ҚР ЕЖ 1.01-101-2014
IV
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
тілдер туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет,
қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарын және Қазақстан
Республикасының құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау аясындағы басқа
заңдарын орындау үшін әзірленген.
Осы ережелер жинағының негізгі ерекшелігі – библиографияда берілген,
экономикалық дамыған елдердің нормативтік техникалық құжаттарындағы кейбір
терминдер мен анықтамаларды қолданудың есебімен сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы құрылыс ӛнімдерінің белгілері үшін қолданылатын түсініктерді
біріктіру және жіктеу арқылы келісуді, техникалық бірлікті қамтамасыз ету.
|