Пунктуациясы



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет3/173
Дата21.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0 (1)

1-жаттығу.
  Төмендегі  сөздерді  орфографиялық  принциптерге  бөліп 
жазыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. 
 
морфологиялық-
фонематикалық принцип 
фонетикалық принцип
 
тарихи-дәстүрлік 
принцип
 
Жазса, ...
 
 
 
 
Жазса,  сенбі,  фестиваль,  түнгі,  қашанғы,  совхоз,  жарқабақ, 
орынбасар,  шекара,  көзбе-көз,  тауып,  қан  қызыл,  тарағы,  бозжусан, 
көк  дөнен,  жүрегі,  белбеу,  керек  екен,  қолғап,  самауырын,  шайнек, 
пәуеске,  көпене,  бөрене,  пайда,  хат,  ес  жоқ,  жеребе,  халық,  шкаф, 
гауһар,  бес  жыл,  он  қап,  жиһан,  қаһарман,  колхоз,  геометрия,  ауа, 
сәнқой,  Досжан,  жан  кешті,  тас  жол,  стакан,  дүйсенбі,  қарлығаш, 
ашудас, сөзжасам, бозкөде, бозша, бүгін. 
 
2-жаттығу. 
Асты  сызылған  сөздердің  ережесін  еске  түсіріп,  қандай 
орфографиялық принцип бойынша жазылғанын анықтаңыздар. 


 

 
морфологиялық-
фонематикалық принцип 
фонетикалық 
принцип
 
тарихи-дәстүрлік принцип
 
 
 
 
 
Төмен сырғанақтаған бөшкені бүктетіле тіреп, сілеусін көзі ызғар 
шаша қарап қалғаны  Танабайдың  көз алдынан кетпей  қойды. 
(Ш.А.)
 
Бейшара  несіне  жетіседі,  мұның  халінде  бетегеден  биік,  жусаннан 
аласа тірліктен басқа  не бар... 
(Ш.А.)
  Биыл  Қарауыл  суы  мол  тасып, 
Жидебай,  Мұсақұл  үстіндегі  кең  қорық  көк  жайқын  қалың  шалғын 
боп  келе  жатыр  еді. 
(М.Ә.)
  Дәл  бүгін  осы  қонысқа  жеткенше  бұл 
ауылдар  өзге  Шыңғыс  бөктерінен  көшкен  Бөкенші,  Жігітекті  қуып 
жете алмаған. 
(М.Ә.)
 Сүйтіп, қазаннан жаңа түскен ет бір қолдан бір 
қолға  лып-лып  етіп,  салқындамай,  тоңазымай  лезде  жетіп  тұрды. 
(М.Ә.)
  Бердіқожаның  көнген  хабарын  алысымен  Құнанбай  қалың 
малды, жыртысты бір-ақ жібертті. 
(М.Ә.) 
 
3-жаттығу. 
Төмендегі  үзіндіден  морфологиялық-фонематикалық  және 
фонетикалық  принциптер  бойынша  жазылған  сөздерді  тауып,  ережесін 
түсіндіріңіздер. 
 
морфологиялық-фонематикалық 
принцип 
фонетикалық принцип
 
 
Ерліктің негізі – сүйіспеншілік. Кісі сүйгенінің құлы да, құрбаны 
да  болады.  Отанын  сүйген  солдат  ол  үшін  отқа  да,  суға  да  түседі. 
Сөйтіп, саналы түрде ерлік жасайды. Ол ерлікті қай күні, қай сағатта 
жасайтынын солдаттың өзі білмейді. Сәт сағаты жетіп, жан толқыны 
тулап, шиыршық атып аспанға шапшығанда, солдаттың жұдырықтай 
жүрегінен ерліктің жалыны бұрқ ете лаулап атылады. Дүниені дүлей 
тасқын  кернейді.  Жер  сілкініп,  тау  төңкеріледі.  Күн  күркіреп, 
найзағай  жарқылдайды.  Солдат  ерлік  жасағанда  осындай  болады! 
Бірақ  солдат  оны  ерлік  жасадым  деп  есептемейді.  Азаматтық 
міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім 
деп  қана  біледі.  Ерлік  жасаған  сәтте  солдаттың  басындағы  ой  осы 
ғана болады. Өзінің ерлік жасағанын өлген солдат білмей кетеді, тірі 
қалған  артынан  ұғады.  Онда  да  алғашында  ол  ондай  ерлік  жасаған 
емес,  басқа  біреу  болар  деп  ойлайды.  Мінеки,  ерліктің  ешқандай 
есепке көнбейтіні де сондықтан!
 
(Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»)
 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау