ұсыныс жасаған еді. Идея осылай
қолдануда. Біз оның идеясын қол
ын еместігін көрсетті. Бұл болса,
сына жеткіздік. Балалармен жоба
3
мерзімдеріне сотталған адамдар
осы құқықтан айырылған.
Команда, сотталған адамдар
билік өкілдерін таңдамайынша,
атқамінерлер мен депутаттар
пенитенциарлық жүйеде ештеңені
өзгертпейтіндігіне назар аударды.
Азаматтардың осы санаты
пенитенциарлық электоратқа
кірмейді, егер түзету мекемелерінің
контингенті дауыс беру құқығына
ие болса, жағдай өзгереді.
Сонымен бірге, маған сотталған
адамдардың туыстарына логистика
мәселелерін жеңілдететін жоба да
ұнады. Туысының жабық мекемеде
болуына байланысты онсыз да
күрделі жағдайға тап болған
адамдар, көбінесе, колонияларға
жетуге қиналады: көлік жоқ,
колонияларға апаратын жолдарда
тиісті көрсеткіштер орнатылмаған.
Студенттер осы мәселелерді
түсінікті және ұғынықты
көрсеткіштері бар арнайы
тақтайшаларды жасау арқылы
шешуді ұсынды. ҚАЖК
қызметкерлері осы жобаны
қазіргі бюджетпен де іске асыруға
болатына қайран қалды.
Оның үстіне, зерттеу авторлары
сотталған адамдардың туыстары
үшін вокзалға келген сәттен
бастап, колонияларға дейін
қандай бағдармен және қандай
көлікпен бару керектігі жөнінде
тұтас іс-әрекет алгоритмін де
жасады. Сотталған адамдардың
туыстары колониялардың қақпасы
жанында күні-түні тұрмай, түнеуі,
алыс жолдан кейін тынығып алуы,
сабаға түсуі және таңертең жақын
адамымен кездесуі үшін, балалар
колонияның жанындағы шағын
қонақүйдің жобасын да әзірлепті.
Сондай-ақ, осы жобаның
шеңберінде кездесу бөлмесін
түрлендіру туралы ұсыныс
білдірілді: қазір тығыз кеңістікте бір-
ақ орындық бар, соның салдарынан
басқа келушілер тұруға мәжбүр
болады. Студенттер қабырғаны
қирату арқылы қолданыстағы
алаңды ұлғайту туралы ұсыныс
білдірді.
Басқа команда жабық арнайы
мектепке және Кәмелетке
толмағандарды бейімдеу
орталығына барып келгеннен кейін,
заңмен байланысты проблемасы
бар жасөспірімдер үшін баламалы
жазалау шарасын ұсынатын
жобаны әзірледі.
Болашақ құқық қорғаушылардың
жас буыны мен пенитенциарлық
жүйенің әрекеттегі өкілдерің
бірлескен жұмысының нәтижесі
өзін ұзақ күттірмеді: колонияларға,
тергеу изоляторларына бару,
мекемелердің жұмыскерлерімен
және сотталған адамдармен
әңгімелесу қорытындысы
бойынша, сол сәтке дейін бірде-бір
министр немесе депутат тарапынан
ұсынылмай келген, озық жаңашыл
идеялар жарық көрді.
Capstone project қатысушылары
пенитенциарлық және жалпы құқық
қорғау жүйесіне деген көзқарасын
көп жағдайда өзгертті. Олар
колонияларда ұстау шарттарын
өз көзімен көріп, осал тұстарын
анықтады,
және бұрындары олар түрмені
тормен қапталған шаршы пішінді
ғимарат ретінде елестеткен
болса, жобаның шеңберінде
осы тақырыпқа дендеп енді.
Реалияларды көріп, заңнамада
жазылған мәселелердің көбісі іске
жүзінде жұмыс істемейтінін түсініп,
студенттер реформалардың қажет
екені туралы тұжырымға келді.
Достарыңызбен бөлісу: