Тақырып бойынша тест тапсырмалары
І. Сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің
соңында жазылатын әріптерді белгілеңіздер.
A) б
B) в
C) к
D) ф
E) д
F) ғ
ІІ. Кірме сөздерде жазылатын әріптерді белгілеңіздер.
A) ф
B) г
C) ц
D) ч
E) б
F) ғ
ІІІ. Тек жуан сөздерде келетін дауыссыздарды белгілеңіздер.
A) қ
B) ч
C) х
D) һ
E) ғ
F) ң
ІҮ. Сөздің барлық шенінде жазылатын дауыссыздарды
белгілеңіздер.
A) ж
B) б
C) х
D) ғ
E) ш
F) ң
23
Ү. Тек жіңішке сөздерде келетін дауыссыздарды белгілеңіздер.
A) ц
B) г
C) к
D) ч
E) х
F) б
Ескерту.
Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Бірге жазылатын сөздер
Бірге жазылатын сөздер
Тұлғасы
өзгертіліп
барып
біріккен
сөздер
Еш, әр,
кей, бір,
қай, әлде
сөздеріме
н біріккен
есімдік,
үстеу
сөздер
Терминдік
мәнге ие
болған
атаулар
Екі-үш
түбірден
құралған
аң-құс, жан-
жануар,
өсімдік т.б.
атаулар
Екінші
сыңары
аралық,
тану,
сымақ
деген
сөздер
Бірінші
сыңары
фото,
электр, радио,
авто, авиа,
аэро, кино,
гидро, агро,
транс, инфра,
ультра, изо,
гипер
, екінші
сыңары қазақ
сөздері
Екі-үш
сөзден
құралған
кісі
аттары
мен
география
лық
атаулар
Ұлы, қызы
сөздері
фамилияны
және әкесінің
атын
білдіретін
сөздермен
тіркескенде
биыл,
ашудас
ешкім,
біржолата
сөзжасам,
баспасөз,
алыпсатар
қараторғай,
сужапырақ
абайтану,
халықара
лық
аэрошана,
фотосурет
Досжан,
Екібастұз
Б.Момышұлы
Ескерту.
Ақ, қара, қызыл, қоңыр, сұр, шұбар
сияқты сын есімдер аң-құс,
өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады:
ақ аю,
сұр жылан, шұбар бақа
.
Адам аттарының ішінде
бек, хан, мырза, құл, әлі (әли, ғали)
сияқты
сөздермен жасалған есімдердің сыңарлары да әрдайым бірігіп жазылады:
Мырзалы, Тұрсынзада, Әбдуәлі, Құлмұхамбет
.
Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі
-ты (-ті, -ды, -ді)
қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе
-па (-пе, -ба, -бе)
қосымшалы сөз
болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады:
алыпқашпа (сөз),
жүрекжарды (қуанышты хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты (болу),
пышақкесті (тыйылу), баукеспе (ұры)
.
34-жаттығу.
Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырып, ол сөздердің
емлесін есте сақтаңыздар.
Атсалысу, бойұру, тісқаққан, көкезу, ақниет, ақкөңіл, бас тарту,
қырғи қабақ болу, қол жалғап жіберу, алыпқашпа (сөз), жүрекжұтқан,
24
жүрекжарды, қағазбасты, кітапқұмар, қол ұшын беру.
35-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерден бірге жазылған күрделі сөздерді
тауып, ережесін түсіндіріңіздер.
Күн батар алдында да балықшы жігіт сыртқа әлденеше рет
шығып, жар басынан теңіз жаққа көз салған-ды.
(Ә.Н.)
Балықтың
келуі мен кетуі жайында да ұзақ-ұзақ ойлап, әрқашанда уақыттың
қалай өткенін білмей қалатын.
(Ә.Н.)
Әлдеқандай алып күш шала
жанған қамысты сыртқа қарай суыра тартып, пеш көмейі желдеп
гүрілдей жөнелді.
(Ә.Н.)
Бірнеше түйір нанды аузына тықпалап еді, ат
ақырын шайнамалай бастады.
(Ш.А.)
Адамдар арқасына бірдеңені
лақтырып салып, кеудесін қыса әлдебір қайысты жұлқа тартқан кезде
жорға тіпті ары-бері теңселіп те кетті.
(Ш.А.)
Тырп ете алмай
құрсауда тұрған жорғаны әлдекім іздеп жүргендей көрінді.
(Ш.А.)
Бірталай қалың көштерді арттарына салып ап, тура Қарашоқының
тоғайлы өзеніне кіріп, соны өрлеп келеді.
(М.Ә.)
Өйткені ұзамай
Сейдахмет қалаға барады, ақшаның көбі қалалы жерде жұмсалады
ғой.
(Ш.А.)
Былайғы күндері тап осы сәттері Ыстықкөлде ақ кеме
көрінетін.
(Ш.А.)
Абай Құлабестінің басын Көлқайнар жаққа бұра
бере қамшы басты.
(М.Ә.)
Шыңғыстың қара желі өзге уақыттың
бәрінде жақсы болғанмен дәл күздігүні жайсыз-ақ.
(М.Ә.)
Көпшілік
осы қарбаласта болса, Құнанбайдың Қарашоқыдағы ауылы, ас берген
ауылдай, өз әлегімен өзі ұйқы-тұйқы боп жатыр.
(М.Ә.)
Абай өз
әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді.
(М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |