24.
Пасық адам паң келер.
Білімді, мәдениетті адам ешқашан да кеудесін көтермейді. Олар
соншама инабатты, қайырымды, қарапайым болады.
1.
«Паң» деген сөздің синонимдерін жазыңыз.
2.
Мақал сізге қандай ой салады?
3.
Мысал жазыңыз. Кейіпкерлеріңіз аңдар болсын.
25.
Асыл тектi балапан ұясында ән салар.
Адамға меңзеп айтылған мақалдың мәні – баланы кішкентай кезінен өнерге
баулу қажет.
1.
Мақалдың ауыспалы мағынасын түсіндіріңіз.
2.
Мақалдың тура мағынасындағы суретті көз алдыңызға елестетіп,
сурет салыңыз, мультфильм сценарийін жазыңыз. Кейіпкеріңз мақал-мәтелді
қолданып сөйлейтін болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |