1-тарау. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздері
31
Өндірістік жоспар.
Бұл бөлімде барлық өндірістік және өзге де үрдістер си-
патталады. Оның негізгі міндеті әлеуетті әріптестерге және
инвесторларға кәсіпорынның белгіленген мерзімде белгілі бір
сапада және қажетті көлемде өнім өндіре алатындығын көрсету
болып табылады.
Өндірістік жоспарды әзірлеу кезінде мынадай мәселелерге
талдау жасалуы тиіс:
- қолданылатын техника мен технология (қандай техника
мен технологияны қолдану жоспарлануда, жаңа техника-
лар мен технологиялар, құрал-жабдықтар, патенттер, ли-
цензиялар сатып алу қажеттілігі жэне оларға жұмсалатын
шығындар мөлшері);
- өндірістік база (жылдар бойынша өндірістік қуатын, пер-
спективті өндіріс көлемін, олардың өздерінде бар құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілуін есептеу,өндірістік база-
ны арттыру мүмкіндігін анықтау);
- шикізаттар мен материалдар, энергия (шикізаттармен,
материалдармен, косалқы бөлшектермен, жылу мен энер-
гияның барлық түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі
нақты деректер мен байланыстар, оларға жұмсалатын жал-
пы шыгындар);
- өнім өндіруді қамтамасыз ету және шығындарды бол-
жау (өнім өндірудің болжанған көлемін ресурстармен
қамтамасыз етудің сызбасы беріледі және оны өндіруте
қажетті шығындар сомасына болжам жасалады, өнім сапа-
сын жақсарту, техникалар мен технологияларды, өндірісті
ұйымдастыруды жетілдіру бойынша перспективті іс-шара-
лар дайындалады);
- еңбек ресурстары (жұмысшы мамандардың болуы, оларға
қажеттілікті анықтау, олардың біліктілігі, жұмысшыларды
тарту нысандары, оқытуға жұмсалатын шығындар, еңбек
жагдайы ескеріледі);
- тұракты және айнымалы өндірістік шыгындар (осы
шығындарға кіргізілетін баптар нактыланады, есептеулер
жасалады жэне олардың өзгеру сипаты көрсетіледі);
32
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
- экологиялық қауіпсіздік (қоршаған ортаны қорғау бойын-
ша іс-шаралар, оларды орындауға жұмсалатын шығындар
жэне тиімділігі есептеледі).
Өнім өндіруді болжау өндірістік құрылым мен маркетингтік
жоспарға сүйенеді. Негізгі міндет нарық конъюнктурасы мен са-
тып алушылар сұранысын ескеретін, жаңашылдық енгізуге мүд-
делі жэне тұтынушыға жүмыс істейтін өндірісті қалай үйымдас-
тыру керектігін білу болып табылады. Сонымен өндірістік жос-
парда өндірістік ағындар көрнекі түрде көрсетілуі керек. Яғни,
өндіріске қажетті шикізаттар мен материалдар, қосалқы бөлшек-
тер қай жақтан жэне қалай келетіндігі, қандай мақсатта және қа-
лай пайдаланатындығы, өндірілген өнім қайда жэне қалай жібері-
летіндігі айқын сипатталуы тиіс.
Тәуекелді бағалау.
Кез келген (эрбір) жаңа жобаны жүзеге асыру кезінде белгілі
бір қиындықтарға үшырауы мүмкін. Кәсіпкерлер үшін осындай
қиындықтарды алдын ала көре білу жэне оларды жою жөнінде
алдын ала стратегиялар әзірлей алу өте маңызды. Осыған байла-
нысты бизнесті іске асыру кезінде кездесуі мүмкін проблемалар-
ды анықтап, тәуекел дәрежесін бағалау қажет. Бизнес-жобаның
тәуекелімен байланысты негізгі сәттер объективті жэне қарапайым
түрде сипатталуы керек. Қауіп-қатерлер бэсекелестерден, өндіріс-
тік саясат жэне маркетинг облысындағы жіберген кемшіліктер-
ден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындауы
мүмкін. Сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресс те белгілі
бір шамада эсер етеді. Егер кэсіпорын үшін аталған факторлардың
ешқайсысы қауіп төндірмейді деп есептелсе, онда әрқайсысына
жеке-жеке тоқталып, қобалжуга болмайтындығын негіздеу
қажет. Қандай да бір қауіп-қатерлер ойламаған жерден туындаған
жағдайда болуы мүмкін тәуекелді сэттен шығу жолдары жэне
іс-әрекет стратегиясы алдын ала әзірленгені жөн. Баламалы
бағдарламалар мен стратегиялардың болуы мүмкін қиындықтар
туралы білетіндігін жэне оған дайын екендігін көрсетеді.
Қ арж ы лы қ жоспар.
Бүл бөлім бизнес-жоспардың соңғы жэне кәсіпорын қызметінің
нәтижесін қорытындылаушы бөлім болып табылады. Ол ұсы-
|