1-тарау. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздері
11
өндірістік кооператив жэне акционерлік қоғам. Мұның барлығы
жеке меншік нысанында жүзеге асырылса (акционерлік қоғамдар
жеке меншікте ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік меншікте де
бола алады), кәсіпорынның тағы бір ұйымдық-құқықтық нысаны
- мемлекеттік кэсіпорындар мемлекеттік меншікте болады жэне
мемлекеттік кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыруы
мүмкін.
1 -сурет. Кәсіпкерліктің жіктелуі
12
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық
жэне халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай
өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда жэне басқа да салалар
бойынша бөлінеді.
Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай кәсіпкерлік өндірістік,
коммерциялық, қаржылық жэне кеңес берушілік болып бөлінеді.
Олар өз ішінен тағы бірнеше түрге бөлінуі мүмкін. Бірақ біз ірі
топтамасы бойынша ғана қысқаша тоқталайық.
Өндірістік кәсіпкерлік -
бүл кәсіпкерліктің айтарлықтай
маңызды түрлерінің бірі. Мұнда өнім өндіру немесе қызмет көрсету
(жұмыс орындау) жүзеге асырылады жэне одан әрі дайын өнімді
(қызметті, жұмысты) түтынушыларға сатуды көздейді. Өндірістік
кәсіпкерлік материалдық өндіріс сферасында іске асырылады.
Сондықтан өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып
саналады. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер ең алдымен қандай
өнім өндіру (қызмет корсету, жүмыс орындау) жэне оны кім үшін
өндіру керектігін білуі керек. Яғни, маркетингті жетік меңгергені
дүрыс. Сонымен бірге өзінің иелігінде өндіріс факторларының
болуы жэне оны үтымды пайдаланудың маңыздылығы жоғары.
Әсіресе, елімізде қазіргі кезде нақ осы өндірістік кәсіпкерлікті
дамытуға жэне қызмет тиімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар
аударылып отыр.
Коммерциялыц кәсіпкерлік
өндірілген өнімді (қызметті, жұ-
мысты) сатумен жэне оны сату-сатып алу келісімшарты негізін-
де тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты, яғни тауар-
лы-ақшалай, саудалық-айырбас операцияларымен сипатталады.
Мүндай қызмет нақты тұтынушылармен тікелей байланысты
болатындықтан өзгермелі қажеттіліктерге тез бейімделеді жэне
мобильді болады. Коммерциялық кәсіпкерлікті дамыту үшін мы-
надай екі шарттың сақталуы қажет: сатылатын тауарларға салыс-
тырмалы түрде түрақты сұраныстың болуы жэне өндірушіден та-
уарды едәуір томен бағаға сатып алу мүмкіндігі. Ол сатушыларға
сату шығындарының орнын толтыруга және қажетті табыс көлемін
алуға мүмкіндік береді. Коммерция өзінің бастапқы мағынасында
сауда ұғымын білдіреді, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау,
|