Р.Қ. Елшібаев кәсшкерлік қызметті үйымдастыру оқу қүралы o h o m u k a б а с п а с ы алматы 2009


  Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет50/258
Дата04.01.2022
өлшемі7,96 Mb.
#31746
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   258
Елшібаев

42 
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы  еңбек  нэтижелілігіне  еңбекті  ұтымды  ұйым- 
дастыру  тікелей  эсер  етеді.  Кэсіпорында  еңбекті  ұйымдастыру 
қолайлы  еңбек  жағдайын  жасауға  жэне  кәсіпорын  табысын  арт- 
тыруға  бағытталған.  Еңбекті  ұйымдастырудың  негізгі  бағыттары 
ретінде келесілерді атауға болады:
•  еңбекті бөлу мен үйлестірудің ұтымды нысандарын әзірлеу 
жэне енгізу;
мамандарды  іріктеуді,  даярлауды,  қайта  даярлауды,  білік- 
тілігін арттыруды ұйымдастыру;
жұмыс  орындарында  еңбекті  ұйымдастыру  жэне  оған 
қызмет көрсету;
•  еңбекті нормалау;
•  еңбекақы төлеуді ұйымдастыру;
•  еңбек жағдайын жақсарту.
Еңбекті  ұйымдастырудың  маңызды  элементтерінің  бірі 
еңбекті  нормалау  болып  табылады.  Еңбекті  нормалаудың  негізгі 
мақсаттарының бірі -  қажетті еңбек шығындары мен нәтижелерін 
анықгау.  Шығындар  мен  нәтижелер  өндіріс  пен  басқарудың, 
еңбекті  ұйымдастырудың  айтарлықтай  тиімді  нұсқаларымен 
сәйкес келуі керек.
Кәсіпорында  еңбекті  нормалау  өнімнің  жоспарлы  еңбек 
сыйымдылығын  анықтауға,  қажетті  жұмыскерлер  санын  есептеу- 
ге,  еңбек  нәтижелерін  бағалауға,  материалдық  ынталандыру  мен 
жалақы қорын белгілеуге жэне т.с.с. мүмкіндік береді.
Кэсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру үш өзара байла- 
нысты  және  өзара  тэуелді  элементтермен  анықталады.  Олар:  та­
рифны жүйе, еңбекті нормалау жэне еңбекақы төлеу нысаны.
Тарифтік  жүйе  әр  түрлі  топтар  мен  категориялардағы  кыз- 
меткерлердің  еңбегінің  күрделілігін,  мэні  мен  жағдайын  ескере 
отырып, еңбекке ақы төлеу мөлшерін саралау үшін пайдаланылады. 
Яғни, еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, мүнда қызметкерлердің 
жалақысы тарифтік ставкалар жэне тарифтік кестелер негізінде са- 
раланып  айқындалады.  Ол тарифтік мөлшерлеме  (ставка),  тариф- 
тік кесте (тор) және тарифтік разряд сияқты маңызды элементтерді 
қамтиды.


Тарифтік  мөлшерлеме  -   қызметкердің  уақыт  бірлігі  ішінде 
белгілі  бір  күрделіліктегі  (біліктіліктегі)  еңбек нормасын орында- 
ғаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері. Ол сағаттық, 
күндік, айлық жэне жылдық болуы мүмкін.
Тарифтік  кесте  (тор)  дегеніміз  орындалатын  жұмыстардың 
күрделілігі 
мен 
қызметкерлердің  біліктілік  сипаттамалары 
бойынша  саралауды  көздейтін  тарифтік  разрядтар  мен  тариф- 
тік  коэффициенттердің  жиынтығы.  Ал,  тарифтік  разряд  еңбектің 
күрделілігін және жұмыскердің біліктілігін көрсететін көрсеткіш.
Тарифтік  жүйе  бойынша  еңбекақы  төлеу  кезінде  бірыңғай 
тарифтік  кестеге  (торға)  сүйенеді.  Бірыңғай  тарифтік  кесте- 
де  қызметкерлердің  разрядтарының  тарифтік  коэффициенттері 
көрсетіледі.  Ол  бірінші  разрядтағы  жұмысшылардан  басталып, 
басшылардан аяқталады.
Бірыңғай  тарифтік  торда  21  разряд  бар.  Бұл  разрядтар  мен- 
шік,  шаруашылық жүргізу  нысанына  жэне  бюджеттік ұйымдарға 
жатқызылуына  қарамастан  барлық  кәсіпорындар  үшін  арналған. 
Ол келесі түрде бөлінген:
• 
1 -8 разрядтар бойынша -  жұмысшыларға төлемдер;
•  6-15 разрядтар бойынша -  қатардағы қызметкерлер;
•  4-11  разрядтар бойынша -  орта білімді мамандар;
•  7-15 разрядтар бойынша -  жоғары білімді мамандар;
•  10-20  разрядтар  бойынша  -   кәсіпорынның  басшылары, 
бөлімдердің, функционалдық қызметкердің басшылары;
•  9-21  разрядтар бойынша -  ғылыми қызметкерлер.
Жалпы алғанда еңбекақы төлеуге арналған бірыңғай тарифтік
торды келесі кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте):

жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   258




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау