123
тереңдетуге болады. Оның танаптық ӛнгіштігін арттыру, дер кезінде
біркелкі егін кӛгін алу және соңынан жоғары астық ӛнімін қамтамасыз
ету ҥшін себу тәсілі мен сепкіш маркасына қарамай танапты сепкеннен
кейін бҧдырлы нығыздағышпен тығыздайды.
Себу тәсілі мен мӛлшері.
Ғылыми мекемелер себу тәсілі бойынша
әртҥрлі ҧсыныстар беруде. Біреулері жай қатарлап себу тәсілін ҧсынса,
екіншілері кең қатарлы себу тәсілінің артықшылығын уәжге келтіреді.
Алайда ӛндірістік жағдайда тарыны, әдетте жай қатарлап себеді. Кең
қатарлы тәсіл егістіктің арамшӛптермен ластану қаупі бар танаптарға
ҧсынылады, ӛйткені қатараралықтарды қосымша ӛңдеумен оларды
қҧртуға болады. Жекелеген жылдары таспалы себу тәсілінің
артықшылығы байқалады.
Себу мӛлшері ӛсіру аймағы мен себу тәсіліне байланысты
ӛзгереді. Себу мӛлшері топырақ-климат аймақтарына, тҧқым сапасына
байланысты тӛмендегідей ӛзгереді:
-
Ақмола, Қостанай, Солтҥстік Қазақстан облыстарында жай
қатарлап себу тәсілінде 2,5-3,5 млн/га, ал кең қатарлыда – 1,5-2,0
млн/га ӛнгіш тҧқым;
-
Павлодар облысының бірінші аймағында 1,8-2,0 млн/га екінші
және ҥшінші аймақтарында – 1,2-1,5, ал тӛртіншісінде – 1,2-1,4
млн/га ӛнгіш тҧқым.
Егістікті күтіп-баптау.
Тары егістігін кҥтіп-баптау ең алдымен
арамшӛптерге қарсы кҥресуге бағытталған. Арамшӛптерден таза
танаптарға орналастырғанда мҧндай жҧмыстың қажеті жоқ, ал нашар
алғы дақылдан кейін орналастырғанда тары егістігінде арамшӛптерге
қарсы кҥрес – міндетті агрошара. Ол ҥшін танапта тарының кӛктеуіне
дейін арамшӛп жіпшелері мен топырақ қабыршағын қҧрту мақсатында,
сепкеннен 3-5 тәулік ӛткен соң егістік тырмаланады. Кең қатарлы
егістікте негізгі кҥтіп-баптау жҧмысы 2-3 рет қатараралық
культивацияны қарастырады. Біріншісін егістік толық кӛктегенде және
қатараралықтар анық байқалғанда 4-5 см тереңдікке жҥргізеді. Екіншісін
– 7-8 см тереңдікке, бірінші қатараралық культивациядан 20-25 тәулік
ӛткен соң, ал ҥшіншісі – екіншіден 1,5-2,0 апта кейін, 8-10 см-ге
жҥргізілуі мҥмкін.
Тары егістігінде арамшӛптерді қҧртуға гербицидтерді қолдану да
тиімді шара.
Егінді жинау.
Тарының пісуі бір шашақбастың ӛзінде біркелкі
емес және тамырында тҧрып қалғанда піскен дәндері тез шашылады да
кӛп астық ысырабына ҧрындырады. Оны негізінен бӛлектеп жинаған
дҧрыс. Қырманға тҥскен астықты жедел тазалайды және қажет болса 14
%-дық ылғалдылыққа дейін кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: