C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет8/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

жобалау 
қызметінің    әлеуметтік  контекстінде
  қаралып,  әлеуметтік 
болжау  мен  жоспарлауға  қарама–қарсы  қойылуынан 
байқалады.  Бұл  жерде  бір  топқа  әлеуметтік  жобалауды 
болашақта  жетуді  кӛздейтін  идеалдық  түрдегі  алдын  ала 
жасалатын  рескрептивтік  модель  деп  есептейтіндер  алынса, 
келесі 
топ 
ӛкілдері 
әлеуметтік 
жобалау–әлеуметтік 
объектінің  болашақта  қажет  болатын  бейнесі  деп  санайды. 
Үшінші  топ  ӛкілдері  жоғарыда  келтірген  түсініктерді 
жинақтай  отырып, 
әлеуметтік  жобалау  әлеуметтік 


 
25 
басымдық  әрекеттер  болуы  тиіс,    ӛйткені,  ол  белгілі  бір 
әлеуметтік  ортаны  идеалдарға  сәйкес  қайта  жаңғырту 
қызметін  атқара  алады
  деп  түсіндіреді.  Сонымен  қатар, 
олар 
әлеуметтік-педагогикалық 
жобалаудың 
ғылыми 
контекстін жасаудың ӛзектілігін ұсынады. 
           
Жобалауды 
ой-әрекет 
жүйесі 
әдіснамасы 
негізінде  қалыптасатын  басқару  қызметі  ретінде  жүзеге 
асыру 
идеясы

Жобалау 
әуел 
бастан 
техникалық 
объектілердің  құрылымдық  қамтамасыз  етілуіне  қатысты 
қызметтер  атқарды.  70-жылдардың  басында  жобалау 
теорияларының 
тенденцияларын 
зерттеу 
барысында 
ғалымдар әлеуметтік,  әлеуметтік-психологиялық жүйелерде, 
соның ішінде білім беруде жобалауды қолдануға болатынын 
атап  кӛрсетті.  Осы  кездері  әрекет  теориясының  негізінде 
қоғамдық  жүйелерді  жаппай  жобалаудың  әдіснамалық 
негіздерін  құрастыра  бастады.  Осылайша  жүйелі  ой  - 
әрекеттері әдіснамасы негізінде әрекеттің күрделі жобаларын 
жасау 
құралдары 
пайда 
болды. 
Жобалаудың 
эпистемологиялық  тәсілі  ретінде  50-жылдары  Москвадағы 
логикалық үйірмеде құрастырылған мазмұндық-генетикалық 
логика алынды.   
Жүйелі  ой-әрекеттері  әдіснамасы  негізінде  жобаланған 
әрекетті имитациялық - ойын түрінде кӛрсетудің әдістемесі – 
ұйымдасқан  әрекеттік  ойындар
–бүгінгі  күні  алдыңғы 
қатарлы  ресейлік менеджмент тәжірибесінде кең қолданыста 
жүрген    «ОДИ  –  организационно-деятельностные  игры»  – 
ұйымдастырушылық  -  әрекеттік  ойындар  атымен  белгілі 
әдістеме жасалды. Аталған жүйелі ой-әрекеттері теориясына 
сай жобалау қызметінің  дамытушылықты кӛздейтін идеясы 
тұжырымдамалық  және  технологиялық  түрде  дәлелденген. 
Осыған  орай,  жүйелі  ой  -  әрекеттері  әдіснамасы  дамыту 
принциптерін табиғи немесе әлеуметтік ортада болып жатқан 
үрдістердің кейбір кӛріністері ретінде емес, қоршаған ортаны 
түсінуді  ұйымдастыратын  орта  ретінде  қарастырылуын  ең 
алдымен талап етеді. Аталған принципке  сәйкес дамытудың 
жалпы  сипаттамасы
  белгілі  бір  жүйенің  осы  кездегі 
жағдайымен  салыстырғанда  жобаланып  отырған  болашақ 
жағдайының  басым  тұрған    құндылық  екенін  мойындауды 
білдіреді
. Бұл жерде жобалаушыға  даму қадамдарын жүзеге 


 
26 
асырушы  «белсенді  агент»  позициясы  беріледі,  оның 
санасында  ӛзінің  мақсаттық  -  құндылықтық  ұстанымдары 
негізінде болашақтың бейнесі пайда болады және бекітіледі. 
Осылайша,  жобалаудың  ең  басты  операционалдық 
ерекшелігі

оның  қайта  құрулар  мен  жаңғыртуларға 
бағытталғандығында.  Жобалау  белгілі  бір  объектіні  жаңа 
түрге  айналдырып,  оны  қайта  жаңғырту  қызметін 
атқарады. 
Осыған сәйкес

жобалаудың  басқарудың ерекше 
қызметі ретінде дамытудың маңызы зор екені дәлелденуде. 
Әлеуметтік  жүйелерде  қазіргі  ӛркениеттік  дағдарысқа 
рефлексия ретінде ӛндірістік қызмет салаларында (әкімшілік 
басқару,  ӛндіріс  технологиялары  т.б.)  және  ӛндіріспен 
байланысы  жоқ  салаларда  –  театр,  бейнелеу  ӛнері,  әдебиет, 
философия,  жаратылыстану  ғылымы  және  педагогикада 
жалпы  ғылыми  және  арнайы  сипаттағы  әдіснамалық 
проблемаларға қызығушылық пайда болды. Жекелеген және 
бӛлек-бӛлек  сипаттағы  ӛзгерістерді  кӛздейтін    дәстүрлі 
әрекеттерге қарағанда жаңа әдістердің ерекшелігі  пәнаралық 
байланыстарды  және  тұтастықты  кӛздейді.  Олар  бір 
жағынан, дәстүрден тыс әдістер, екінші жағынан  – адамның 
жеке тәжірибесіне бағытталған әдістер.  
Осылайша, 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау