Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет29/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

82
ТӨРТІНШІ ТАҚЫРЫП
КАНАДАНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:
 жалпы Канада елінің экономикалық жағдайына 
шолу, əлемде алатын орны мен ерекшелігін анықтау, сондай-
ақ қаржы жүйесінің жалпы құрамына кіретін мыналарды: бюд-
жет, салық, банк жүйесін анықтау жəне олардың Канада еліндегі 
ерекшеліктерін анықтап, зерттеп білу. 
Дəріс жоспары:
1. Канада мемлекетінің жалпы экономикалық жағдайы.
2. Канаданың қаржы жүйесі.
3. Канаданың əлеуметтік сала жүйесі.
4. Канаданың салық жүйесі.
Негізгі түсініктер:
 ЖІӨ, экспорт, федералдық, бюджет 
жүйесі, акциздер, бюджеттік процесс, банк жүйесі, білім жүйесі, 
салық жүйесі, корпоративті салық, қосылған құн салығы, 
жеке табыс салығы, салық базасы, салық ставкасы, жергілікті, 
профенциялық.
Тақырыптың мазмұны. 
Канада – Солтүстік Америка-
да орналасқан мемлекет. Британ Ынтымағының құрамына 
кіреді. Солт. Американың солт. бөлігін жəне Ванкувер, Ко-
ролева Шарлотта, Ньюфаундленд, Кейп-Бретон, Антикости, 
Принс-Эдуард аралдарын, Канаданың арктикалық архипелагін 
алып жатыр. Оңтүстігінде жəне солт. батысында АҚШ-пен 
шектеседі. Солтүстігі – Солт. Мұзды мұхит, Батысы – Тынық 
мұхит, шығысы – Атлант мұхиты. Территориясының ауда-
ны 9 984 670 шаршы км.. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 
507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың 
территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді.
Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосқанда) əлемде 
екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең 
үлкен ел болып табылады. 2006 жылы жүргізілген санақтың 
нəтижесі бойынша Канада халқының саны 31 612 897 адамды 


83
құраған. Негізінен, халықтың басым бөлігі иммигранттардың 
есебінен артып отырған. Канадалық халықтың этникалық құрамы 
жағынан ағылшындар алғашқы орында (21%), одан кейінгі орын-
дарда француздар (15,8), шотландықтар (15,2%), ирландықтар 
(13,9%), немістер (10,2%), итальяндар (5%), қытайлар (3,9%) 
жəне украиндар (3,6%). Бұлардан бөлек канадалық абориген-
дер де бар. Олардың үлес салмағы 3,6% болады. Қазіргі кездегі 
деректер бойынша Канада халқының саны 34 миллионға жет-
кен. Канаданың жері ұлан-байтақ болғанымен, халықтың орна-
ласу тығыздығы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие елдердің 
қатарына кіреді. Халықтың орналасу тығыздығының орташа 
көрсеткіші: бір шаршы км-ге 3,3 адамнан ғана келеді. Халық көп 
орналасқан аймақ ретінде Оңтүстік Квебек Сити қаласында жəне 
Виндзор қаласында көптеп шоғырланған. Оның себептерінің 
бірі ретінде бұл аймақтағы түрліше индустрия салаларының да-
муын айтуға болады.  Қала халқы 77,9% (1996). Ресми тілдері – 
ағылшын жəне француз тілі. Тұрғындары христиан дінінің като-
лик жəне протестант тармағын ұстанады. Канада парламенті – 
монархия. Британ достастығына кіретін федерация болғандықтан 
Ұлыбритания королі (королевасы) формальды түрде  мемлекет 
басшысы болып табылады (1952 жылдан – Елизавета ІІ). Ол Ка-
нада примьер-министрінің ұсынысымен 5 жыл сайын генерал-
губернатор тағайындайды. Жоғары заң шығарушы орган – екі 
палатадан (Сенат пен Қауымдар палатасы) тұратын парламент. 
Сенат мүшелерін премьер-министрдің ұсынысымен генерал-
губернатор тағайындайды. Үкіметі премьер-министр басқарады 
(1997 жылдан – Жан Кретьен). Оған өте кең құқықтар берілген. 
Ол – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы. Ел əкімшілігі жағынан 
10 провинция мен 3 территориядан тұрады. Астанасы – Отта-
ва қаласы, ақшасы – Канада доллары. 
 
 
 
 
Канада халқының əл-ауқаты жағдайы жағынан əлемдегі ең 
алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Канада əлемнің дамыған «Үлкен 
сегіздік» елдерінің қатарына кіреді, «Экономикалық əріптестік 
жəне даму халықаралық ұйымының» мүшесі болып табыла-
ды. АҚШ-қа қарағанда Канаданың экономикалық «күші» аздап 
төмендеу. Есесіне, көптеген Батыс Еуропа елдерінікінен жоғары. 
Канада əлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа 
кіреді. Елдің басты импорттайтын тауарлары АҚШ, Ұлы Бри-


84
тания жəне Жапония елдеріне тасымалданады. 2008 жылғы 
Канаданың импорттаған тауарларынан түскен ақшасы $442.9 
млрд. болады. Оның ішінде $280.8 млрд. АҚШ-тан, $11.7 млрд. 
Жапониядан жəне $11.3 млрд. қаржы Ұлы Британиядан түскен. 
2009 жылғы қазан айындағы деректерге сай, елдегі орташа 
жұмыссыздық көрсеткіші 8,6% болған. 2008 жылы Канаданың 
мемлекеттік қарызы Үлкен сегіздік елдерінің арасындағы ең 
төмен көрсеткішті көрсеткен. Канаданың экономикалық секто-
рын үлкен жетістікке жеткізіп отырған тау-кен өндірісі, мұнай-газ 
саласы, ауылшаруашылық саласы жəне қызмет көрсету салалары 
болып саналады. Жұмысшылардың ¾ бөлігі осы қызмет көрсету 
саласында жұмыспен қамтылған. Бидай мен астық тұқымдас 
дақылдарды үнемі шет елдерге сатып отырады. Елдің солтүстік 
аймақтарында ауыл шаруашылығы климаттық жағдайларға бай-
ланысты дамымаған. Экспортының 81%-ы АҚШ-қа шығарылады 
жəне негізінен автомобильдер, құрал-саймандар, ағаш өнімдері, 
қағаз, шикі мұнай, табиғи газ, аллюминий, мұнай мен тас көмір 
өнімдері, бидай өнімдерінен тұрады. Импорттың  76,3%-ы АҚШ-
тан əкелінеді жəне негізінен автомобильдер, жолаушылар вагон-
дары, компьютерлер, телекоммуникация құралдары, азық-түлік 
өнімдерінен тұрады. Халқының 73,1%-ы тұтыну салаларын-
да, 22,8%-ы өнеркəсіп, 4,1%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс 
істейді. Жерінің 4,9%-ы ауыл шаруашылығына пайдаланылады, 
астық өнімдері өсіріледі жəне мал шаруашылығы жақсы дамыған. 
Негізгі  сауда серіктестіктері: АҚШ, Батыс Еуропа Елдері, Жа-
пония, Қытай, Мексика, Оңтүстік Корея елдері мен Қазақстан 
арасындағы дипломатиялық  байланыс 1992 жылы 10 сəуірден  
бастап орнатылды. 1996 жылы 25 қыркүйекте 2 жақты салықтан 
босату жөнінде конвенцияға қол қойылды.  Қазақстанда 30-ға 
жуық компаниялар жұмыс істейді. Оның ішінде ірілері «Харри-
кейн Кумкойль», «СНС – Левалин Интернэшил» мұнай-газ сала-
ларында, «КАМЕКО», «Уран Эрц» уран экспорты жөнінде, «Ве-
стерн комбайн», СП «Аквест» ауыл шаруашылығында тағы да 
сол сияқты. Сонымен қатар ғылым мен мамандар алмасу салала-
рында да көптеген келісімдер бар.
Елдің табиғат байлықтары мол: мұнай, табиғи газ, көмір, мыс 
(əлемде 3-орында), никель (2-орын), қорғасын (5-орын), цинк 
(əлемде 1-орында), темір, алтын, уран, т.б. Мырыш пен уран, 


85
сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металлдар Канадада 
көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден əлемде екінші орын алады. 
Оңтүстік Онтарио мен Квебек провинцияларында автокөлік жа-
сау мен əуе жəне ғарыштық техникалар индустриясы дамыған.
Орман жəне ағаш өңдеу шаруашылығы бойынша Канада 
əлемде үшінші орынды иеленеді (Ресей мен Бразилиядан кейін). 
Мемлекеттің жартысынан астам территориясының көлемін ор-
мандар алады. Бұл өз кезегінде елге ағаштарды қайта өңдеу 
нəтижесінде жоғары сапалы қағаздар алуға мүмкіндік береді. 
Соның салдарынан Канада əлемдегі ең ірі қағаз бен қағаз 
өнімдерін өндіруші жəне экспорттаушы елдің бірі болып табы-
лады. Канаданың ормандары қағаз өндірісінен басқа құрылыста 
кеңінен қолданысқа ие.  
Канаданың тек 7% жер аумағы ауыл шаруашылығына жарам-
ды болып келеді. Бірақ бұл өз кезегінде Канаданың əлемдегі ең 
ірі ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізушілердің бірі болуына 
кедергі болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа Кана-
да сонымен қатар балық жəне теңіз өнімдерін де экспорттайды.
Мұнда химия өнеркəсібі де өте жақсы дамыған. Оның ішінде 
синтетикалық каучук, минералды тыңайтқыштар, пластмасса жа-
сау, резина өнімдерін жасау қарқынды дамуда. 
Канаданың төл валютасы – канадалық доллар (CAD). 5, 10, 
20, 50 жəне 100 долларлық купюралар бар. Монеталары 1, 5, 10, 
25 центтік жəне 1-2 долларлық болып шығарылады.
Канадада 6−7 жастан бастап 15−16 жасқа дейін мектеп-
терде білім алу міндеті бар. Ол үшін мемлекеттік қаржыға осы 
процесті іске асыру мақсатында қыруар қаржы бөлінеді. Кве-
бек провинциясында кейбір колледждер де мемлекет тарапынан 
қаржыландырылатын болғандықтан, оқу ақысы айтарлықтай 
қымбат емес. Канадада білім берудің бірыңғай мемлекеттік 
жүйесі жоқ. Əр провинция өзінің жеке білім беру жүйесін 
құрады. Мұнысына қарамастан, барлығы орталық үкімет тарапы-
нан қаржыландырылады. Жыл сайынғы мемлекеттің жұмсайтын 
қаржыларының 20% білім беру саласына тиесілі. Жоғарғы оқу 
орындарындағы студенттердің оқу ақысын өтеуі үшін мемле-
кет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі. Студенттер мемле-
кеттен төменгі пайыздық көрсеткішпен несие ала алады. Про-
винцияларда да осыған ұқсас студенттерді қолдау жүйелері бар.


86
Канада үкіметі 2000-2010 жылдар аралығында мемлекеттік 
білім беру гранттарын тағайындады. Осы бағдарлама аясында 
100 мың студент мемлекет тарапынан жыл сайын 3000 доллар 
сомасындағы шəкіртақыны алады. Шəкіртақы бес жылға дейін 
беріледі. Канаданың білім беру саласына жұмсайтын қаржысы 
жан басына шаққанда əлемдегі ең жоғарғы көрсеткішке жетеді. 
Халықтың білімінің жақсы болуы елдің атағы мен ол елде 
интеллектің бағаланатындығына дəлел бола алады.
Канадада табыс салығы туралы бірінші əскери Заң 1917 
жылы елдің бірінші дүниежүзілік соғыстағы шығындарын 
қаржыландыру мақсатында қабылданды. 1948 жылы табыс 
салығы туралы Заң қабылданып, 1972 жылы оған маңызды 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 1981 жылы салық салу 
саласында үлкен реформалар жүргізу жобаланған Үкімет 
бағдарламасы қабылданды. Нəтижесінде 1988 жылы реформаның 
бірінші кезеңі табыс салығына байланысты өткізілді. Бұл ре-
форма нышандары жағынан 1986 жылы өткізілген АҚШ ре-
формасына ұқсас болды. Ол реформа бюджеттің негізгі кіріс 
көзін құрайтын табыс салығы мен пайдаға салынатын салыққа 
қатысты көптеген өзгерістерді қамтыды. Осы реформаның нəти-
жесінде осыған дейін федералдық деңгейде қолданылған та-
быс салығының он ставкасының орнына үш салық ставка-
сы енгізілді; көптеген салық жеңілдіктері салық разрядтары-
на ауыстырылды; экономиканың əр түрлі саласы үшін салық 
ауырт 
палығы оңайлатылды, провинциялық деңгейдегі табыс 
салығына ставка тағайындау жергілікті орындарға берілді, т.с.с.
Канаданың салық жүйесі үш деңгейден тұрады:
– Федералдық (мемлекеттік бюджет кірісінің 48 пайызын 
құрайды);
– Профенциялық (мемлекеттік бюджет кірісінің 42 пайызын 
құрайды);
– Жергілікті (мемлекеттік бюджет кірісінің 10 пайызын 
құрайды). 
– Федералдық бюджет кірісінің басым бөлігін халықтан алына-
тын табыс салығы, əлеуметтік сақтандыру қорына салық құрайды. 
Одан кейін федералдық Үкімет дотация түрінде салықтық түсім-
дерді провинциялар арасында бөледі. Провинциялық кірістердің 
негізгі бөлігі:
– сатуға салынатын салық;


