65-тапсырма. ҚР-ның Президентіне, ҚазҰТУ ректорына, өздеріңіз
оқитын институттың директорына жұмыстағы ірі-ірі жетістіктерімен
құттықтау мəтінін құрастырып, жеделхат жазыңыздар.
4-апта. 7-сабақ
66-тапсырма. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттеуінен
қысқаша мəлімет алып, өзара пікір алысып, ой бөлісіңіздер.
67-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оларға жауап
дайындаңыздар.
68-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.
Бұйрық-жарлық құжаттары
* * * * *
XIV ғасырда жазылған жарлықтар
тілінің зерттелуі
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін де өте құнды
деректердің бірі болып табылатын XIV ғасырда жазылған
жарлықтар
тілін
зерттеуге арналған А.Ибатовтың «XVI ғасырдағы хандар
жарлықтарының
тілі» еңбегі де іс қағаздары тілінің қалыптасу кезеңін көрсететін, нақты
материалдарға ғылыми талдау жасаған құнды зерттеу жұмысы. А.Ибатов:
«
Жарлықтар
сан жағынан өте аз іс қағазы болғандықтан, көлемі жағынан да
шағын болып келеді. Бірақ соған қарамай, онда қолданылған сөздер мен
олардың неше алуан өзіндік ерекшеліктері – қазіргі тілдердің қалыптасып
тұрақталу тарихын байыптап аңғару ісінде бірден-бір қажет материалдар», –
деп, жарлық мəтіндері тілінің қазіргі ресми іс қағаздары тілінің қалыптасу
тарихын зерттеуге қажетті, құнды материал екендігін атап көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілінде
əмір, бұйрық
, мағынасын беретін ресми іс
қағазының бір түрінің атауы ретінде қолданылатын
жарлық сөзі
Орхон-Енисей
жазба ескерткіштер тілінде
йарлық
формасында кездеседі. Ол осы күнгі
жарлық сөзінен өзгеше емес.
XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарын қазіргі қазақ іс қағаздары
тілімен тікелей тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастырады. Бұл жөнінде
А. Ибатов: «Жарлықтар тексті болса, сол орта ғасыр жазба əдеби тілінің
стильдік бір тармағы ретінде, іс қағаздарының стилімен жазылған мұралар
қатарында танылуы қажет», – деп жазады.
XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана.
Жарлықтар бір бет көлемінде болып келеді. Зерттеуші А.Ибатовтың пікіріне
сүйенсек, жарлық мəтіндерінде шамамен 350-дей түрі жəне туынды сөздер
қолданылған. Ол сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне тəн сөздер болғандықтан,
түркі тілдес ұлт өкілдері жарлықтардың мазмұнын қиындықсыз-ақ түсіне
алады.
Жарлық мəтіндерінде түсініксіз сөздер де кездеседі. Олардың біразы
монғол тілімен байланысты болса, біразы араб сөздері. Жарлық мəтіндерінде
жер-су, кісі аттары жиі кездеседі.
XIV ғасырда іс қағаздарының əлі жеке іс қағазы болып қалыптаса
қоймағандығы байқалады. Ондағы грамматикалық ерекшеліктер араласа
беріліп отырған. Бірақ жарлықтың өзінде анықтамалық-ақпараттық құжаттарға
тəн ерекшелік – баяндауыштың ашық райда берілуі. Ал өкімдік құжаттарға тəн
ерекшелік – баяндауыштың бұйрық рай формасында келуі. Екіншіден, бұл
құжаттарды құрылымына қарай
Достарыңызбен бөлісу: |