Пунктуациясы



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет143/173
Дата21.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34411
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   173
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0 (1)

237-жаттығу.
 
Бастауыш  пен  баяндауыштың  арасына  қойылатын 
сызықшаны келтіре отырып мамандыққа байланысты әңгіме құрастырыңыздар, 


 
162 
тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
 
238-жаттығу.
 
Мәтіннің  тиісті  жеріне  сызықша  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін дәлелдеңіздер. 
Адамзаттың  ақыл-ойының  даму  жолын  айқындайтын,  көркемдік 
танымының  бағыт-бағдарын  белгілейтін,  өткен  өмірді  қалпына 
келтіріп,  бүгінгі  өмірді  таңбаға  түсіріп,  замандармен,  халықтармен 
бірге  ғұмыр  кешетін  тірі  бейнелер  кейіптеп,  өз  тарапынан  жаңа  бір 
әлем  жасап  шығаратын,  халық  рухы  әбілхаят  нәрімен  сусындап, 
фәниден  озған,  бақиға  бата  алған,  ескірмейтін,  өлмейтін  мерейлі 
шығармалармен  бұ  дүниеде  мәңгі  жасайтын  Жазушы  болу  айрықша 
бақыт.  Үш  дүниенің  сырын  тоқыған,  төрт  тарабын  түгел  таныған 
Қазақ Жазушысы болу он есе артық бақыт. Талабы таудай жан балам, 
көкірегіңде  от  болса,  туған  халқыңды  жан-жүрегіңмен  сүйсең,  сенің 
де  ірі  жазушы,  зор  тұлға  болып  шығарың  күмәнсіз.  Ірі  болмасаң  да, 
ұлы болмасаң да, қатарыңша қызмет жасасаң мұратыңа жеткенің. Ол 
сенің адамдығыңа байланысты. 
Жазушының  адамдық  бейнесі  әділдік,  адалдық,  кісілік  деген 
ұғымдардың  жиынтық  көрінісі.  Қазақ  жалпақ  тілде  «жақсы  адам» 
дейді,  «жақсы  кісі»  дейді.  Жақсы  адамның  бәрі  бірдей  жазушы 
болмайды,  бұл  жалпылық  өлшем,  бірақ  жақсы  жазушының  барлығы 
да жақсы кісі болған. Кісілігі кем жазарман ешқашан да тәуір жазушы 
дәрежесіне  жетіп  көрген  емес.  Өйткені  жазу  ең  алдымен,  кісіліктің 
жемісі.  Тетігін  білмеген  адам  трактордың  өзін  жүргізе  алмайды. 
Жақсылық  пен  жамандықтың  тетігін  айырмаған  жан  қалай  тәуір 
жазбақ. Жаза алмайды, болмайды. 
Қаламгердің  азаматтық  келбеті  яғни  отаншылдық,  ұлтшылдық, 
қаншылдық  бұл  да  кісілікке  жалғас,  дарынмен  бірге  бітетін,  өскен 
орта,  алған  тәрбие  негізінде  қалыпқа  түсетін  қасиет.  Онсыз  тағы  да 
жазушы  жоқ  деп  біліңіз.  Әсіресе,  біз  сияқты  отар  ел  жағдайында. 
Халқын  сүймесе,  ұлттық  намыстан  кенде  болса,  адамдық  қасиеті  де 
жоқ  деген  сөз,  жазушылық  қайда,  дені  түзу  кісі  есебіне  қосу  қиын. 
Қаламгер  аруақтың  аманатын  арқалаушы,  халықтық  рухтың 
жаршысы, яғни ұлттық сана оның шығармашылық бітіміндегі ең игі 
негізгі көрсеткіші болуға тиіс. 
Сонымен,  жазушы  қайдан  шығады  деген  әуелгі  сауалымызға 
қайтып  оралдық.  Бірінші  шарт  дарын  дедік,  ал  бұл  дарынның  туа 
бітетіні  талассыз  ақиқат.  Бірақ  сол  туа  біткен  қасиет  жүзеге  асуы 
үшін тағы қаншама жағдай керек екен. Соның ішінде адамның өзіне 


 
163 
тікелей  байланысты  және  ең  мәнді,  ең  басты  шарт  таудай  талаптан 
серпін алған табанды еңбек. 
Бойдағы  дарын  тәңірінің  сыйы  еңбексіз  келді.  Өзгеше  талай  бақ 
қонды.  Енді  соны  жетілдіру,  жеріне  жеткізу,  кәдеге  асыру  құт 
орнаған  кісінің  өзінің  қолында.  Дарын  Көктен  түсті.  Жеміс  емес, 
тұқым.  Өнер,  оның  ішінде  жазушылық  сол  тұқымның  мәуеге 
айналған  көрінісі.  Екі  арада  ауыр  әрі  қызғылықты,  ақыр  түбінде  бір 
адам емес, бүкіл жұрт үшін, оларды ұлыс үшін игілікті еңбек тұр. 
(М.Мағауин «Мен») 
 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   173




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау