1)
университетте ашық ақпараттық, білімділік, коммуникативтік, әлеуметтік кеңістік орнату
арқылы болашақ мамандардың біліктілігін дамытуға әлеуметтік-мәдени кеңістікте өзін-өзі
анықтау, өзін-өзі жетілдіру, тұлғалық, дұрыс жүйелілік құндылықтарды иеленуге және қабілетті,
сауатты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
2)
болашақ мамандардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыру мен ұлттық мәдени мұраларын,
оның салт-дәстүрлерін қадірлейтін, өзге халықтардың мәдениетіне құрметпен қарайтын және
бағалайтын жастарды тәрбиелеу.
3)
өзіндік жасампаз, позитивтік көзқарасы бар, адамгершілігі, жауапкершілігі зор, өз бетінше
өзіне және Отанының игілігіне бағытталған шешім қабылдай алатын және саналы таңдау жасауға
қабілетті жеке тұлғаны, азаматты қалыптастыру.
4)
болашақ мамандардың өмір бойы өз білімін жетілдіру қабілетін, әлеуметтік құзырының
өсуін қалыптастыру және болашақ маманның өзінің рухани, зияткерлік, адамгершілік өміріне,
денсаулығына және өз жағдайын жақсартуға деген жауапкершілігін қалыптастыру, жеке тұлғаның
өзін өзі кәсіби жағынан қалыптастыруына, өзін көрсетуіне жағдай жасау.
5)
болашақ мамандардың корпоративтік мәдениетін қалыптастыру.
Университетте білім алып жатқан педагогикалық мамандық студенттеріне жүргізілген
кәсіби имидждің қалыптасу деңгейін түрлі диагностикалық құралдар арқылы зерттеу негізінде біз
жоғарыда аталған клубтар секілді алдына жағымды имидж қалыптастыруды мақсат еткен
«Болашақ ұстаздар» еріктілер клубын ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл клубтың мақсаты -
болашақ ұстаз - педагогикалық мамандық студенттерінде педагогикалық имидж туралы түсінік
және олардың кәсіби имиджін қалыптастыру, сонымен қатар олардың өз мамандықтарына деген
қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Бұл клуб «Білім беру педагогикасы және
психологиясы» кафедрасы құрамынан ашылды. Қазіргі кезде клуб өз жұмысын толыққанды
атқарып жатыр және алғашқы нәтижелері де сәтті көрінуде. Сонымен қатар аталмыш клубтың
жұмыс жасау кезеңдерін былайша жіктедік:
I.
Дайындық
кезеңі:
студенттер
бойында
кәсіби
имидждің
қалыптасу
деңгейін
диагностикалау жұмыстары, қатысушы мүшелерді анықтау;
II.
Аудиториядан тыс қызметті жоспарлау және бағдарламалау кезеңі;
III.
Аудиториядан тыс қызметті ұйымдастыру және басқару кезеңі;
IV.
Кері байланыс алу, іс-әрекет нәтижелерін анализдеу кезеңі.
Оның жұмыс жоспары негізіне үлгі ретінде төмендегідей іс-әрекеттер жиынтығын алуға
болады (кесте 1):
Кесте 1 – «Болашақ ұстаздар» еріктілер клубында атқарылатын іс-әрекеттер бағдарламасы
1
Клуб
мақсатымен
таныстыру.
Студенттердің
«имидж»,
«педагогикалық имидж» туралы түсініктері мен оған деген
көзқарастарын анықтау (анықтамалық сауалнамалар алу,анкета
жүргізу, әңгімелесу).
2
Студенттер
бойындағы
педагогикалық
имиджін
құраушы
компоненттердің
қандай
деңгейде
екендігін
анықтау(сөйлеу
мәдениеті,тыңдау мәдениеті, қарым-қатынас жасау мәдениеті, т.б.).
3
«Педагогикалық стереотиптер: пайдасы мен зиянлығы» тақырыбында
тренингтер топтамасын жүргізу.
4
«Менің
педагогикалық
имиджім»
тақырыбында
тренингтер
топтамасын жүргізу.
5
«Педагог бейнесі» тақырыбында университет оқытушыларының киім
стиліне 1 апта көлемінде бақылау жасау және қорытындыларын
талқылау.
6
«Жадымда мәңгі сақталар» тақырыбында қысқаша эссе (студент есінде
қалған ұстазы және оның не себепті, қандай қасиеттерімен
сақталғандығы жөнінде, клуб мүшелері арасында талқылау).
7
«Белсенді
студент
–
болашақ
мықты
маман»
тақырыбында
университет түлектерімен кездесу.
8
«Мейірімділік ұстаздың ең басты қасиеті» тақырыбы аясында
қайырымдылық шарасын ұйымдастыру.
9
«Мұғалім имиджі – мұғалім беделі» тақырыбында дөңгелек үстел.
Жоғарыда аталған клуб қызметтерін студенттер қажеттіліктеріне қарай түрлендіруге әбден
болады. Ең бастысы барлық іс-әрекеттердің студенттер тарапынан қолдауға ие болып,
қызығушылықпен, өз қалауларымен орындалуы.
Қорыта айтқанда, аудиториядан тыс қызмет әлеуметтік және тұлғалық маңызға ие,
қоғамнан қолдау табатын өзіндік дамуды практикалық тұрғыдан қанағаттандыратын қызмет түрі
ретінде қаралады. Жоғарыда аталған студенттердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруды мақсат
еткен ұйымдар мен орталықтардың жұмыстарының нәтижелілігін сол ұйымдарға мүше болған
студент жастардың іс-әрекеті мен бейнесінен байқай аламыз. Олардың бойындағы өз
мамандығына деген сүйіспеншіліктері, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас жасай алу ерекшеліктері
мен кәсіби сапалары, көшбасшылық сипаттары оларды өзге қатарластары арасында ерекшелеп
тұратындығы бұған дәлел болып табылады. Олай болса осындай ұйымдар мен түрлі клуб-
үйірмелердің жұмысын одан әрі дамытып, қатысушы суденттер санын арттыру, барынша қолайлы
жағдай жасау оқытушылар мен университет басшылығының алдындағы басты міндеттердің бірі
екендігі даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |