты, А және Б кластарын
Асқазанды шаю.
Мақсаты: Асқазаннан тамақ қалдықтарын, уландырғыш заттарды сыртқа шығару.
Көрсеткіштері: тамақпен, дәрімен, химиялық заттармен, алкогольмен улану.
Кері көрсеткіштері: асқазаннан немесе өңештен қан кету, өңештің органикалық тарылуы,
ойық жара аурулары, жалпы жағдайы ауыр пациентттерде.
Дайындау қажет: бір рет қолданылатын асқазан зонды, 10-12 литр су, Жане шприці, 2
клеенкалы алжапқыш, шара, қолғап.
Іс әрекет алгоритмі:
1.Пациентке іс шараны түсіндіріңіз;
2.Қол жуып, қолғап киеміз, алжапқыштың біреуін өзіңіз, екіншісін пациентке кигіземіз;
3.Пациенттің ауызын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып,аузын жауып,
мұрынмен тыныс алуын сұраңыз;
4.Зондтың бір ұшына суға толған Жане шприцін жалғаймыз, Жане шприці арқылы 1-1,5
литрдей су енгіземіз;
5.Енгізіп болғаннан кейін шприцті алып, зондты шараға бағыттаймыз, осылай таза су
шыққанша қайталаймыз;
6.Енгізілген су мен шыққан су бірдей мөлшерде болуына назар аудару керек.
7.Егер алғашқы жуынды су зерттеге керек болса, онда оны таза, қақпағы бар ыдысқа (100
мл) жинап, жолдама жазып, зертханаға жіберу керек;
8.Ақырын асқазаннан зондты шығарып алып, зондты Б класына тастаймыз;
9.Пациенттің аузын шайғызып, орнына жатқызыңыз;
10.Барлық қолданылған құралдарды дезинфекциялап, қолды жуыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |