Топырақты ҥстіртін және саяз ӛңдеу жолдары мен қҧралдары.
Ҥстіртін ӛңдеу 10 см-ге дейінгі тереңдікке жҥргізілсе, саязы – 20
см-ге дейін. Топырақ ӛңдеудің ҥстіртін (тырмалау немесе малалау,
нығыздау, сыдыра жырту), сондай-ақ ҥстіртін және саяз (культивация,
ҧялау, дискілеу) ӛңдеу тәсілдері бар.
Сыдыра жырту (сыдыру).
Қазіргі кезде сфералы және жайпақ
табақты (дискілі) сыдыра жыртқыштар кеңірек қолданылады. Сфералы
сыдыражыртқыштарды танапты тҧқым себер алдында және сҥрі
жерлерді ӛңдегенде қолданады, ал жайпақтыны – кӛктемгі ылғал
жапқанда. Сыдыра жыртуды жел немесе су эрозиясы болмайтын
аймақтарда астық дақылдарының жинағаннан кейін, сҥрі жерді ӛңдеуге
79
(жатаған бидайықтың тамырсабақтарын аластау ҥшін), тыңайған
жерлердің, кӛпжылдық шӛптердің қыртыстарын жентектеуге кеңінен
қолданылады. Қазақстанның солтҥстігінде сыдыра жыртуды қолдану
шектеулі (жел эрозиясының дамуына байланысты). Топырақты тҧқым
себер алдында ӛңдеуге ылғалды жылдары қарасҧлымен кҥресу ҥшін
қолданылуы мҥмкін. ЛДГ -10, 15,20 сыдыражыртқыштарын 15-20
градустық ӛңдеу бҧрышын қойып пайдаланады. Тҧқым себер алдындағы
ӛңдеуді 30-35 градусқа қояды. Ӛңдеу тереңдігі 6-10 см.
Культивация.
Культивация кезінде арамшӛптер оталады және
ӛңделу қабаты аударылмай қопсытылады. Қазақстанның солтҥстігінде
КПШ-9,11, ОПТ-3-5 культиваторлар-жазықтілгіштері (негізгі ӛңдеуге,
сҥрі жерлерді ӛңдеуге, тҧқым себер алдында паяның 75-80 % сақтау
ҥшін), КПЭ-3,8, КТС-10-01, КТС-10-02 ауыр культиваторлары (сҥрі
жерлерді ӛңдеуге, тҧқым себер алдында 50 % паяны сақтау ҥшін)
қолданыс тапқан. ОП-8, Оп-12 (паяны неғҧрлым толығырақ сақтау
ҥшін). Ӛңдеу тереңдігі 6-12 см.
Тырмалау.
Тырмалау БЗТС-1,0, БЗСС-1,0, БЗСЛ-1,0, ЗПБ-0,6А
тісті тырмалармен (жыртылған және сыдыра жыртылған паялы аңызда,
кӛпжылдық шӛп егістігінде, кҥздік астық және отамалы дақылдарды,
әсіресе жҥгеріні кҥтіп-баптағанда), БСО-4 (топырақ қабыршағын жоюға,
топырақты қопсытуға, арамшӛптер ӛскіндерін жоюға), БИГ-3А, БМШ-
15, 20 шанышқылы тырмалармен (кҥзде ӛңделмеген паялы және
жазықтілгіштермен, тереңқопсытқыштармен ӛңделген топырақтарды)
жҥзеге асырылады. Ӛңдеу тереңдігі 3-4 және 4-10 см.
Нығыздау.
Жоғары қабаттың тығыздалуын және тегістелуін,
сондай-ақ кесектерді, топырақ қабыршақтарын уақытында жарым-
жартылай қопсытылуын қамтамасыз етеді. Сақиналы-буылтықты
шаңтастарды қолданады, себебі олар топырақты аздап шаңдатады.
Нығыздау тереңдігі 10 см дейін. Ерте кӛктемде қарасҧлы ӛскіндерін
ӛршіту ҥшін қолданылады. Тҧқым себілгеннен кейін нығыздау
тҧқымның топырақпен жақсы тҥйісуін қамтамасыздандырады және
тҧқымның ӛнгіштігін 10-15 %-ға дейін арттырады.
Ұялау
– сҥдігер кӛтергеннен немесе сҥрі жерді ӛңдегеннен кейін
аңыз ҥстінде ҧзындығы 1,3 м, ені 0,5 м және тереңдігі 15-20 см ҧялар
жасауға арналған. Қазақстанның солтҥстігінде бҧл тәсіл ықтырма сҥрі
жерде, әсіресе ылдилы (еңісті) танаптарда қар суының біркелкі таралуын
және бір бағытта ағып кетуінің алдын алу ҥшін қолданылады (ЛОД-10,
немесе ПЛДГ-10 айлабҧйымы бар ЛДГ-10 ҧя жасағышты пайдаланады).
Топырақты кҥзде жазықтілгіштермен ӛңдеу (негізгі) паяның
сақталуын, топырақты жел эрозиясынан берік сақтауды, тамыр жайылу
қабатының ылғалмен жақсы қамтамасыздандырылуын, жыртумен
салыстырғанда жоғары және тҧрақты ӛнім алуды қамтамасыз етеді.
Кҥзгі ӛңдеудің негізгі мақсаты қар суының сіңірілгіштігін арттыруға
акрамшӛп тҧқымдарының сіңірілуіне, топырақтың оттекпен қанығуына,
80
топырақтың оңтайлы тығыздығын қҧрауға, нитрификацияның белсенді
ӛтуіне және нитраттардың жиналуына ықпал ету.
Кӛктемгі ӛңдеу кӛктемгі ерте тырмалаудан, аралық және тҧқым
себер алдындағы ӛңдеулерден тҧрады.
Достарыңызбен бөлісу: |