87
– корпорация табысына салынатын салық;
– акциздер;
– мұра мен сыйға салынатын салық тəрізді көздерден құра-
лады.Жергілікті бюджеттің кірісі негізінен мүлікке салынатын 
салық пен кəсіпкерлікке салынатын салықтан тұрады.Бұл елде 
салықтық реттеудің нақты жүйесі қалыптасқан. Салық саясатын 
Қаржы министрлігінің бюджеттік саясат жəне экономикалық тал-
дау бөлімі жасайды. Салықтардың уақытылы жəне толық көлемде 
бюджетке түсуіне Ұлттық кіріс министрлігі қадағалау жасай-
ды. Салыққа қатысты туындайтын даулы мəселелер Салық соты 
деңгейінде шешіледі. Салық саласына қатысты мəселелердің 
құқықтық негізін «кіріске (табыс) салынатын салық туралы», 
«Жұмыссыздықтан сақтандыру туралы», тəрізді заңдар мен 
заңнамалық актілер құрайды. Халық тура жəне жанама салықтар 
төлейді. Тура салықтарға табыс салығы, капитал өсіміне салы-
натын салық, жылжымайтын мүлікке салынатын салық, отын 
салығы, т.б. жатады. Салықтардың көпшілігі федералдық жəне 
провинция деңгейінде төленеді.
Канаданың сымсыз байланыс өнеркəсібі телерадио хабар-
лар тарату жəне негізінен сымсыз байланыс жабдықтары үшін
қондырғыларды жаппай өндірумен айналысатын компаниялар дан 
құралады. Оның өнімдері тарату жəне қабылдау антенналары -
нан, кабелді теледидар қондырғыларынан, GPS спутникті жал-
пы позициялау жүйесіне арналған қондырғылардан, пейджер 
-
лерден, ұялы телефондардан, спутникті қондырғылардан, ұялы
байланыс қондырғыларынан, сондай-ақ телерадио хабарла-
рын таратуға арналған студиялық жəне хабарлар тарату қондыр-
ғыларынан тұрады. Сымсыз технологиялар саласында Канада 
ұялы қондырғылар, ақпарат таратуға арналған ұялы құрылғылар, 
қолданушылардың түпкілікті құрылғылары (СРЕ), бағдарламалық 
анықталатын байланыс құрылғылары (SDR) жəне сымсыз кең 
жолақты байланыс құрылғылары (WiMAX) сияқты шешуші сала-
ларда танымал болды. Accenture компаниясының есебіне сəйкес, 
Канада электрондық сервистердің даму деңгейі бойынша əлемде 
бірінші орынды алып отыр. IТ-технологиялардың көмегімен Ка-
нада азаматтарына көрсетілетін қызметтердің сапасын артты-
ру тапсырмасы ел үкіметі қызметінің ең маңызды бағыты бо-
лып саналады. Бағдарламалық құжаттарда Канада үкіметінің 


88
ресми мақсаты мынадай сипатта тұжырымдалған: «елдің кез 
келген нүктесінен кез келген уақытта онлайн режимде үкімет 
органдарының ақпараты мен қызметтерін қолдануға қол жеткізу 
мүмкіндігі бар, өз азаматтарымен тығыз байланысқан үкімет 
ретінде бүкіл əлемге танымал болу». 1994 жылы Қазынашылық 
Секретариаты (Treasury Board Secretariat) негіз болатын құжатты 
жариялады: «Ақпараттық технологияларды қолданумен үкімет 
қызметін жаңғырту жоспары» (Blueprint for Renewing Government 
Services using Information Technology). Ал 1999 жылы Канада 
үкіметі 2004 жылға дейін үкіметтің барлық қызметтерін Интер-
нет арқылы көрсетуді қамтамасыз ету міндетін қабылдады. Ка-
надада орталық үкіметтің IТ бюджеті 1999 жəне 2000 жылдары 
3 млрд. долл. құрады, ол жалпы орталық бюджеттің 2%-ын жəне 
1,9%-ын құрады. 1994 жылы электрондық сервистерді дамыту 
тұжырымдамасын жариялағаннан кейін, ірі IТ-жобаларды басқару 
мен іске асыруда елеулі проблемалар туындады. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жо-
спарлау жəне басқару − Enhanced Management Framework (EMF) 
ортақ əдістемесі енгізілді. EMF құру мен енгізудің мақсаты 
ірі IТ жобаларды іске асыруда көмек көрсету жəне табысты 
жобалардың пайызын арттыру болды. EMF тұжырымдамасы 
жобаның техникалық шешімінің қойылған бизнес-міндеттерге 
сəйкес болуына қол жеткізуге жəне жобаларды бюджет шегінде, 
мерзімінде жəне толық қызметтік мүмкіндіктермен іске асыруға 
бағытталған. Өзінің даму шамасы бойынша EMF, сондай-ақ 
неғұрлым əлеуетті жобаларды іріктеуге жəне іске асырылатын 
жобалардың ұйымның өзгеретін бизнес мақсаттарына сəйкестігін 
үнемі бақылауға бағытталған жобалар портфелін басқарудың 
процедураларын жəне тетіктерін қоса бастады.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау