Соқыр-саңырау
баланың, барынша шектелген сенсорлық саласы,
психикалық дамуға жағдай жасайды. Танымдық мҥмкіндіктер сақталған
кезде, ата-ананың дҧрыс əрекет етуі жағдайында, соқыр-саңырау бала,
белгілі бір дамуға қабілетті болады. Дҧрыс дамудың кӛрсеткіші, бала мен
оның жақындары арасындағы табиғи ымдау қимылдарымен жҥзеге
асатын, қарымқатынастың орнығуы болып табылады. Балалар кҥнделікті
тҧрмыстық ситуацияларда, ымдау тілімен тҥсініседі. Ал, сӛйлеу тек
арнайы оқытудың кӛмегімен ғана жҥзеге асады.
«Мектепке дейінгі жастағы, соқыр-саңырау баланың қарымқатынас
жасауының алғашқы қҧралы - ым-ишара тілі жетекші орынға шығады.
Осы ым-ишара кӛмегімен, ересек адамдардың жетелеуімен, бала
кҥнделікті тҧрмыстық жағдаяттарды біртіндеп игереді (таңертеңгі жуыну,
тамақтану, ойнау, ҧйқыға дайындық).
Қандай бір затпен іс-əрекет жасаудың белгісі ретінде, ымдау немесе заттың
кӛмегімен білдіру, тҧрмыстық жағдаяттарда маңызды сигнал болып
орнығады. Соқыр-саңырау баланың, кез- келген іс-əрекеттерді, алдымен,
жеке, одан кейін тҧтас əрекеттер циклі ретінде меңгеруі, сол əрекетке
қатысты заттармен, ымдау арқылы жҥзеге асады. Бҧлардың барлығы,
табиғи белгіні шартты белгімен алмастыруға даярлайды (дактиль тілімен,
ымдау тілімен), келешекте белгілерді дактилемамен алмастыруға, одан
кейін жазба тілмен жазуға (ірі əріптермен жазу-оқу немесе Брайль
шрифтін меңгеру) мҥмкіндік береді.
Кҥрделі кемістігі бер балалардың, қоршаған орта туралы дҧрыс мағлҧмат
алуына, сурет салу, ойнау, қҧрастыру, модельдеу, саз балшықтан илеу
сияқты жҧмыстар, септігін тигізеді. Əсіресе, осы əрекеттер баланың
қоршаған орта туралы мағлҧматтарының адекваттылығын бақылауға
мҥмкіндік береді, олардың кӛмегімен заттардың атын, бейнесін білдіретін
сӛздердің мағынасын қорытындылау жҥзеге асады. Ӛкінішке орай,
қосымша даму бҧзылуы бар соқыр-саңырау немесе соқыр балалар, ересек
адамдардың іс-əрекеттерін ӛз беттерімен бақылай алмайды, олар еліктеу
мҥмкіндіктерінен ада. Баланы ҥйрету, тек ересек адамдармен бірлесіп
ҧйымдастырылған əрекеттер арқылы орындалады. Балаларды ойнауға,
басқа іс-əрекеттерге, ересектер ҥйретеді. Яғни, бала ересектердің
қимылын сипап-сезу арқылы бақылайды, одан соң қайталайды. Сӛйтіп,
барлығын, - басқалардың киінгенін, тамақ ішкенін, заттарды ҧстап
пайдаланғанын – сипап, еліктеу жолымен ҥйренеді, қолымен «кӛреді».
Олардың өзіндік тəжірибелері жинақталады, басқалар туралы мағлҧмат
қалыптасады. Кейін, кез келген затты ұстатқаннан-ақ не істеу керектігін
бірден ұғатын болады. Тіпті, бірнеше əрекеттерді қатар орындай алады.
Мысалы, сабын, шыныаяқ, таңертеңгі жуыну мен ертеңгі асты ішу
керектігін білдіреді»1.
Соқыр-саңырау баланы оқу мен жазуға ҥйретуге кіріспестен бҧрын, онда
басқаларға
кедергі
жасамай
бақылау
қажеттігі
ҥйретіледі,
ал
ойыншықтармен ойнауға ҥйретуде, ең алдымен, ойыншықтың шын
мəнісіндегі өмірдің қайталамасы екендігі, қуыршақтың «адам» екендігін
«көре білуге» үйретеді. Мұның өзі, мектепке дейінгі жастағы балалар
ҥшін, алыс дҥние, тек мектеп жасында ғана, балалар қуыршақты адамның
«көшірмесі» ретінде қабылдай алады.
Кез келген бала, заттар мен қҧбылыстар əлемін меңгермейінше, уақыт пен
кеңістікті ӛз бетімен бағдарлауды үйренбейінше, өзіне-өзі қызмет етуге
дағдыланбайынша, жеке
тұлға ретінде қалыптаса алмайды. Кҥрделі
кемістігі бар балалардың, жоғарыдағы аталған дағдыларды игеруге,
мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы уақыты кетеді.