2.
Халқын сүйген – салтын да сүйедi.
Әр халықтың өзінің салт-дәстүрі, сенім-нанымы болады. Ол – халықтың
көне тарихымен бірге жасасып, озығы қалып, тозығы ескіріп ұмытылып
жатады. Салт-дәстүрі жоқ ел болмайды. Қандай ел болмасын өз халқының
салт-дәстүрін сыйлайды, құрметтейді. Халық арасында мынадай аңыз бар:
Ертеде, біздің дәуірімізге дейінгі заманда біздің ата-бабаларымызды жау
шауып ала алмапты. Әскери дағдылары дамығаны сонша жау әскері ортаға
келгенше тиіспей тұрады екен де, олар ортаға келгенде жан-жағынан
шабуылдайтын көрінеді. Сонда түріктердің салт-дәстүрін жақсы білетін бір
азғын, жаудың әскер басына: «Түріктер ата-бабаларының аруақтарын қатты
қадірлейді, егер ата-бабаларының бейітін талқандасаңыз, бүкіл түрік сонда
жиналады. Сол кезде соғыса аласыз» депті.
Достарыңызбен бөлісу: |